Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
4 книга проверенная

Әдебиеттер тізімі: 
1.
Синицина С. "Деловой мир Казахстана" - первый номер: " О выходе первого 
номера журнала "Деловой мир Казахстана" //Наука Казахстана. -1997. - 16-30 
сентября. - С.2 
2. Козыбаев С. Масс-медиа: разобщение или корпоративность (страницы эпохи 
драматической журналистики) //КазГУ. Вестник. Серия -журналистика. - 1998.- 
№3 с. 8-12. 
3. Абикеев Ж. Анализ состояния и тенденций развития казахоязычных 
областных газет //Панорама. - 1998.- 23 января. - С.2 
4. Абикеев Ж., Жусупов С. Казахстанские областные газеты: перспективы 
выживания //Панорама. - 1999.- 16 апреля.
5. Фетисов М. И. Зарождение казахской публицистики. А., 1961. 


73 
Кеңестік Қазақстандағы білім беру мен ғылымның 
дамуы
 
 
Қарағанды техникалық университетінің 
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
оқытушысы
З.Н. Нұрлигенова 
 
 
 
Кеңестік тәртіптің жеткен жетістіктерінің бірі - жаппай сауаттылыққа 
үйрету болып табылады. Осылайша, 1918 ж. «Бірыңғай еңбек мектебі туралы 
декларация» және «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже» қабылданады, онда 
кеңестік білім беру жүйесі – тегін, ұл балалар мен қыз балалардың ортақ білім 
алуы, діни пәндердің болмауы, мектептегі өзін-өзі басқару жарияланды. Барлық 
мектептер екі сатыға бөлінді – біріншісі 8-13 жас аралығына арналған, екіншісі 
13-
17 жас аралығындағы балаларға арналды. Медреселер,мектептер және орыс-
қазақ мектептерін кеңестік мектептеріне ауыстыру бойынша белсенді жұмыс 
басталды.
Азаматтық соғыстың соңына қарай Қазақстанда барлығы 2410 мектеп 
әрекет етті, онда 144 мың оқушы, оның ішінде – 31 мың қазақ баласы білім 
алды. Дегенмен, мектептің көп бөлігі жабдықталмаған бөлмелерде жұмыс 
істеді, 99% қазақ мектептерінде өзінің жеке ғимараты, бірыңғай оқу 
бағдарламалары, оқулықтар мүлдем болмады. Қазақ балалары мен малайдың 
балалары, жетімдер үшін мектеп-коммуналар және мектеп-интернаттары 
құрылды. 1923 ж. 128 000 оқушысы бар 2025 мектеп, ал 1925 ж. 160 924 
оқушысы бар 2 713 мектеп қызмет атақарды. 1925 жылы қазақстандық 
мектептерде аттестаттардың, куәліктердің бірыңғай үлгісі, 5-балдық баға 
жүйесі, бірыңғай оқу жылы мен демалыстың ұзақтық мерзімі бекітіліп, мектеп 
жүйесі ретке келтірілді. Сонымен қатар, ауыр экономикалық жағдайда 
мектептер санының өсуі білім беру жүйесінің сапасын төмендетті. Алайда, 
үкімет сауатсыздықты жою бойынша зор күш жұмсады [1, 283 б]. 
Осыған орай, өткен жүзжылдықтың 20-30 жж. мектептерді әдістемелік 
қамтамасыз ету бойынша көп жұмыстар орындалды: 1921 ж. Семейде «Есеп 
кітабі», «Оку кітабі» және «Tiл құралы» оқулықтары басылып шықты. 
Мемлекеттік баспамен жаңа оқу құралдарын жарыққа шығару үшін 
редакциялық алқа құрылды, оның жазылуына Ә. Бөкейханұлы, М. 
Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, Б. Омаров және басқа да ұлттық алқаның 
атақты өкілдері тартылды. 1927/1928 оқу жылдары қазақ мектептері үшін 
жалпы таралымы 575 мың дана болатын 30 атаулы оқулықтар басылды.
Қарастырылып отырған кезеңдегі білім беру жүйесінің ең маңызды 
компонеттерінің бірі - ересектер арасында сауатсыздықты жою болып табылды.
1921 ж. Қазақстан үкіметімен әліппелік сауаттылықты меңгерген ересектерді 


74 
оқыту бөлімшелерін ұйымдастыру бойынша барлық жұмыстарды басқаратын 
сауаттылықты жою бойынша Орталық Төтенше комиссия құрылды. 1921 - 
1927 жылдар аралығында бұл бөлімшелерде 200 мыңға жуық адам, ал 1929 ж. 
150 мың, 1930 ж. – 500 мыңға жуық адам білім алды [1, 283 б]. 
Білім беру жүйесіндегі ауыр соққы 1929 ж. қазақ тілінен араб 
графикасымен латынға көшумен байланысты болды. Бір мезгілде үкімет 
сауатсыздықпен күрес жүргізе отырып, қазақтарды араб тілінде жазылған 
кітаптардағы ғасырлар бойғы зор рухани мұраларынан айыруға тырысты. 
Сонымен қатар, 1924 ж. А. Байтұрсыновтың араб тілін жетілдіруі қазақтарға 
кез-келген түркітілді баспаларды, соның ішінде, саяси зиянды шет ел 
басылымдарын оқуға мүмкіндік берді. Араб графикасы негізінде қазақша оқи 
алатын мыңдаған қазақтар қайтадан сауатсызға айналып, жаңа әліппені 
меңгеруге тура келді.
Қазақстанда 1935 ж. мектеп жасындағы балалардың 91% білім беруге 
тартылғанмен, тек үштен бір бөлігі ғана жеті сыныптық және орта 
мектептерде оқыды, қазақ орта мектептері мүлдем болмады.
Санақ бойынша 1939 жылы Қазақстан тұрғындары арасынан сауаттылар 
саны тек 76,3% құрады. 1940 жылы республикада 1 138 187 жуық оқушыны 
қамтитын 5289 бастауыш, 1770 жеті сыныптық және 698 орта мектеп жұмыс 
істеді. Педагогикалық мамандар ҚазМУ, 13 педагогикалық және мұғалімдік 
институттарда және 23 педагогикалық училищелерде даярланды. Соғыс 
жылдары біздің Республика КСРО-ның батыс аймақтарынан көшірілген 149 
балалар ұйымдары мен 19 мың баланы қабылдады, балалар үйлерінің саны 
артты. Кәсіптік-техникалық және мамандандырылған орта білім беру жүйелері 
жоғары қарқынмен дамыды. Өткен ғасырдың 30-жылдарында Республикада 5 
мыңнан астам мамандарды даярлаған 120 мамандандырылған орта оқу 
орындары қызмет атқарды. 1943 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстаннның 
барлық мектептерінде, техникумдарында оқитын қазақтар мен басқа да шығыс 
халықтарының өкілдері ақылы білім алудан босатылды. Жұмысшы жастардың 
кешкі мектеп желісі кеңейді. 1944 ж. бастап бастауыш және жеті сыныптық 
мектептерде бітіру аттестаттары, есею аттестатына емтихан тапсыру енгізілді. 
1950 ж. басына қарай білім беруде дағдарыстың белгілері біліне 
бастайды, алайда, ашық жарияланбайды. Дәстүрлі тәсілмен шешуге тырысқан 
білім берудегі салғырттықтың күннен күнге арту мәселелерінің себебін 
тереңнен түсіну қажет болды. Салғырттық білім берудің ең басты жетістігі – 
оның жүйе ретіндегі тұтастығынан шығады. Ең зияндысы – білім беру мазмұны 
талаптарының біркелкілігі, ал бұл обьективті (жоспарлау, басқару) және 
субьективті (әр түрлі деңгейдегі волюнтаризм) факторларға байланысты болды. 
1958 жылдың 28 желтоқсанында «Мектептің өмірмен байланысын нығайту 
және елдегі ұлттық білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заңы 
қабылданды. Бұл білім беру мазмұнының үлгісі ретіндегі алғашқы қадамның 
тағы бір айналымы болды: жалпы білім беру немесе еңбек дағдысын құраушы. 
Мектептің өмірмен байланысы өте қарапайым түрде түсіндірілді: оқу процесіне 
еңбек сабақтарын енгізу, оқу-тәжірибелік және өндірістік шеберханаларды 
құру. Бұл келесідей үлгіде болды: 1-4 сыныптар – 30-жылдары жойылған еңбек 


75 
сабақтары қалпына келтірілді; 5-7 сыныптар – оқу-тәжірибелік және өндірістік 
шеберханаларда практикалық сабақтардың өтуі; 8-10 сыныптар – 
ауылшаруашылық, машинажасау және электротехника өндірісі бойынша 
практикумдардың құрылуы». Бұл жаңашылдықтар Қазақстанға қатысты болды. 
1959 ж. 28 наурызында осы Заң біздің Республикамызда да қабылданды [2, б. 
66-67]. 
 
ХХ ғасырда мектептерді басқарудың партиялық үстемдігі одан әрі артты. 
Оқу-тәрбиелік процестің идеологияландырылуы жалпы көрсеткіштермен, оқу 
процесінің қалыптасуымен, оқушылардың оқуға салғырттық танытуымен 
толықты. Мектептегі білім берудің қайта этникалануы ұлғайды. Егер 1948/1949 
оқу жылдары Республикадағы білім Министрлігі жүйелері мектептерінің 48% 
қазақша болса, онда 1955/1956 оқу жылдары жалпы оқушылар саны 66% 
жететін білім беру мектептерінде орыс тілінде білім алды, 100 мыңнан астам 
қазақ балалары орыс мектептерінде оқыды. 20 жылдың ішінде (1950-1970 жж.) 
қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577 дейін қысқартылды, алайда, орыс 
тілінде білім беретін мектептерінің саны 1,5 мыңға артты. 1989/1990 оқу 
жылдарында Қазақстан ұлттық білім беру министрлігінің 67% оқушыларды 
қамтитын жалпы білім беру мектептерінің 49% орыс тілінде жүргізілді, 32% 
мектепте қазақ тілінде білім берілді [3, б. 388-389].
Қарастырылып отырған кезеңде орта мамандырылған оқу орындары 
өзінің дамуын жалғастырды. Осылайша, 1959 жылдың шілде айында 
мемлекеттік еңбек резервтері кәсіптік-техникалық білім беру жүйелеріне 
алмастырылды. КСРО Министрліктер Кеңесімен Мемлекеттік кәсіптік-
техникалық білім беру жөніндегі комитет құрылды, оған кәсіптік-техникалық 
даярлықтың барлық түрлерін әдістемелік басқару міндеті артты. Сонымен 
қатар, кәсіптік-техникалық білім беру жүйелерінің оқу орындарын белсенді 
басқару Одақтық республикалар Министрліктері Кеңесіне ауысты, олардың 
бастамасымен тиісті бас басқармалар құрылды. 1960 жылы кәсіптік-
техникалық білім беру жүйелеріне ФЗУ
мектептері тапсырылды. 1958 ж. 24 
желтоқсанындағы бұл жүйе бойынша мектептердің қайта құрылуы туралы 
Заңына сәйкес жастардың кәсіптік-техникалық білім берудің қалалалық, 
ауылдық және кешкі училищелері құрылды – Заңда айтылғандай, басты мақсат 
барлық ұлттық шаруашылық салалары бойынша мәдени және техникалық 
білімі бар білікті жұмысшылар мен ауылшаруашылық еңбеккерлерін жоспарлы 
және ұйымдастырылған түрде даярлау, оқушыларды коммунистік, идеялық 
шынығуға даярлау, білім алушы жастардың еңбекке деген коммунистік 
қатынасын қалыптастырумен байланысты болды» [4, 129 б.]. 
Осы заңға сәйкес кәсіптік-техникалық білім беру жоғары білім беру 
базасы – сегіз жылдық мектепке ауысты, бұл келешек жұмысшыларды жаңа 
техника мен сол заманға сәйкес технологияларды меңгеру үшін терең білім 
алуға мүмкіндік туғызды. Кәсіптік білім беру мекемелерінің бірыңғай үлгісі – 
жалпы оқу мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі қалалық кәсіптік-техникалық 
училищелер (ҚКТУ ) және оқу мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейінгі кәсіптік-
техникалық училищелер (АКТУ). Осымен қатар, жұмысшы жастардың 


76 
өндірістен үзбей, өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік туғызатын кешкі 
училищелері құрылды.
Кеңестік үкімет орнаған жылдары Қазақстанда жоғары оқу орындарының 
жүйесі дами бастады. 1926 ж. Ташкент педагогикалық институтында казақ 
факультеті құрылды. 1928 ж. факультет Алма-Атыға көшірілді және Қазақ 
мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Екі жылдан соң ол Қазақ 
педагогикалық институты болып ауыстырылды, ал 1935 жылы Абай 
Құнанбаевтың есімі берілді. 1929 ж. Алма-Атыда мал дәрігерлік институты, ал 
1930 жылы ауылшаруашылық иституты ашылды. 1934 ж. астанада екі жаңа 
жоғары оқу орындары – Тау-кен институты мен С. Киров атындағы қазақ 
мемлекеттік университеттің тұсауы кесілді. 1931 ж. Алма-Атыда 
Республикадағы ең алғаш медициналық институты ашылды. Қарағанды, Орал, 
Семей, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент және Қостанай қалаларында 
педагогикалық және мұғалімдік институттары ашылды.
1941 жыл Алма-Аты педагогикалық шет тілдер интитутының ашылу 
жылы болды. Соғыс жылдары Батыспен қарым-қатынас орнату мәселелерін 
маңызды санап, өздігінше екпін қоя бастады. Қазақстандық жастар аса 
қызығушылықпен жетекші еуропалық тілдерді оқыды, сонымен қатар, әлемнің 
жетекші ірі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетімен танысты. Қыздарды 
1944 жылы өзінің білім алу ордасына Қазақ қыздар педагогикалық институты 
шақырды. Гуманитарлық білім беру келешек мұғалімдерге, музыканттарға, би 
өнерінің шеберлеріне, психологтар мен логопедтарға кең көлемде ұсынылды. 
Сол жылы Қазақ мемлекеттік консерватория музыкатану және орындау 
факультеттеріне түсу үшін қабылдаулар жарияланды. Консерватория кеңістігін 
тек күйсандық, скрипка және флейта жандандырмады. Оның зал күмбездерінен 
ең алғаш қобыз бен домбыра, баян мен балалайканың дыбыстары жаңғыра 
бастады. Консерваторияның вокалдық бөлімі дарынды, көп үміт күттірерлік 
студенттермен толықты. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институты да 
соғыстың соңғы жылдары ашылды.
1963 жылы социализм тарихындағы қарқынды дамыған кезеңдерінің 
бағыттарын бейнелеген Халық шаруашылық институты құрылды. Институт
студенттері экономика және әлеуметтік ғылымдар саласында кең көлемде білім 
алды. 1975 жылдан бастап Алма-Аты энергетика институты республикалық 
өнеркәсіп пен қалалық шаруашылық қажеттері үшін энергетик-мамандарын 
даярлауға кірісті. 1976 жылы Алма-Аты теміржол көлік инженерлер институты 
көлік қызметі құрылымындағы осындай маңызды бағдар бойынша 
инженерлерді оқытуды бастады. 1978 жылы шығармашылық жастарға 
республикалық театрлар, қазақстандық кинематография және телевиденияға 
мамандарды, бүкіл әлемге аты әйгілі көркемдік және би өнерлерінің шеберлерін 
даярлаудың ұстасы ретінде танылған Көркемөнер театры институтын сыйлады.
1980 жылы Алма-Аты сәулет-құрылыс институты студенттерді оқытуды 
бастады, онда бүгінгі таңға дейін республикадағы дарынды сәулетшілерді, 
өңдеушілерді, дизайнерлерді, құрылысшылар мен білікті инженерлерді 
даярлайды.


77 
Азаматтық соғыс және соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан ғылымы 
бірітіндеп дами бастайды. Бұл процесс аталмыш құрылым бойынша ғылыми-
зерттеу ұйымдарының жоқтығынан, қажетті жабдықтар мен білікті ғылыми 
мамандардың жетіспеушілігінен қиындап кетті. Қарастырылып отырған 
кезеңде қолданбалы ғылыми мәселелер айрықша дамыды, оның өңдеулері 
маңызды қажеттіліктерге байланысты пайда болды. 1918 жылы Ташкетте 
Түркістан шығыс институты, ал 1919 ж. тарих, этнография және 
жаратылыстану-географиялық секцияларына бөлінетін Қаз. Әскери комиссиясы 
штабы жанындағы тарихи-статистикалық бөлімі құрылды. 1920 ж. бөлім 
Есептеу Комиссиясы болып өзгертілді және Наркоспросқа жүргізілу үшін 
берілді, сонымен қатар, аталған үш секцияға қосымша археологиялық 
секциясы қосылды.
Қазақстанда өткен ғасырдың 20-жылдары ең алғаш рет ғылыми-зерттеу 
мекемелері – Химия-биологиялық зертханалар, Өлкелік өсімдіктерді қорғау 
станциясы, Санитарлық-бактериологиялық институты, Жерді өңдеу және 
аграрлық топырақты зерттеу институты пайда болды. ХХ ғасырдың 30-
жылдары ғылымның академиялық құрылымы қалпына келе бастайды, ал 1932
ж. Қазақстандық КСРО ҒА базасы құрылды, ол 1938 ж. Қазақстандық ҒА 
филиалына өзгертілді. Ғылыми-зерттеу институттарының жүйесі - Ұлттық 
мәдениет институты (1933 г.), Ғылыми-педагогикалық институты (1933 ж.) 
пайда болды. Республикада 1932 ж. барлығы 12 ҒЗИ, 15 тәжірибелік 
станциялар, 186 тірек бөлімшелері, зертханалар, гидрометеостанциялар жұмыс 
істеді.
Қазақстаннның ғылыми мамандары өсті. Осылайша, егер 1920 жылдары 
Республикада орталық аймақтардың ғалымдары, академиктер А. Ферсман, А. 
Самойлович, И. Губкин, профессорлар С. Руденко, А. Григорьев сындылар 
жұмыс істесе, онда 30-жылдары профессор ғылыми атағын әйгілі қазақ 
тарихшысы С. Асфендияров алды. Алайда, қазақ ғалымдарының саны аз болды. 
Осылайша, 1936 ж. Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет атқарған 42 
оқытушының ішінде 8 ғана қазақтар болды. Дәл осындай жағдай басқа да 
жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында кездесті.
ХХ ғасырдың 40-жылдары Қазақстан Республикасының тек саяси, 
экономикалық саласында ғана емес, сонымен қатар, мәдени өміріне де 
айтарлықтай өзгеріс әкелді. Ұлы Отан соғысы жылдары мұнда мемлекеттің 
көптеген ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары көшірілді. Қазақстанда 
дүниежүзіне әйгілі ғалымдар - И.П. Бардин, Л.С. Берг, В.И. Вернадский, Н.Ф. 
Гамалея, И.И. Мещанинов, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мандельштам, Н.В. Цицин, 
С.Г. Струмилин, А.М. Панкратова, А.Е. Фаворский, С.Е. Малов, В.Г. Фесенков, 
Г.А. Тихов, Б.А. Воронцов-Вельяминов және т.б. еңбек етті. Ғалымдар 
қорғаныс және халықшаруашылық саласында маңызы бар бірқатар 
ұсыныстарды енгізді, оларды өндіріске қатыстырды, қара металл, молибден, 
вольфрам, марганец рудалары және басқаларының кен орындарын ашты. 1942 
жылы Астрономия және физика институты, Химия-металлургия институты, ал 
1943 ж. Топырақты зерттеу, ботаника, зоология және тропикалық аурулар 
институты құрылды. 1942-1945 жылдар аралығында Химия, металлургия және 


78 
тау-кен байыту, отқа төзімді және құрылыс материалдарының, зоология
арнайы институттары құрылды.
Соғыстан кейінгі ең ірі оқиға 1946 жылдың 1 маусымында Қазақстанның 
ғылымдар Академиясының құрылуымен байланысты болды. Қазақ КСРО ҒА 
нақты мүшелері (академиктер) құрамына атақты ғалымдар - М.О. Әуезов, А.Б. 
Бектұров, М.И. Горяев, А.К. Жұбанов, Н.Г. Кассин, Н.Т. Сауранбаев, 
корреспондент мүшелері - Н.У. Базанова, Р.А. Борукаев, А.Х. Марғұлан, М.И. 
Усанович және басқалары енді. ҚазССР ҒА бірінші президенті болып Қаныш 
Имантайұлы Сәтпаев сайланды.
Ғылымдар Академиясының бірқатар ғылыми өңдеулері дүниежүзілік 
атаққа бөленді. 1958 жылы Орталық Қазақстанның кешенді және металлогенді 
және болжам жасау карталарын құрастыру және әдістемесін әзірлеу үшін 
ғалымдар И. И. Бок, Р. А. Борукаев, Г. Ц. Медоев, Д. Н. Казанли, Қ. И. Сәтпаев 
және басқалары Ленин сыйлығының иегері атанды. Ғалымдар тобымен 
информосомалар – ішкі жасуша бөліктерінің жаңа класын ашу және зерттеу 
бойынша жұмыстар қатары орындалды, олардың ішінде биология 
ғылымдарының кандидаты М. А. Айтхожин 1976 жылы Ленин сыйлығының 
иегері атанды.
Ғалымдардың зерттеулері Оңтүстік Маңғышлақ пен Орал-Ембі 
бассейнінде ірі мұнай және газ кен орындарын игеруге, Ертіс – Қарағанды 
каналдарының құрылысына, жерді игеру бойынша топырақты қорғау жүйелерін 
енгізуге септігін тигізді. Биология және ауылшаруашылық ғылымдарының 
жұмысшылары күздік және жаздық бидай, жүгері, жоңышқа, картоптың жаңа 
сұрыптарын тапты. Ғалым мал дәрігерлері ауылшаруашылық малдарының 
жаңа тұқымдарын тапты: қазақ биязы жүнді қойы, архармеринос, қазақ ақ 
басты ірі қара малы, қостанайлық салт атты жылқылардың тұқымы.
ХХ ғасырдың 70-80-жылдары бес томдық «Қазақ ССР тарихы», он 
томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», он бір томдық «Қазақстан 
металлоген өндіру» монографиялық жұмысы, «Қазақстандағы сүтқоректілер» 
атты тоғыз кітап, тоғыз томдық «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» туралы 
еңбектер, диалектикалық логика бойынша бірқатар іргелі монографиялар 
жарыққа шықты. Қоғамдық ғылымдар саласындағы айқын құбылыс – Әл-
Фараби, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин мұраларын басу және 
зерттеу болды.
ХХ ғасырдың 90-жылдарына қарай Қазақстан ғылымдар Академиясының 
32 ғылыми мекемесі алты бөлімшелермен бірікті: физикалық-математикалық 
ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық, биологиялық, 
қоғамдық ғылымдар мен Орталық Қазақстанның ғылыми бөлімдері. Аталмыш 
жылдары қызметкерлердің жалпы саны 10994 адамды құрады, солардың ішінде 
-
4475 қызметкерлер, нақтырақ айтқанда, 244 доктор және 1798 ғылым 
кандидаттары болды [5]. 
Дегенмен, жұмыстағы табысты нәтижелермен қатар, маңызды мәселелер 
де туындады: ғылыми-техникалық ілгерілеудің маңызды бағыттары – 
машинатану, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика бойынша ғылыми 
мекемелер мен ғылыми мамандарды даярлаудың қарқыны бәсеңдей түсті. 


79 
Академиялық, жоғары оқу орнының және салалық ғылымның нашар 
басқарылуы ғылыми күштердің жойылуына, олардың маңызды бағыттардағы 
қажетті түрде шоғырлануының болмауы, параллелизм мен ғылыми 
жұмыстарды қайталауға әкелді. Ғылыми өңдеулердің нәтижелілігі бірден 
төмендеді. Осылайша, 1985 жылы енгізілген бір өңдеудің экономикалық 
нәтижелілігі 1980 жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге дейін төмендеді. 
Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі мемлекетте құрылған ғылыми-
өндірістік кешеннің құрамына кірмеді.
Осылайша, кеңес үкіметі кезіндегі социалистік бастауларға негізделетін 
Қазақстан және Ресей халықтарының тарихи және мәдени тұтастығының дамуы 
мен пайда болу процесін зерттеу Қазақстан және Ресей халықтарының тарихи 
тағдырларының тұтастығын дұрыс түсінуге мүмкіндік туғызады. Бұл жалпы 
мәдени және білім беру кеңістігінің одан әрі дамуы мен сақталуына септігін 
тигізетін білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы қазіргі заман мемлекет 
аралық перспективаларын саналы түрде анықтауға мүмкіндік туғызар еді. 
Тарихи түрде Ресей мен КСРО қоғамды модернизациялау бойынша бастамасын 
алды. Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекет өзіне осы процестерді құраушылар 
бойынша жауапкершіліктерді міндеттейді, олардың ішінде мәдениет пен білім 
беру қоғамдық дамудың басым бағыттары қатарына жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет