Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары


Адамның сапа, қасиеттеріне байланысты атаулар



бет2/3
Дата27.10.2023
өлшемі55,78 Kb.
#188730
1   2   3
Байланысты:
Лексиканың шығу арналары
Лексиканың шығу арналары, 8апта соөж эссе, Документ
Адамның сапа, қасиеттеріне байланысты атаулар: жомарт, сараң, ақкөңіл, ізгі, әділ, жақсы, жаман, ақылды, саналы, т.б.
Мамандықты, кәсіп иесін білдіретін сөздер: етікші, аспаз, қойшы, жылқышы, түйеші, егінші, т.б.
Діни наным-сенімдерге байланысты атаулар: тәңірі, жұмақ, тамұқ, дию, албасты, көк тәңірі, т.б.
Жаратылыс құбылыстарының, табиғи заттар мен нәрселердің атаулары: жаңбыр, жел, найзағай, қар, бұлт, нөсер, жай, тұман, дауыл, боран, бұлақ, өзен, теңіз, т.б. Жыл мезгілдерін, уақытты білдіретін сөздер: жаз, күз, қыс, жазғытұрым, таң, күндіз, алагеуім, таңсәрі, кешқұрым, т.б.
Құс және аң атаулары: қаз, үйрек, аққу, қарға, құзғын, тырна, торғай, бөрі, киік, түлкі, құлан, арыстан, тиін, елік, бұғы, т.б.
Үй жануарларының аттары: қой, түйе, жылқы, ешкі, сиыр, тай, бие, т.б.
Егін, бау-бақша шаруашылығына байланысты сөздер: арпа, күріш, бидай, тары, қауын, жеміс, қарбыз, жүзім, т.б.
Астағам атаулары: май, ірімшік, құрт, қазы-қарта, жал-жая, шұбат, сүт, айран, т.б. Киім-кешекке байланысты атаулар: тон, шапан, тақия, қамзол, тақия, тымақ, сәукеле, көйлек, т.б.
Әлеуметтік, қоғамдық-саяси атаулар: хан, уәзір, күң, құл, бек, би, бай, жарлы, тобыр, т.б.
Қимыл-қозғалыс атаулары: кел, кет, жүр, бар, отыр, айт, іш, же, ет, оқы, жат, тұр, жаз, сыз, жақ, жар (отынды жар), бас (аяғыңды бас), ек, сеп, т.б.
Сапаны, сынды білдіретін атаулар: ақ, қызыл, жасыл, көк, сары, қара, қоңыр, тәтті, ащы, тұщы, суық, жылы, ыстық, т.б.
Байырғы төл сөздер – қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері.
Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер. Мысалы, заң, лағман, манты жамбы сөздерінің қытай тілінен; матрос, рейс, рейд сөздерінің голланд тілінен; ария, опера, бензин сөздерінің итальян тілінен; рельс, футбол, департамент сөздерінің ағылшын тілінен; сәтен, драп, костюм, марш сөздерінің француз тілінен, студент, республика, декан, цирк, ректорат, делегат сөздерінің латын тілінен; эпос, олимпиада, гипс, диалект сөздерінің грек тілінен; перде, қант, шекер, леген, базар, дүкен, есеп-қисап сөздерінің арабпарсы тілдерінен енгендігін біле бермейміз.
Өндіріс пен шаруашылықтың, ғылым мен техниканың, саясат пен дипломатияның, өнердің, әдебиет пен мәдениеттің әр саласына тән арнаулы мәнде қолданылатын сөздер өз алдына лексикалық қабат құрайды. Бұларды терминдер деп атайды. Қоғамдық өмірдің жан-жақты дамуына байланысты біздің заманымызда тіл-тілде терминдердің қомақты қоры жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет