Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтан да сөздердің пайда болуы әртүрлі себепке және тарихқа байланысты, тіл-тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық құрылысы болады. Халықтар қашанда тұйық өмір сүрмейді, өзге халықтармен экономикалық, саяси, мәдени байланыста болады. Ал бұл қатынас тілге әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске енетін тілдің лексикалық қабаты болып саналады.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. - Қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан
- байырғы сөздер,
- кірме сөздер,
- неологизмдер
- термин сөздер,
- әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер, диалектизмдер мен кәсіби сөздер,
- яғни тіліміздегі барлық сөздер енеді.
- Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы болып табылады. Сөздік қорға қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сипат алған сөздер ғана кіреді.
- Жалпы халыққа түсінікті, жаңа сөздер жасауға ұйытқы болатын, өте ертеден келе жатқан сөздер негізгі сөздік қор деп аталады.
Негізгі сөздік қордың ең маңызды белгісі жалпыхалыққа түсініктілігінде: оны мамандығына қарамастан инженер де, мұғалім де, агроном да, зоотехник те, ұшқыш та, дәрігер де, жасына қарамастан үлкен де, кіші де түсіне береді. Негізгі сөздік қордың тағы бір ерекше белгісі жаңадан, тыңнан сөздер жасауға ұйытқы бола алады.
Негізгі сөздік қорға мынадай тақырыптық топтарды жатқызуға болады. Туысқандық атауларды білдіретін сөздер: әке, шеше, ана, ата, әже, аға, апа, іні, қарындас, сіңлі, жиен, нағашы, т.б.
Дене мүшелеріне қатысты сөздер: бас, көз, құлақ, мұрын, ауыз, бет, тіс, қол, аяқ, тізе, т.б.
Аспан денелерінің атаулары: күн, ай, марс, жұлдыз, шоқжұлдыз, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |