© 2019 Al-Farabi
Kazakh National University
ISSN 2520-2634, eISSN 2520-2650 Педагогикалық ғылымдар сериясы. №3(60).2019 https://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz
4
ҒТАМР
14.09.91
https://doi.org/10.26577/JES-2019-3-p1
Әрінова Б.А.
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а,,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан, Алматы қ., e-mail: baxit-@mail.ru
ҰЛЫ ДАЛА ОЙШЫЛДАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК
ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Мақалада жоғары оқу орындарында білімденуші студент жастардың рухани-адамгершілік
тәрбиесін дамыту мәселесі қарастырылады. Жастардың қоғамдық-әлеуметтік
топ және біздің
еліміздің өркендеуіне үлес қосатын болашақ маман ретіндегі рөлі туралы айтылады. Студент
жастарды қазіргі рухани жаңғыру жағдайындағы адамгершілікке тәрбиелеуде
Ұлы дала
ойшылдарының асыл мұраларының орны ерекше екендігі дәйектеледі.
Мақаланың негізін қазақ
халқының ғұлама ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни,
Махмұт Қашқари, Ахмед
Йүгінеки және Асан Қайғы сияқты даналық әлемінің асылдарының еңбектерінде айтылған
тәрбиелік мәнді ой-пікірлер құрайды. Аталған ойшылдардың шығармаларында қарастырылған
мәселелердің адам баласының өміріндегі мәнін ашу мақсат етіледі. Адам бойындағы жақсы
және жаман қасиеттердің тұлғаның өзін-өзі тануына ықпалы туралы мысалдар беріледі. Ұлы дала
ойшылдарының еңбектеріндегі адамгершілік сапаларына негізделген мінез-құлық нормалары
талданады. Сонымен қатар мақалада бұл ғұламалардың еңбектерінің жоғары оқу орындарындағы
«Өзін-өзі тану» пәнінің білім мазмұнында қамтылуы және оларды оқытудың кейбір әдістемелік
үлгілері ұсынылады.
Түйін сөздер:
Ұлы дала,
ойшылдар, даналық әлемі, студент жастар, рухани-адамгершілік
тәрбиесі, білім мазмұны, әдістер, еңбектер.
Arinova B.A.
Ph.D., acting Associate Professor, Al-Farabi
Kazakh National University,
Kazakhstan, Almaty, e-mail: baxit-@mail.ru