Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
қиындығына байланысты (ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
деректері бойынша, 2012 жылы тіркелген 2
093 мүгедектігі бар бала мүгедектік бойынша
жәрдемақы алмайды); екіншіден, мүгедектікке
қатысты кемсітушілік жағдайлардың көптігі не-
месе мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық
өмірге араласуы
жолында кедергілердің көп
болуы (БҰҰ, 2009 ж.). Сөйтіп, мүгедек бо-
лып туылған балалардың ата-аналары отба-
сы әлеуметтік стигмамен (қара таңба) және
оқшаулаумен кезігуі мүмкін болғандықтан,
көбінесе мүгедектік туралы хабарлауға аса
ықыласты болмайды (ЭЫДҰ, 2009 ж.). Солай
бола тұрса да, егер экономикалық өсімнің бая-
улауы (2011 жылғы 7,5 пайыздан 2012 жылғы
5 пайызға дейін) (Дүниежүзілік банк, 2013 ж.)
әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаражат
көлеміне әсер ететін болса,
соған сәйкес,
мүгедектікті тіркеу үшін қосымша қиындықтар
туғызатын болса (сондай-ақ мүгедектігі
бар балалар мен олардың отбасыларының
қауқарсыздығы мен әлеуметтік оқшаулануын
арттыратын болса) оны әлі көруге болады.
Шындығында, 1-кестенің деректері бұрынғы
Кеңес Одағының республикаларында тіркелген
мүгедектігі бар балалардың абсолютті саны
1-сурет. 2005–2012 жж. кезеңінде балалардың
жалпы санымен салыстырғандағы мүгедектігі
бар балалардың жалпы саны (мыңға шаққанда)
5 000
4 900
4 800
4 700
4 600
4 500
4 400
2005
2010
2011
2012
балалардың жалпы саны тіркелген
мүгедектігі бар балалардың жалпы саны
2-сурет.
Балалардың жалпы санынан
пайызға шаққандағы мүгедектігі бар
балалардың жалпы саны (2005–2012 жж.)
100%
95%
90%
85%
80%
2005
2010
2011
2012
балалардың жалпы саны тіркелген
мүгедектігі бар балалардың жалпы саны
Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі деректерінің негізінде, 2012 ж.;
Трансмони, 2013 ж.
2005 және 2011 жылдардың арасында
(Молдова мен Армениядан басқа) артқан. Бұл
осы елдердің әрқайсысында балалар (және ере-
сектер) арасындағы мүгедектікке көзқарастың
өзгеруінің салдары болып табылуы мүмкін.
Тіркелген мүгедектігі бар балалар санының
оларға деген көзқарастың өзгеруімен байланы-
сты артуы, сонымен қатар интеграция жөніндегі
неғұрлым тиімді саясат бұл елдердегі «жасырын
мүгедектік» санын азайтуға көмектесуі мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі
бар балаларға барған сайын көбірек
көңіл
бөлінуіне және оларды қоғамға арала-
стыру бойынша қабылданып жатқан іс-
қимылдарға қарамастан, олар күнделікті
өмірде бұрынғысынша қиындықтарға кезігіп
жатады. Мүгедектігі бар балаларды қоғамға
араластыру, тұтастай алғанда, бұрынғысынша
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік
саясаттың шешілмеген мәселелерінің бірі бо-
лып қала береді. Жалпы білім беру жүйесінде
мүгедектігі
бар балаларды қоғамға арала-
стыру және олардың тең құқылығы секілді
аспектілер міндетті түзеу, педагогикалық және
психологиялық көмек тұрғысынан көп күш
жұмсауды талап етеді (БҰҰДБ, 2008 ж.).
23
3-суретте Қазақстан Республикасындағы негізгі
өңірлерге сәйкес 2012 жыл бойынша мүгедектігі
бар балалардың жалпы санының бөліну кар-
тасы бейнеленген. Абсолютті сан бойынша
мүгедектігі бар балалар негізінен Қарағанды,
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан об-
лыстарында шоғырланған. Мұны бұл өңірлерде
тұратын халық санының көптігімен түсіндіруге
болады (бүкіл халықтың 40 пайызға жуығы
осы өңірлерде тұрады). Мүгедектігі
бар бала-
лар саны біршама көп басқа өңірлерге Шығыс
Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыста-
ры мен Астана және Алматы қалалары жата-
ды, мұнда 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар
балалар саны 2 752 -ден 4 421-дің арасында.
Бұлардан кейін Павлодар, Ақтөбе және Батыс
Қазақстан облыстары тұр, мұнда мүгедектігі
бар балалардың жалпы саны 2 440 -тан 2
752-ге дейінгі аралықты қамтиды. Мұндай
айырмашылықтарды халықтың құрылымымен,
сондай-ақ Оңтүстік
Қазақстан аумағындағы
уран концентрациясымен немесе қалаға жақын
жерлердегі 456 ядролық сынақтың (Кеңес
Одағы Семей ядролық полигонын (СЯП) алғашқы
жарылыстан бастап 1949 жылдан 1989 ж. дейін
басқарды) салдарлары секілді мүгедектіктің
неғұрлым жиі болуына ықпал ететін басқа фак-
торлармен түсіндіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: