23
қҧбылыстарды
сақтауға
бағытталған
нейрогуморалдық
реакциялар жатады.
Салыстырмалы
тҧрақты организмнің
қорғану-икемделу
жолдары аурудың барлық сатыларында байқалады. Оларға
мыналар жатады:
●
бҥлінген
ішкі
ағзалардың
қосымша,
қалыпты
жағдайларда пайдаланылмаған мҥмкіншіліктерінің қосылуы.
Мәселен, сау адамда ӛкпенің тыныстық бетінің 20-25% ғана
пайдаланылады. Ӛкпенің қабынуы кезінде әдетте тынысқа
қатыспайтьш
қосымша тыныстық
бет қосылып, керекті
газдардың алмасуы қамтамасыз етіледі. Сау адамдарда жҥрек
еті қуатының 20%, бҥйрек шумақтарының 20-25%, бауыр
жасушаларының 12-15% ғана пайдаланылады. Әртҥрлі
аурулар
кездерінде организмде қалыпты жағдайда пайдаланылмаған
қосымша қуаттар қосылады да,
сауығуға қолайлы жағдай
туындатады;
● кӛптеген қосымша реттеу жҥйелерінің қосылуы.
Мәселен,
термореттелудің
жоғары
деңгейге
ауысуы,
лейкоциттердің ӛндірілуі артуы;
● кӛптеген уларды бейтараптау ҥрдістері (қан мен
тіндердің
нәруыздарымен
байланыстыру,
тотығу-
тотықсыздану, метилдеу, алкилдеу,
бауыр жасушаларында
микросомалық тотығу т. б.) сергуі;
● бір ядролы макрофагтар жҥйесінің белсенділігі артуы.
Бҧл жҥйенің жасушалары жаралардың бітуінде, тіндердің
қабынуында,
иммундық
және
аллергиялық
серпілістер
дамуында маңызды қызмет атқарады.
Тҧрақты
қорғану-икемделу
тетіктердің
негізінде
гипертрофия,
гиперплазия, тіндердің регенерациясы дамуы
жатады. Мәселен, қан кеткеннен кейінгі эритропоэздің
артуы,
организмнің
иммундық
реакциялары
(антидене
ӛндірілуі, Т- және В- лимфоциттердің ӛсіп-ӛнуі), жҥрек
етінің гипертрофиясы кейде кӛп
айларға және жылдарға
сақталады.
Осы
кӛрсетілген
тетіктердің
нәтижесінде
ауру
организмнің сауығуы болады. Сауығу толық немесе жартылай
болуы мҥмкін. Кӛрсетілген сауығу тетіктері жеткіліксіз
болғанда, дҧрыс ем тәсілдері қолданылмағанда т.с.с.
жағдайларда сауығу толық болмайды. Мысалы, ревмокардиттен
кейін жҥрек қақпақшаларында ақау қалыптасуы мҥмкін.
Қабынудан кейін ағзаның қызметін бҧзатын
тыртықтар қалуы
ықтимал. Кейде ауру туындататын әсер немесе оның даму
жолдарында
пайда
болған
ӛзгерістер
тоқталмаған
жағдайларда
ауру
созылмалы
тҥрге
ауысады.
Кейбір
аурулардың
созылмалы
тҥрде
ӛтуі
олардың
себепкер
24
ықпалдарына байланысты болады. Мәселен, туберкулез, сарып
т.б. дерттердің қоздырғыштары макрофагтардың іштерінде
тіршілігін ҧзақ сақтап, олардың әсерленуіне әкеледі.
Содан созылмалы тҥйіршіктелген қабыну дамиды.
Дерттің
созылмалы тҥрде ӛтуінде ремиссия, рецидив (қайталану),
асқыну деген тҥсініктерді атай кету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: