Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет245/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Фагоцитоздың бҧзылыстары. 
Жоғарыда 
келтірілген 
деректерге 
байланысты 
фагоцитоздың бҧзылыстары туа біткен (тҧқым қуалайтын) 
және жҥре пайда болған –деп екіге ажыратылады.
Туа біткен фагоцитоздың бҧзылыстары
әртҥрлі гендердің 
ақаулары нәтижесінде: 
● лейкоциттердің адгезиясы бҧзылуынан; 
● хемотаксис қҧбылысының ауытқуларынан; 
● бактерия жойғыш жҥйелердің ақауларынан – байқалады. 
Лейкоциттердің адгезиясы бҧзылуының
тҧқым қуатын екі 
тҥрі белгілі. Олар интегриндердің ақауларынан немесе Е- 
және Р- селектиндермен байланысатын кӛмірсулық заттардың 
(лигандаларының) ақауларынан болуы мҥмкін. 
Хемотаксистің ауытқулары: 
♣ химиялық тартқыштардың жеткіліксіз ӛндірілуінен; 
♣ лейкоциттердің іштеріндегі майда талшықтар мен 


297
тҥтікшелердің ақауларынан – дамуы ықтимал. Бҧл кезде 
олардың қимыл-қозғалыстарының бҧзылыстары болып, «жалқау 
лейкоциттер» немесе Чедиак-Хигаши синдромы дамиды. 
Фагоциттердің бактерия жойғыш жҥйелерінің ақаулары
мына жағдайларда: 
♣ 
НАДФН-оксидаза 
ферментінің 
гендік 
ақауынан 
оттегінің бос радикалдары ӛндірілуінің бҧзылуы; 
♣ катиондық нәруыздардың ақауы; 
♣ лизосомалық ферменттердің тӛмен белсенділігі – 
кездерінде байқалады. 
Жҥре пайда болған фагоцитоздың бҧзылыстары: 
♣ қантты диабет;
♣ ауыр металдармен улану; 
♣ сәулесоқ ауру; 
♣ тамақ қҧрамында нәруыздар жетіспеуі; 
♣ стероидтық гормондармен ҧзақ емдеу; 
♣ қартаю, т.б. – кездерінде лейкоциттердің адгезиясы, 
хемотаксис, бактерицидтік жҥйенің бҧзылыстарынан дамиды. 
Бҧл келтірілген жағдайлардың барлығында фагоцитоз 
аяқталмаған болады және жҧқпалардың бҥкіл денеге жайылып, 
тарап кетуі байқалады. Бҧндай жағдайларда адам әртҥрлі 
жҧқпаларға жиі ҧшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет