Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет233/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Эмболия.
Эмболия 
(гр. Emballein - ішке лақтыру) 
- деп қан немесе 
лимфа ағымдарымен келген заттармен қан тамырларының 
бітелуін айтады.
Бҧл заттардың тҥріне қарай эмболияны 
экзогендік (ауа, газ, бӛгде заттар, бактериялар, қҧрттар) 
және эндогендік (тромб, тіндер, майлар) деп ажыратады. 
Әдетте эмболдың (эмболия туындатқан заттың) қозғалуы 
қанның қозғалу бағытымен бірге 
болады. 
Кейде ірі 
кӛктамырларда қан ағымы баяулаудан эмбол ӛзінің салмағымен 
қан ағу бағытына қарсы қозғалуы ықтимал. Бҧндай эмболияны 
кері бағыттағы (ретроградтық) эмболия деп атайды. Сонымен 
бірге әдеттен тыс (парадоксалдық) эмболия болуы мҥмкін. 
Бҧл кезде эмбол, жҥрекше аралық немесе қарынша аралық 
қалқандарда ақау тесіктердің болуынан, жҥректің оң жағынан 
сол жағына тікелей, кіші қанайналым шеңберіне тҥспей, 
ауысады. 
Экзогендік эмболиялар. 
Ауа эмболиясы ірі кӛктамырлар 
(кҥре тамырлар, бҧғана асты кӛктамыры) жарақаттанғанда 
пайда болады. Бҧл тамырларда қан қысымы теріс болады және 
олардың қабырғалары айналасындағы тіндерге жабысқан. 
Сондықтан жарақаттанғаннан кейін олардың саңылаулары 
жабылмай қалады да, тыныс алу кезінде ашық тҧрған 
саңылаулары арқылы ауа тамыр ішіне сорылады. Бҧл ауа оң 
жҥрекше, 
қарынша 
арқылы 
кіші 
қанайналым 
шеңбері 
тамырларына тҥседі, ӛкпе артериолалары мен қылтамырларын 
бітеп қалады. Осыдан ӛкпеде қанайналым бҧзылады, газдардың 
алмасуы нашарлайды, тыныстық гипоксия дамиды, адам 
тҧншығудан ӛледі. 
Газ эмболиясы адам жоғары атмосфералық қысымнан тӛменгі 
қысымға тез ауысқанда дамуы мҥмкін. Мәселен, терең суға 
сҥңгігенде әрбір 10 метр сайын барометрлік қысым 1 
атмосфераға ҧлгаяды. Сондықтан теңіз немесе мҧхиттарда 
қессондық жҧмыс атқаратын адамдарға бірнеше атмосфера 
барометрлік қысым әсер етеді. Бҧл кезде организмде 


273
газдардың (азоттың) еруі кҥшейеді. Олардың еруі май 
тіндерінде болады. Егер бҧл адамдарды су астынан кҥрт 
кӛтерсе, онда организмде еріген газдар бірден газ кҥйіне 
айналады да, организмнен сыртқа шығарылып ҥлгермейді. Бҧл 
газдар тамыр ішіне тҥсіп, эмболия дамуына әкеледі. Осындай 
жағдай ҧшақтармен жоғары биіктікке кӛтерілгенде олардың 
кабинасы жабылуының тығыздыгы бҧзылғанда байқалады. Бҧл 
кезде қанда еріген газдар газ кҥйіне ауысады да, ҥлкен қан 
айналым шеңберлерінің қылтамырларын бітеп қалуы ықтимал. 
Кӛрсетілген жоғары барометрлік қысымнан тӛмен қысымға тез 
ауысу жағдайы декомпрессиялық аурулардың дамуына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет