Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы


Платонның мемлекет, билік туралы саяси ойлары



Pdf көрінісі
бет5/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ

Платонның мемлекет, билік туралы саяси ойлары. 
Платон /б.з.д.427-347жж/ 
«Мемлекет», «Заң» деген еңбектерін адамзат қоғамына арнаған, онда ол өз 
көзқарастарын паш етеді. Ол өз заманында «мінсіз, ізгілікті мемлекетті» орнатқысы 
келді. Ол дұрыс жəне дұрыс емес мемлекеттердің түрлерін көрсетті. Платон дұрыс
мемлекетті басқару түрін «полития» деп атады. Бұл сөздің баламасы «заң», «саясат»
дегенге келеді. 
Платон адамдарды 3 топқа бөледі: 
1.
Билеушілер /философтар/ 
2.
Өз қаражатымен қарулана алатындар /жауынгерлер/ 
3.
Қолөнершілер мен егіншілер /қоғамға пайдалы еңбек етушілер/ 
Осы тəртіппен бұлжытпай қызмет атқарған адамдар инабатты адамдар, осы 
тəртіппен басқарылған мамлекет нағыз қайырымды, кемелденіп жетілген мемлекет деп 
дəріптеді. Платонның мемлекет туралы теориясын «...египеттік касталық құрылысты 
афиндық тұрғыдан дəріптеу ғана»- деп бағалады К.Маркс «Капитал» еңбегінде. 
Платонның айтуынша, мемлекетті басқаруға лайықтылар жоғары білімді, ең бай, ірі құл 
иелерінің ұрпақтары болу керек деді. Платон жас ұрпақты тəрбиелеудің спарталық- 
аристократиялық түрін қолдап қана қойған жоқ, оны дамыта түсуді ұсынды. Мысалы, 
Спарта баланы 7 жасынан мемлекеттік тəрбиеге беру керек десе, Платон баланы 3 
жасынан мемлекеттік тəрбиеге алу керек дейді. Платон мемлекетті басқарудың 


аристократиялық түрін қолдады. Оның ойынша, аристократия «өзгеше жұмақ», онда
мемлекеттің мəні өз идеясына сай келеді деп түсіндірді. Платонның түсіндіруінше, саяси 
құрылыстың аристократиялық түрінен басқа мына 4 түрі азаматтардың «ізгілікті» өмірге 
ұмтылысының потенциалды əлсіреуімен сипаттады: тимократия (əскери адамдардың
билігі), олигархия (ақ сүйектер, байлардың билігі), демократия (халық билігі), тирания 
(бір адамның заңсыз билігі). Платон мемлекетінің басында көп сатылы сайлау жолымен 
сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-70 аралығына дейін шектелді. Билік 
басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (əр 
топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едəуір билікке ие бола алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет