Бекітемін_______________________________
Меңгеруші:_____________________________
( тегі, аты, әкесінің аты)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 – 2023 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Қыркүйек айы 2022жыл
Айы Ұйымдастырылған
іс әрекет
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
Қ
ыр
күй
ек
Дене шынықтыру
Жалпы дамытушы жаттығулар:
Қолды алға,
екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару;
саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау.
Екі қол белде,
кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу. Оңға, солға иілу,
еңкею, шалқаю; алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу. Екі қолды
белге қойып, екі жаққа иілу.
Аяқтың ұшымен көтерілу; екі аяқты кезекпен алға
өкшемен, содан кейін ұшымен қою, топылдату.
Негізгі қимылдар:
Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен,
басқа қимылдармен
кезектестіру, қол мен аяқ қимылын үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау;
Бірқалыпты, аяқтың ұшымен,тізені жоғары көтеріп жүгіру, кіші және үлкен
қадаммен жүгіру, сапта бір-бірлеп, түрлі бағытта жүгіру.
Бір
орында тұрып, екі аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре отырып, 10
рет секіру), 2–3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру;
Заттар арасымен доптарды, құрсауларды домалату.
Допты бір-біріне төменнен
лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта), допты екі қолымен бастан асыра
кедергі арқылы лақтыру (2 м қашықтықтан).
8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап
еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу.
Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық), сызықпен,
арқанмен, тақтаймен,
гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру.
Қатарға бір- бірден сапқа тұру.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар
:
Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында таныс дене жаттығуларын
орындау.
Спорттық жаттығулар
:
Үш дөңгелекті және екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға,
солға бұрылыстарды
орындау;