Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Эндогендік эмболиялар. Тромбэмболия



Pdf көрінісі
бет234/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Эндогендік эмболиялар. Тромбэмболия.
Қан тамыры ішінде 
орналасқан қан қатпасының бір бӛлшегі ҥзіліп, тромбэмболия 
дамуына әкелуі ықтимал. Мәселен, аяқтың кӛктамырлары 
қабынып, ішінде тромб пайда болғанда (тромбофлебит), оның 
бір бӛлшегі ҥзіліп оң жақ жҥрекке, одан ӛкпе артерияларына 
тҥсуі мҥмкіншілігі болады. Содан ӛкпеде инфаркт дамиды, 
тыныс алу бҧзылады. Оң жақ жҥрекше мен қарынша аралық 
қақпақшалардан ҥзілген тромб ӛкпе артериясының, сол жақ 
жҥрек қуысындағы (эндокардит, аневризма кездерінде) немесе 
артериялардағы 
тромбтар 
ҥлкен 
қанайналым 
шеңбері 
тамырларының эмболиясына әкеледі. 
Май эмболиясы 
май талшылықтарының қан тамырларына 
тҥсуінен дамиды. Бҧл эмболия жіліншік сҥйектердің жаншылып 
сынған кезінде жиі байқалады. Ӛйткені сҥйек кемігінде 
қантамырларының қабырғалары сҥйек перделеріне жабысқан. 
Сондықтан олар жарақат кезінде жабылмай ашық тҧрады. Осы 
ашық тамыр саңылаулары арқылы жіліншік майы жеңіл ӛтіп 
кетеді. Май эмболиясы кӛктамырлармен ӛкпе артерияларына 
ӛтеді. Кейде майдың ҧсақ тамшылары ӛкпе қылтамырларынан 
ӛтіп, ҥлкен қанайналым шеңберіне тҥседі. 
Тіндік эмболия 
қатты жаншылып, жарақаттанған ағзалардың 
тіндері, ӛспе жасушалары тамыр ішіне тҥсуден дамиды. 
Эмболдардың орналасқан жеріне қарай: кіші қанайналым 
шеңберінің 
эмболиясы, 
ҥлкен 
қанайналым 
шеңберінің 
эмболиясы, қақпа кӛктамырларының эмболиясы деп ҥш топқа 
ажыратылады. 
Кіші 
қанайналым 
шеңберінің 
эмболиясы. 
Ӛкпе 
артерияларының ҧсақ тармақтарының кӛптеген эмболдармен 
бітелуі, жекеленген ірі тармақтардың бітелуіне қарағанда, 
тым ауыр ӛтеді. Ӛкпе артерияларының эмболиясы кезінде 
олардың іштеріндегі рецепторлардың қоздырылуынан жҥйкелік-
рефлекстік жолмен шеткері тамырлардың кеңуіне әкелетіні 
байқалған. Бҧл рефлекстің белгілі мӛлшерде қорғаныстық 
маңызы болады. Осы рефлекс бойынша ӛкпеге келетін қанның 
мӛлшері 
шектеледі. 
Содан 
ӛкпенің 
ісініп 
кетуінен 


274
сақтандырады. 
Бірақ 
ӛкпеде 
газдардың 
алмасуы 
бҧзылғандықтан жҥрек етінің гипоксиясы дамып, оның 
жиырылғыштық қызметі әлсірейді, артериялық қысым қатты 
тӛмендейді, коллапс дамиды. Кіші қанайналым шеңбері 
тамырларында эмбол тҧрып қалғанда, ӛкпе артериолаларының 
рефлекстік жиырылуы болады, ӛкпе артерияларында қан қысымы 
кӛтеріледі. Бҧл ӛз алдына оң жақ жҥректің қызметін 
ауырлатады, қуыс т. б. ірі кӛктамырларда қанның іркілуіне 
және оларда қан қысымы кӛтерілуіне әкеледі. 
Осыдан оң қарыншаның тез дамитын жеткіліксіздігі, 
жҥрекке ағып келетін қан кӛлемі және жҥрек шығарымы 
азаяды, организмнің ӛліміне әкелетін жалпы қанайналым 
жеткіліксіздігі 
дамиды. 
Сонымен, 
кіші 
қан 
айналым 
шеңберінде эмболия болғанда ӛкпеде ауа алмасу және онда 
қан айналым бҧзылғандықтан тыныстық гипоксия дамиды. Оған 
организмде жалпы қан айналым бҧзылуынан циркуляциялық 
гипоксия қосылады. Осыдан келіп қанда оттегі азайып, кӛмір 
қышқыл газы кӛбейеді, ентік дамиды. 
Ҥлкен қанайналым шеңберінің эмболиясына сол жҥрек 
ішіндегі 
(тромбэндокардит, 
миокард 
инфаркты) 
және 
артериялардың ішінде қҧрылған тромбтар, газ немесе май 
эмболиялары 
жиі 
әкеледі. 
Бҧл 
эмболдар 
жҥрек 
артерияларында, ми, бҥйрек, кӛкбауыр т. б. ағзалардың 
тамырларында жиі орналасады. Содан осы ағзаларда ишемия, 
инфаркт дамиды. 
Қақпалық кӛктамырдың эмболиясы сирек кездеседі. Бҧл 
кӛктамырдың эмболмен бітелуі іш қуысы ағзалары (асқазан, 
ішектер, кӛкбауыр) тамырларында қан іркілуіне, қан 
қысымының кӛтерілуіне әкеледі. Осыдан іш шемені, іш 
терісінің астындагы кӛктамырлардың кеңуі, кӛкбауырдың 
ҧлғаюы байқалады. Кӛп қан, мӛлшермен бар қанның 90%-ы іш 
қуысы ағзаларының кӛктамырларында жиналып қалуынан, жалпы 
айналымдағы 
қан 
кӛлемі 
азаяды, 
артериялық 
қысым 
тӛмендейді, тыныс алу бҧзылады, естен тану, тыныстық және 
қантамырларының 
қимылдық 
орталықтарының 
салдануы 
байқалады, осыдан организмнің жан тапсыруы болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет