Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
4 книга проверенная

Әдебиеттер тізімі: 
 
1. 
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1964. 
2. 
Ғабитов Т.Х., Өмірбекова М.Ш. Мәдениеттану негіздері. Алматы, 2003.
3. 
Әбілқасов Ғ.М., Хасен М.Ә. Қазақ мәдениеті. Қарағанды, 2008.
4. 
Қоңыратбаев Ә., Қазақ фольклорының тарихы, Алматы, 1990.


58 
 
ХIХ ғасырдағы-ХХ ғасырдың басындағы
музыка өнері және көркем шығармашылық 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің 
 
«Қазақстан тарихы» кафедрасының 
 
аға оқытушысы 
А.А. Әбдірахманова 
 
 
 
Музыканың, ән салудың табиғаттан тыс шығу тегі туралы қазақ 
халқының аңызы ежелгі заманнан біздің уақытқа дейін жетті. Онда аспанда 
биікке самғаған тамаша әннің, көшпенді қазақтардың ұлы даласынан ұшып 
бара жатып өте төмен түскен, сондықтан оны естіген халық табиғатынан үлкен 
музыкалық қабілетті иеленген деп айтылған. Сонымен бірге халықта: «Құдай 
әрбір қазақтың дүниеге келген сәтінен бастап оның тәніне күйдің бір бөлшегін 
салған» деп айтады. 18-19-ғасырлардағы қазақтардың өмірі мен тұрмысын 
қадағалаған, «сырттан» келген адамдардың халықтың көзге бірден түсетін 
шығармашылыққа, музыкалық-поэтикалық суырып салмалылыққа қабілетін, 
балғын сәбилерден бастап еңкейген қарттарға дейін бүкіл халықтың 
музыкаландыру сферасына кеңінен қатыстырылғанын таң қалмай және 
масаттанбай ерекшелеуі кездейсоқ емес.
Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір әулеттің сәйкес музыкалық аспаптар мен 
жанрлар жинағы, репертуары және орындаушылық нысандары болды.
Домбыра халық музыканттарының сүйікті аспабы болды. Бұрынғы 
уақытта домбыраның ішектері ешкінің ішегінен жасалған. Домбыраның нәзік, 
жұмсақ шығатын және барқыт үнділігі көпшілікке мәлім. Домбыраны көшпелі 
тұрмыс жағдайларында жасауға және пайдалануға болатын. 
Қазақтардың дәстүрлі халық музыкаландыруында, домбырада орындаған-
да, тәртіп бойынша, күйдің пайда болуы және мазмұны туралы әңгіме немесе 
аңыз болды. Домбыра дәстүрінің тарихы ғасырлар тереңіне кетеді, ол туралы 
мысалы, ежелгі Хорезмді, сондай-ақ Пазырык қорғандарының археологиялық 
жаңалықтары және қазақстандық археологтардың Қазақстан аумағындағы
археологиялық жаңалықтары куәландырады. Осы мәліметтерге сүйенсек, 
домбыра және қобыз ертедегі көшпенділердің аса кең таралған музыкалық 
аспаптары болды. Домбырада орындау ерекшеліктерінің бірі – аспапта ойнау-
дың жеке түрі. Ол әр түрлі тарихи кезеңдерде жарқын тұлғалардың шығуына 
мүмкіндік туғызды. Халық үздік өкілдері – Кетбұғы, Асан Қайғы, Қарт Ноғай, 
Байжігіт, Бежен, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Дина Нұрпейісова және т.б. 
есімдерін сақтап қалды. 
Ең көп таралған музыкалық аспаптардың бірі ысқымен ойналатын екі 
ішекті аспапқа жататын қылқобыз деп есептеуге болады. Ол туралы XVIII-IX 
ғғ. даталанған, “Қорқыт кітабы” деген кітапта да айтылады. “Қыл” сөзі ат 


59 
қылынан жасалған ішектермен байланысқан. Қылқобызды бақсылар (шаман-
дар) және халық орындаушылары қолданған.
104 
ат қылынан тұратын қылқобыздың екі ішегі ысқы жанасқанда 
обертондардың толық гаммасын шығарады. Аспаптың колориті және дыбыс 
шығару жиілігі көбінесе ысқының жанасу күшіне, сондай-ақ дыбыстың 
биіктігіне байланысты болған, ол кезде обертондар бірде мыңқылдап, бірде 
шіңкілдеп, бірде қою барқыт шырынды үнмен дыбысталған. 
Қобызда орындау тарихы бақсы-шамандардың діни-сиқыршылық салт 
жораларымен байланысты болған. Қобыз бақсының өзінің аруақтарымен 
қатынасу құралы болған. Сонымен қатар қобыз дәстүрі тек салт жоралары 
сипатында ғана болмайды, сонымен бірге көшпелі ортада көрнекті орындардың 
бірін алған жыраулардың эпостық шығармашылығымен байланысқан. 
Бұрында дәстүрлі музыкада қурай өсімдігінің қуыс сабағынан жасалатын
аспап – сыбызғы бар болған. Қарапайым пішіні және материалының қолайлы-
лығы оның қазақ музыканттарының арасында танымал болуына мүмкіндік 
туғызды. Тембрлік колориті бойынша сыбызғы флейтаның жоғары дыбыстарын 
еске салатын, дірілде, толқыныста болатын сияқты, дірілдеген бірдеме дыбыс 
шығарады. Сыбызғының үні жазғы жайылымдарда, үйлену тойларында, бала 
туғанда, құрметті қонақ келгенде естілген. 
Сыбызғы музыкасындағы бейнелер көне заманға барып тіреледі. Бұл 
туралы қазіргі кезге дейін бар болатын аңыз-күйлер куәландырады, оларға “Көк 
бұға”, “Желмая” (аты аңызға айналған Асан қайғы түйесінің жалған аты), “Боз 
інген” күйлерін жатқызуға болады. 
Бұрында Құрымбай, Қанғожа, Тулақ, Сырмалай, Ысқақ сияқты 
сыбызғышылар әйгілі болған. ХХ ғасырда В. Ысқақов, О. Қожабергенов, М. 
Оңғаров, Ш. Ауғанбаевтың даңқы шықты. 
Қазақтардың кейінгі дербес өмірі міндетті түрде музыка қатыстырылған 
жастар ойындары мен сауықтарына – қайым айтыстарға, тартыстарға, қара 
өлеңдерді диалогтық айтуға қатысу арқылы жаңа көркем білім мен тәжірибе 
берген. «Жастық шақтың» репертуары махаббат лирикасымен және қалыңдық-
тың қоштасатын мұңды сыңсуы мен жастардың шатты жар-жары айтылатын 
бояуы сан түрлі қазақ тойларының алуан түрлі әндерімен және салт 
жорамалдарымен, аң аулағанда немесе әскери жорыққа шыққанда дабылдың, 
дауылпаздың немесе шыңдауылдың сигналдық соғуымен байытылған. Осыған 
қатысты байсалдылығы мен тәжірибесі бар «кемелділік» үлкен мемлекеттік 
және қоғамдық істерді атқаруға, ру аралық ән-өлең сайыстары – айтыстарда 
рудың мүдделерін қорғауға және халықтың салт-дәстүрлік мерекелері мен 
салтанаттарын өткізу туралы салт жораны ұйымдастырушы және орындаушы 
ретінде – жаршыны жөнелтуге арналған.
XIX 
ғ. екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген кезеңі 
болды. XIX ғ. аспаптық музыкаға Тәттімбет Қазанғаповтың (1817-1860 жж.) 
шығармашылығы үлкен үлес қосты. Оның даңқы домбыраға арналған «шертпе» 
стиліндегі шығармалардың авторы және орындаушысы ретінде шықты. Оның 
күйлерінің көпшілігі эмоциялық, асқақ лирикалық желіде жазылған. Оларда 
Тәттімбет туған өлкесінің сұлулығын дәріптеді – «Сарыжайлау», «Сары өзен»; 


60 
жануарлардың дағдылары мен қылықтарына көркем келбет берді – «Ерке атан», 
«Боз айғыр» және т.б.
Құрманғазы Сағырбаевтың (1806-1879 жж.) 60-тан астам күйі сақталған
(олардың кейбіреуі әр түрлі нұсқада). Оның «Балбырауын» атты күйінде халық 
мерекесі беріледі; «Сарыарқаның» музыкалық суреттемесі тыңдаушыларды 
туған даланың шексіз жазықтарына апарады. Басқа күйлер халықтың ащы 
тағдыры туралы ойлануға мәжбүрлейді. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі 
– 
«Кішкентай» күйін Исатай Таймановтың көтерілісіне арнады. Көтеріліске 
қатысушы болып табылып, ол осы күйде халықтың бай-феодалдың езгіден 
және отарлау бұғауынан босатылуға құлшынысын нақтылы түрде көрсетті. 
Байлар мен шенеуніктер Құрманғазының әрекеттері мен шығармаларындағы 
қарсыластыққа шақыруды байқап қалып, оны қудалап, түрмелерде қинады.
Көрнекті сазгер Дәулеткерей Шығаев (1820-1887 жж.) болды. Оның 40-
қа жуық күйі сақталған. Олардың барлығы лирикалық сипатты, айқын және 
мәнерлі. Оларға пішінінің сымбаттылығы, стилінің бірлігі тән. Дәулеткерейдің 
«Жігер» күйінде патетикалық толқуы беріледі, «Бұлбұл», «Керілме» және т.б. 
күйлері жүректен шыққан терең сезімді тудырады. «Желдірме» күйінен 
шынайы халықтық рухы еседі. Бұл халықтың дәстүрлі ат жарыстарын 
суреттейтін әсерлі, екпінді пьеса.
Қобыздық классиканың құрылуына Ықылас Дүкеновтің (1843-1916 жж.) 
сазгерлік таланты және орындаушылық шеберлігі орасан зор әсер етті. Дастан 
айту негізінде ол көркемдік тұтастығы бойынша бірқатар көрнекті 
бағдарламалық күйлер шығарды. Мысалы, «Қорқыт күйі», «Қамбар күйі», 
«
Қазан күйі» және т.б. Ықылас менмен патша шенеуніктері, тәкаппар байлар 
туралы сатиралық желідегі күйлерді де шығарды – «Жарым патша», «Бес төре». 
Ықыластың күйлерінде халықтың өмірі, қайғы-қасіреттері туралы ойлар да 
сипатталған. 
XX 
ғ. басында қазақ өнерінің дәстүрлі түрлері де: халық ауыз әдебиеті 
және музыка шығармашылығы дамуын жалғастырды. Ән өнері ерекше 
дамыды. Қазақтар Абайдың, Мұса Байжанұлының, Біржан салдың және Ақан 
серінің әндерін жалғастырды. 
20-
ғасырда қазақ музыка мәдениеті музыкаландырудың жаңа түрлерімен 
және жанрлармен байытылды. Тарих ауқымындағы шамалы уақыт бөлігінде
республика классикалық еуропалық музыканың көп дауыстылығын және бүкіл 
жанрлық арсеналы – операны, симфонияны, балетті, аспаптық концертті, 
кантатаны, ораторийді, ансамбльде, оркестрде және хорда орындау түрлерін 
меңгерді, шығармашылықтың жазбаша типіне негізделетін жаңа кәсіби 
сазгерлік мектепті құрды.
Қазақ халқының мәдениетінде елеулі із қалдырған бірқатар ақындар мен 
сазгерлердің шығармашылығы XX ғ. басына жатады. Мұсабек Байзақұлы 
(1849-1932) 
қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында, Шоқтас елді 
мекенінде туған. Мұсабек – махаббат пен табиғатты дәріптеген лирик-ақын, 
әлеуметтік тақырыптар негізінде мысалдар түрінде берілген. Мұсабектің басқа 
әншілермен айтыстары кеңінен белгілі. Белгілі ақын және «Қисса» поэмаларын 
жазған, Семей облысында туған Әріп Тәңірбергенов (1856-1924) болды. Ол 


61 
шығыс классикасының әсері сезілетін бірқатар шығармаларымен белгілі. Әріп 
тек ақын ғана емес, сонымен бірге Қазан мен Орынборда жарияланған бірнеше 
кітаптың авторы да болды.
Қостанай облысының аумағында туған Нұржан Наушабаев та (1859-
1919) 
"кітапшы"-ақын болды. Жарияланған "Манзумат казакия" (1903), " 
Нұржан мен Сапарғалидың айтысы" (1903) жұмыстарынан басқа, оған көптеген 
жариялан-баған әндер мен өлеңдер тиесілі.
XX ғ. басындағы аса әйгілі ақындардың бірі – Балуан Шолақ 
(Нұрмағамбет) Баймұрзин (1864-1919) Солтүстік Қазақстан облысының 
аумағында туған. Оның әндері халықта кеңінен таралды, олардың көпшілігі 
бүгінгі күні де танымал. 
Қазақстанның ауқымды аумағында әр түрлі жергілікті кәсіби сазгерлер 
және орындаушылар мектептері құрылды, сонымен бірге әрбір өңір нақты 
дәстүрлерді дамытуда өзінің «мамандандырылуын» ұсынады. Сонымен, Батыс 
Қазақстан аумағы домбыраның төкпе күйінің дамуында – орталық аймақ, ал
Сарыарқа ареалы (Орталық Қазақстан) - кәсіби әннің эпицентрі болды, 
оңтүстік-батыс өңірі (Қармақшы ауданы) – дастан айтудың бай дәстүрлерін, ал 
Жетісу суырып салма ақындар сайысы өнері – айтыс дәстүрлерін сақтады және 
дамытты. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, 
Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаевтың 
есімдері тек қазақтың қана емес, сонымен бірге әлемдік музыка мәдениетінің 
тарихына кірді. Олардың стилінің айқын даралығымен, бейнелі құрылысымен 
және музыкалық-мәнерлі құралдар шеңберімен ерекшеленетін шығармашы-
лығы қазақ музыка мәдениетінің классикасын, мақтанышын құрайды. Жоғары 
өнерді құрып және қарапайым адамдарды «тамаша құпия» - музыкаға тартып, 
олар көзінің тірісінде қоғамда үлкен сүйіспеншілік пен құрметке бөленді және 
әрқашан көпшіліктің назары мен тартылысының центрінде болды. Қазақ халық 
музыкасының байлығы кәсіби зерттеушілердің назарын өзіне аударды. А. 
Затаевич 1924 ж. – 1 мың, ал 1931 ж. қазақ халқының 500 әні мен күйін жазды. 
Ұлттық музыка өнерінің дамуы үшін 1934 ж. ұлттық аспаптар оркестрін 
ұйымдастырудың орасан зор маңызы болды. 
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап ақындар, жыраулар мен 
жыршылар өзінің шығармашылығын халықтың жаңа әлемді сезінуін шынайы 
көрсетуге арнады. Олар болып жатқын тарихи өзгерістер туралы хабарлады: 
«
Сүйінші, сүйінші — патша тағынан түсті» (Нартай Бекежанов), «Қазанның 
дауылы патшаның тағын құлатты» (Нұрпейіс Байғанин). Жаңа уақыт халық 
поэзиясының тақырыптамасын және бір мезгілде оның публицистикалық әсер 
ету сферасын кеңейтті. Кеңес уақытында олар өз шығармаларын митингтерде, 
жиналыстарда орындай бастады. 
Күннен күнге, жылдан жылға, бұрынғыдай музыка ойнайды және әр түрлі 
дәуірлер мен ұрпақтарды біріктіреді, өткенді, қазіргі мен болашақты 
байланыстырады. 
ХІХ-ХХ ғғ. шебіндегі музыка өнерімен қатар Қазақстан мәдениетіндегі 
бағыттардың бірі көркем шығармашылық дамыды. 


62 
Көркем шығармашылық қазақ халқының қолданбалы өнерінде терең 
көрініс тапты. Қолданбалы өнер дамуының көп ғасырлық дәстүрі болды.
Халық шеберлері орындаған бұйымдар 19-ғасырдың ірі көрмелерінде 
Петропавлда, Көкшетауда, Нижний Новгородта және басқа қалаларда 
көрсетілді. Бұйымдарды жасау тәсілдері мен технологиясы ұрпақтан ұрпаққа 
берілді. Сырмақтар, текеметтер – киізден жасалған төсеніш кілемдер, тұс 
киіздер – киізден жасалған қабырғаға ілетін кілемдер және көптеген басқа 
киізден жасалған бұйымдар тамаша болды. Оларды жасаған кезде барлық 
негізгі түрінде – зооморфизмдік, өсімдік және геометриялық түрлерінде бай 
пайдаланылған қазақ оюы үйлесімді қолданылды. Өнердің күміс пен сүйектен 
қапсырмалары бар ер тоқымдар мен жүгендер, зергерлік бұйымдар және т.б. 
жасау сияқты түрлері де кең таралған. Қазақтардың отырықшы өмір салтына 
біртіндеп өтуі көркем-қолданбалы өнердің бірқатар бағыттарының дамуына 
әсер етті. 
Өте көне заманнан бастап қазақтардың үй қолөнерінің кең таралаған 
түрлерінің бірі ағашты көркем өңдеу болды. Бұл туралы Қазақстан мен 
Алтайдың аумағындағы табылған көптеген археологиялық заттар куәландыра-
ды. Ағаштан бұйымдар жасаудың оюлық тақырыптарының, технологиялық 
тәсілдерінің ескі көркем дәстүрлері Қазақстанның халық шеберлерінің 
шығармашылығында бүгінгі күні де сақталған. Ә. Қастеев атындағы 
Қазақстанның Мемлекеттік өнер мұражайының жинағыда орналасқан ағаштан 
жасалған нәрселердің көпшілігі ХIХ ғ. аяғымен – ХХ ғ. басымен даталанады. 
Қазақ оюшыларының өнері ерекше жиһаз, өзіндік ыдыс-аяқ, музыкалық 
аспаптар топтамасымен берілген. Көшпенділердің үйінің өзі – киіз үйді ағашты 
қатыстырмай жасау мүмкін емес, себебі оның қаңқасы тал деп аталатын оңай 
иілетін тал шыбықтарынан жасалады.
Белгілі орыс зерттеушісі Р. Карутц Қазақстан шексіз даладан, сусыз 
шөлден, сусымалы құмнан ғана тұрады деп жорамалдау қате болар еді деп 
есептеген. Сонымен қатар бұл өлке бай орман массивтерімен де даңқты. 
Жетісу, Сарыарқа, Алтай, Орал, Алатау, Тобыл, Ертіс аудандарында
ағаштардың қатты және жұмсақ түрлерінің 30-дан астам түрі өседі. 
Ежелден көшпенділер ағашты көздің қарасындай сақтаған. Жалғыз өсіп тұрған 
ағашқа немесе бұтаға бір кесек мата мен бау байлап қоятын. Табиғаттың 
жетілген жаратылыс ретінде ағаш ақындардың, суретшілер мен жазушылардың
шабыттарының көзі болды. Қазақстанның таңғажайып қарама-қарсы табиғаты 
өнердегі шығармашылық шабыттың негізгі көзі болып қана қоймай, сонымен 
бірге халық қолөнершілері – ағаш ұсталарына шикізат пен материал берген.
Ассортименті соншалықты көп болмаған қазақ жиһазы жеңілдігімен, кіші 
габариттілігімен және оңай тасымалдануымен ерекшеленді, бұл әсіресе 
жылжымалы тұрмыс тән болатын көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты 
жағдайларында маңызды болды.
Санының аз болуына қарамастан, қазақтардың дәстүрлі жиһазының 
мұражайлық топтамасы өнердің бұл түрінің ХVIII ғ. аяғы – ХХ ғ. басы шебінде 
дамуы туралы белгілі түсінік береді. Бұйымдардың сақталуына уақыт өзінің 
өзгермейтін ізін салды, алайда бұл өнердің осы түрінің барлық жетістіктерін 


63 
кемітпейді және оның көркем маңыздылығының үлкен болуының арқасында 
орасан қызығушылықты білдіреді. Кәсіби ағаш оюшылар кесудің әр түрлерін 
асқан шеберлікпен меңгерді. Орындаушылық шеберліктің айтарлықтай жоғары 
деңгейі туралы атаусыз халық шеберлерінің туындылары куәландырады, олар 
қазіргі кезде де Қазақстанның қолданбалы өнер экспозициясында лайықты 
орын алады. 
Оның мысалы кебеже – азық-түлікті сақтауға арналған ағаш жәшік болып 
табылады. Мұражайдың қор топтамасында композициялық құрылысы және 
сәнділігі бойынша қызықты бірқатар кебеже бар, олардың ою композициясы
көпшілігінде ежелгі геометриялық тақырыптардан тұрады: ромб, ирек, 
үшбұрыш, шеңбер және т.б. Сәндік розеткаларға Қазақстанның аса бай 
өсімдіктер дүниесін шығармашылық қайта ұғыну болып табылатын өсімдіктер 
тақырыптары кіреді.
Ағаштан кесуде космогониялық тақырыптар ерекше орын алады. Орта 
Азия мен Қазақстанның арабтарға дейінгі көптеген дін басыларының айқын 
көрсетілген жұлдыздық бояуы болғаны белгілі, бұл қолданбалы өнерде белгілі 
көрінісін тапты. Біздің дәуірімізге дейін жеткен қазақ оюының космогониялық 
тақырыптары ежелгі тайпалар мен халықтар мәдениеттерінің қабатталу 
қалыңдығында пайда болды. 
Мұражай топтамасының көптеген туындыларының философиялық, 
космологиялық және қорғаушылық символикалы ою сәндігінің күрделі
семантикасы бар. Мысалы, қошқар мүйіз, құс қанат, түйе табан, өрмекші 
оюларының бір кезде қорғаушы мағынасы болған. 
Ойып қашау ағаштан жасалатын бұйымдарды сәндік безендірудің жалғыз 
тәсілі болмаған. Ыдыс-аяқ жинайтын шкафтардың, төсектердің, музыкалық 
аспаптардың және басқа нәрселердің алдыңғы жақтары сүйекпен оюланған, 
көбінесе оюлау күмістен жасалған аса нәзік тілімшелермен үйлестірілген.
Жиһазды сәндеуде сүйекпен оюлау техникасы көптеген халықтарға белгілі, 
бірақ қазақтарда өзіндік ерекшеліктері болған. Қазақтың ағаш ұсталары бұл 
техникада айқастырма түріндегі, дөңгелетілген немесе басқа ірі өрнектермен 
жабылған, көбінесе аса нәзік өтпелі ойықтары бар пішінді және тік бұрышты 
тілімшелерді қолданған. Ең сәнді заттарда (негізінде төсектер мен шкафтарды 
сәндеуде) қазақ шеберлері күміс қапсырмалармен үйлестіріп, сүйекпен 
оюлауды қолданған. Сүйекпен оюлау шұғамен және барқытпен үйлестірілді, 
сонымен бірге оюдың тек геометриялық алуан түрлілігі қолданылды.
Кестелеу өнері әйелдер мен ерлер киімін және әр түрлі жасақтар жасау
кезінде кең қолданыс тапты. Киіз үй ішінің көркем безендірілуіне көңіл бөлу 
жалғасты. Ауылдарда бұрынғыдай қазақ қолөнерінің ағаш бұйымдары 
фабрикада өндірілген бұйымдармен сәтті бәсекелесті. Металдан жасалған 
бұйымдар кеңінен таралды. 
Жергілікті зергерлер сақина, сырға, алқа сияқты нақышты заттарды 
жасады. Қазақ ауылында шебер-зергерлер лайықты құрмет пен ілтипатты 
иеленді. Зергер бұйымдарды негізгі тұтынушылар қазақ мал өсірушілері, 
феодалдық топтар болды. 


64 
Қазақ халық қолданбалы өнерінің заттары Ресейдің мәдени 
орталықтарын-да және шетелде әйгілі болды. 1868 жылы Париждегі 
бүкіләлемдік көрмеде қазақ зергерлік бұйымдары, ұлттық киімдері қойылды. 
Жұртшылық қазақ музыкалық аспаптарымен 1872 жылы Мәскеудегі көрмеде 
танысу мүмкіндігін алды.
Ағаштан жасалған заттардың барлығы ұлттық мәдениеттің асыл 
қазынасына кірген көркем өнердің төлтума туындылары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет