Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары



бет3/3
Дата27.10.2023
өлшемі55,78 Kb.
#188730
1   2   3
Байланысты:
Лексиканың шығу арналары

Диа­лект сөз­дер. Жалпыхалықтық тілде белгілі бір жердің, аймақтың халқына ғана қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән өзгешеліктері бар тілдік бірліктер де кездеседі. Мұны диалектілік ерекшеліктер деп атаймыз.
Кәсіби сөздер жергілікті жерде әр алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасады, сол кәсіпке, өндіріске байланысты заттардың, еңбек құралдарының еңбек өнімінің, үдерісінің атау­ларын білдіреді. Мұндай сөздер белгілі бір кәсіппен шұғылданған адамдар арасында қолданылады да, көбіне солардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мысалы, Каспий, Арал балықшылары тіліндегі шола (балықтың азаюы), ұйық (балықтың бір жерге шоғырлануы), әттік (қармақтың тілі), балберкі (қалтқы), т.б. сөздерді балық шаруашылығын кәсіп еткен адамдар ғана түсініп, бұл кәсіппен шұғылданбайтын басқа жердің адамдары білмейді де, түсінбейді
Қазақ тілінің функционалды қолданысының артуына байланысты тілдің лексикалық құрамы үнемі өзгеріс үстінде болады. Тілдік жүйеге, сөйлеу процесіне енген жаңа атау және оның жаңа қолданыс екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды.
Ескі заманның, ескі қоғамдық қатынастардың көрінісі байқалатын атаулар көне сөздер деп аталады.
Көне сөздер өз ішінен ескірген сөздер (архаизмдер) және тарихи сөздер болып екіге бөлінеді.
Ес­кір­ген сөз­дер. Мағынасы көнергендіктен тілден шығып қалған немесе күнделікті өмірде өте сирек қолданылатын же­келеген сөздер ескірген сөздер (архаизмдер) деп аталады. Тарихи сөздер дегеніміз – өткен дәуірлерде белгілі бір қоғамдық ұғымдарды білдірген, қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған, тарихи жағдайға байланысты ғана пайдаланылатын көне сөздер.
Вар­ва­ри­зм­дер. Тілімізде баламасы бола тұрып, өмірге қажеті болмаса да, орынсыз қолданылған шетелдік сөздерді варваризмдер деп атап жүрміз.
Адамның көңіл күйін, ішкі сезімдерін білдіретін, қолданыс кезінде жағымды я жағымсыз әсер туғыза алатын сөздер эмоционалды (әсерлі) сөздер деп аталады.
Мысалы: ғажап, керемет, жарықтық, зерек, саңлақ, пырақ, сұмырай, пәлекет, әбілет, сұм, делқұлы, дарақы, зұлмат, жауыз, есалаң, масқара, сайқал, жексұрын, тамаша, марқұм, арамза, алаяқ, алтыным менің, күнім менің, қозым менің,
Қарапайым сөз – жалпыхалықтық сөйлеу тілінің кейбір әлеуметтік ерекшелігі бар тілдік нұсқалар. Олар әдеби тіл нормасына жатпайтын, көбіне дөрекі, жасық, дөкір сөздер болып келеді. Мысалы, қатын алу (үйлену), кембағал (кедей, жарлы), нашандік (начальник), былшыл, оттау, шүйке бас, т.б.
Омонимдер деп біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа сөздер тобын айтамыз. Мұндай сөздер тобында мағына жағынан әр ұғымның өзара ұқсастығы, жақындығы сезілмейді. Керісінше бір-біріне кереғар екендігін байқауға болады. Мысалы: ен (бір нәрсенің кеңдігі, жалпақтығы; малдың құлағына тілініп, ойылып салатын белгі; мол-байлық, ен дала, ен жайлау; ішіне кіру, өту), жал (кейбір хайуандардың желкесіне өскен қалың қыл; созылып жатқан биік қыраттың ең үстіңгі жақ қырпуы; жалданып істейтін жұмыс; төлем үшін пайдалануға берілетін орын).
Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді. Мысалы: той-мейрам-мереке-думан-тамаша, семіру – шелдену – майлану – тойыну – жуандау – толу – қоңдану.
Антонимдік қатынастағы сөздер өзара қарама-қарсы мағынада қолданылады да, жеке топ құрайды. Мысалы, жақсы-жаман, үлкен-кіші, жоғары-төмен, кел-кет т. б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет