Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет19/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

ақыл-ойға негізделген
білімді тудырғанын атап өтуіміз 
керек. Негізінен, бұл алғашқы өмірге келген білімнің синкретикалық 
табиғатын атап көрсеткен жөн: ол әлі философия, ия болмаса физика, 


22
психология т.с.с. емес, оның ішінде барлық болашақ дүниеге келген 
ғылымдардың ұрығы
болса керек. 
Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ 
беріліп, ол, шынында, сол кездегі барлық дүние зерттеуде пайда болған 
ғылымның алғашқы деректері мен тұжырымдамаларын өз бойына 
сіңірді. Сонымен қатар философияның өз табиғатына тән сұрақтары 
да пайда бола бастайды. Олар: 
Дүниенің негізінде не жатыр? Адам – 
ол кім? Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік дегеніміз не?
т.с.с. сұрақтар. Бұл 
дүние жөнінде шегіне жеткен ең жалпы сұрақтар пайда болып, өзінің 
мазмұнын ғасырлар өткен сайын тереңдете түсті. Көне заманның ұлы 
ойшылы Аристотель бүкіл философияны үлкен үш бөлікке бөлді: ол 
теориялық философия (ой өрісінен шығады), іс жүзіндегі (адамның 
өмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін зерттейді) және көркемөнерлік 
(шығармашылықты зерттейді).
Аристотель өз заманының ғұлама ғалымы ретінде ғылымның жеке 
мәселелерімен де айналысты, мысалы, жануарлардың дене құрылысы, я 
болмаса, риторика т.с.с. (rhetorіke – грек сөзі, әсем сөйлеу өнері). Бірақ 
бұл ғылым салаларын ол кісі философиядан 
бөлек ажыратып қараған 
жоқ.
Орта ғасырларда дінге, діни сезімге басым орын берілгенімен, фило-
софия пәні жөніндегі көне заманда қалыптасқан көзқарас сол күйінде 
қала берді.
Алайда бұл жағдай дүниеге Жаңа дәуір келе өзгере бастайды. Ол, 
біріншіден, философиялық ой-өрістің діннен тыс дербестік алуы; 
екіншіден, капиталистік қарым-қатынастардың дамуының арқа-
сында өндіргіш күштердің жаратылыстану ғылымдарын жанданды-
рып, олардың дербес сала ретінде қалыптасуына әкелуі. Әсіресе бұл 
үдерістер XV-XVII ғасырларда белсенді жүріп жатты. Механика, астро-
номия, математика секілді ғылым салалары өздерінің пәндік дәрежесіне 
көтерілді. XVIII ғасырда химия өзінше дербес ғылымға айналды. XIX 
ғ. биологиямен бірге антропология дербес ғылым ретінде қалыптаса 
бастады (сонымен қатар қоғамдық-экономикалық пәндер). ХХ ғасырда 
философияға өте жақын ғылым салалары – психология, этика, эстетика, 
саясаттану, әлеуметтану пәндері дербес ғылым саласына айналды. Ал 
ХХ ғасырдың екінші жартысында ҒТР күрт дамуы жеке ғылымдардың 
өзінің көпсалалы пәндерге айналуына, сонымен қатар екі саланың 
қиылысқан жерінен пайда болған биофизика, астрофизика, биохимия 
сияқты жаңа ғылым салалары дүниеге келді.
Сонымен, ғылымның қалыптасып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет