Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Қан араласқан (геморагиялық) жалқық



Pdf көрінісі
бет247/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Қан араласқан (геморагиялық) жалқық

қан 
тамырларының тіректік мембраналарында ауыр бҥліністер 
болғанда пайда болады. Жалқықтың қҧрамында эритроциттер 
кӛп болады. Осындай жағдай тҧмаудың нәтижесінде пневмония 
дамуы, кҥйдіргі ауруы кездерінде байқалады. 
● 
Фибринді жалқық
- қабыну ошағында қан тамырлары 
қабырғаларының ӛткізгіштігі тым қатты кӛтеріліп кеткенде, 
тамыр сыртына фибриноген артық шығуынан пайда болады. Ол 
бҥлінген тінмен жанасудан фибринге айналады. Бҧндай 
жағдай 
кҥл ауруы және сатқақ ауруы 
(дизентерия) 
кездерінде байқалады. 
● 
Шірік жалқық
– ауасыз (оттегісіз) жерде ӛсетін 
бактериялардың 
әсерлерінен 
болады. 
Мәселен, 
қалың 
бҧлшықет ішіне оқпен анаэробтық жҧқпа тҥсуінен газдық 
гангрена дамуы шірік жалқық дамытады. 
● 
Араласқан жалқық
– келтірілген жалқық тҥрлерінің 
бірнешеуінің арала- суынан болады. 
Эксудацияның маңызы. 
Қабыну ошағына қан сҧйығы мен нәруыздарының және 
лейкоциттердің шығуының жағымды және жағымсыз жақтары 
болады. 
Жағымды жақтары: 
♣ қабыну ошағындағы микроб уыттарын т.б. зиянды 
заттарды сҧйылтады; 
♣ қан нәруыздарымен шығарылған антиденелер мен 
ферменттер микробтарды және олардың уыттарын ыдыратады; 


299
♣ лейкоциттер бактерияларды фагоциттейді; 
♣ қабынудан пайда болған уытты ӛнімдер денеге тарап 
кетпей, қабыну ошағында ҧсталып тҧрады. 
Жағымсыз жақтары: 
♣ қабыну ошағына шыққан сҧйық қан тамырларын қысып, 
тіндердің оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз 
етілуін бҧзады; 
♣ қабынулық жалқық сезімтал жҥйке аяқшаларын қысып, 
ауыру сезімін туындатады; 
♣ іріңді жалқық айналасындағы сау тіндерді ыдыратып 
жібереді; 
♣ тҧйық кеңістіктерде орналасқан қабынулық жалқық 
организмге уытты әсер етеді; 
♣ қабынған ағзаның қызметін бҧзады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет