287
арқылы
қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер
арасында әртҥрлі заттармен (О
2
, СО
2
, қоректік зат алмасу
ӛнімдерімен) алмасуды айтады. Қабыну дамуы кезінде
микроциркуляцияның ӛзгерістері тӛрт сатыда ӛтеді:
● қысқа мерзімді қан тамырларының жиырылуы;
● артериялық гиперемия;
● веналық гиперемия;
● стаз алды жағдай және стаз.
Микроциркуляцияның ӛзгерістерін Конгейм тәжірибесі
кӛмегімен зерттеу ыңғайлы. Бҧл
кезде бақаның ішектерін
сыртқа шығарып, тақтайдың тесігінің ҥстіне кереді де,
шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде бірінші
сатысында қоздырғыштың әсерінен (ішектерін шығарғандағы
зақымдану) бірден пайда болатын ӛте қысқа мерзімде
артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен кӛруге
болады. Ол рефлекстік тҥрде (аксон рефлексі бойынша тамыр
жиырылтқыш жҥйкенің межеқуаты артуынан)
болады және тез
арада, бірнеше секундтар ішінде, ӛтіп кетеді. Бҧның
артынан артериялық гиперемия пайда болады. Ол қабыну
ошағында кӛп мӛлшердегі қабыну дәнекерлері (гистамин,
серотонин, брадикинин т.б.) пайда болып, олар тамыр
қабырғаларындағы эндотелий жасушаларының рецепторларына
әсер етуден азоттың сыңар тотығы (NO)
және басқа тамыр
кеңітетін заттар ӛндіріледі. Сонымен бірге аксон-
рефлекстік
жҥйкелік
серпіндерден
қан
тамырларын
кеңітетін пептидтер (Р-заты, нейропептид V т.б.) босап
шығады. Сонымен қатар, артериялық тамырлардың кеңеюіне
қабыну
ошағында ацидоз дамуы, К
+
- иондарының жиналуы
т.с.с.
қҧбылыстар
әкеледі
Осылардың
әсерлерінен
артериолалардың қабырғаларының тегіс еттерінің босаңсып,
кеңіп кетуі болады. Артериялық гиперемияның нәтижесінде
қанның қабынған тінге ағып келуі ҧлғаяды; бҧрын қызмет
атқармай бос тҧрған қылтамырлар ашылып, оларда қан қысымы
кӛтеріледі. Осыдан қабыну ошағында қызару болады және зат
алмасу
ҥрдістері
кӛтерілуіне
байланысты
оның
температурасы жоғарылауы байқалады.
Тәжірибе басталғаннан кейін 30-60 минӛт ӛткен соң
қабынудың барысы ақырындап ӛзгереді: артериялық гиперемия
веналық гиперемиямен
ауысады.
Бҧл
кезде қан
ағу
жылдамдығы
баяулайды, қан ағу тҥрі ӛзгереді. Мәселен,
егер
артериялық
гиперемия
кезінде
қан
жасушалары
негізінен тамыр орталығында (орталық ағым), ал тамыр
қабырғаларына жақын плазма мен аз мӛлшерде лейкоциттер
орналасқан (плазмалық ағым) болса, онда енді бҥл бӛліну
бҧзылады. Қанның реологиялық (гр. rhеоs — ағым) қасиеті
ӛзгереді.
Қан
қоюланып,
тҧтқырланады,
эритроциттер
288
ісініп, ӛзара ретсіз шоғырланып қалады. Олар тамыр
ішінде баяу жылжиды немесе ҧсақ тамырларда топталып
тҧрып қалады.
Веналық
гиперемия
кӛптеген
ықпалдардың
әсерлерінен
дамиды.
Солардың ішінде қан қоюлануы, зритроциттердің
ӛзара жабысуы, кӛктамырларда қан қатпалары пайда болуы
т.б. ықпалдар маңызды орын алады.
Ары қарай стаз алды жағдай және стаз дамиды. Стаз
алды жағдай дамуымен қан қозғалысы тербелмелі тҥр
қабылдайды. Жҥрек систоласы кезінде ол артериялардан
венаға қарай қозғалса, диастоласы кезінде — кері бағытта
қозғалады. Соңында
қан қозғалысы толық тоқтайды, стаз
дамиды (Шеткері қанайналым бҧзылыстарын қараңыз).
Веналық гиперемия мен стаз қабыну дәнекерлерін,
микробтар мен олардың уыттарын қабыну ошағында жинап,
жалпы қан айналымға тҥсірмейді. Егер олар жҥйелік қан
айналымға тарап кетсе, онда организмде кӛптеген дерттік
ӛзгерістерге әкелетіні сӛзсіз. Бҧл
кездерде қан
сҧйығының және лейкоциттердің тамыр сыртына шығуына
қолайлы жағдай пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: