Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тҧруы. Қабыну медиаторлары венулалардың эндотелий жасушаларына
әсер
етіп,
олардың
қабықтарында
жабыстырғыш
молекулалардың тҥзілуін арттырады. Осыдан эндотелий
жасушалары
мен
қандағы
лейкоциттердің
ӛзара
әрекеттесулері басталады да, артынан лейкоциттер жасуша
аралық заттармен әрекеттеседі.
Лейкоциттер ҧсақ тамырлардың ішкі қабаты бойында
тізбектеліп орналасады, эндотелий жасушаларына жабысады.
Эндотелий жасушалары ӛздеріне лейкоциттерді жабыстыратын
молекулалар бӛліп шығарады. Оларға Е – және Р-
селектиндер мен иммуноглобулиндерге ҧқсас адгезиялық
молекулалар жатады (5-сурет).
290 5-сурет. Селектиндердің әсерленуі.
Бҧл жабыстырғыш (адгезиялық) молекулаларға жасуша
ішілік жабыстырғыш молекула – ICAM-1, ICAM-2 (intercell
adgesion molecule – 1, 2), қан тамырлары жасушаларының
жабыстырғыш молекуласы – VCAM-1 (vascular cell adgesion
molecule – 1) жатады. Е-селектин тіндердің бҥліністерінен
пайда болатын цитокиндердің әсерлерінен бірнеше сағаттан
соң эндотелий жасушаларының қабықтарында ӛндіріледі. Р-
селектин эндотелий жасушаларында ҧдайы ӛндіріледі де,
олардың
іштерінде
жинақталады.
Қабыну
дәнекері
гистаминнің әсерінен бірнеше минӛттің ішінде ол эндотелий
жасушаларының сыртқы беттеріне шығарылады.
6-сурет.
Лейкоциттердің
сыртқы
беттеріндегі
L-
селектин мен интегриндер.
Сонымен бірге лейкоциттердің сыртқы беттерінде L –
селектиндер
және
интегриндер
болады
(6-сурет).
Лейкоциттер L-селектинімен эндотелий жасушаларының Е-
және Р-селектиндерімен байланысудан олар тамырлардың ішкі
қабығының беттерінде домаланып, тербеліп тҧрады. Осындай
қҧбылысты ағылшынша «роллинг» деп атайды (7-сурет).
291 7-сурет.
Лейкоциттердің
эндотелий
жасушаларының
беттерінде тербеліп тҧруы.
Артынан
қабыну
медиаторларының
әсерлерінен
лейкоциттердің интегриндері әсерленіп, олардың жәрдемімен
эндотелий жасушаларының иммундық глобулиндерге ҧқсас
адгезиялық молекулаларымен қатты жабысады. Содан
лейкоциттер тамырдың ішкі қабығына жармасып алады да,
ӛздерінің жалған аяқшаларын эндотелий аралық саңылау
арқылы тамыр сыртына шығарады. Артынан олар белсенді
қозғалыстар жасап, іштеріндегі қҧрылымдарын тамыр сыртына
ӛткізеді (8-сурет).
Бҧл кезде эндотелий жасушалары лейкоциттерден шығатын
медиаторлардың әсерлерінен жиырылады. Содан эндотелий
жасушалары дӛңгеленіп, арасындағы саңылаулары кеңиді.
Лейкоциттер шығып кеткен соң эндотелий жасушаларының
жанасуы қалпына келеді.
Эндотелий қабатынан ӛткен соң лейкоцитке тіректік
мембрана арқылы ӛтуі қажет. Бҧл мембрананың қалыңдығы
40-60 нм және ол гликозамингликандары кӛп біркелкі зат
пен коллаген талшықтарынан тҧрады. Әртҥрлі ядролы
лейкоциттер тіректік мембрана арқылы ӛту кезінде оған
ӛздерінің
ферменттерімен
(эластаза,
коллагеназа,
гиалуронидаза) әсер етеді. Олар кӛрсетілген мембрананың
молекулалық
қҧрылымын
ӛзгертіп,
оның
ӛткізгіштігін
жоғарылатады. Бҧл ҥрдісте ферменттерден басқа катиондық
нәруыздарда белгілі қызмет атқарады.
8-сурет. Лейкоциттердің тамыр сыртына шығу кезеңдері.
292 Лейкоциттердің тамыр сыртына шыққан соң қабыну
ошағында қозғалуы байқалады. Бҧл хемотаксис қҧбылысымен
тҥсіндіріледі.