Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші тҥрі



Pdf көрінісі
бет290/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші тҥрі. 
Аллергияның бҧл тҥрінде аллерген болып организмнің 
ӛзінің сау немесе ӛзгерген меншік жасушалары мен тіректік 
мембраналары есептеледі. Олар мына жағдайларда: 
● жарақат, қабыну, қанайналымының бҧзылысгары т.с.с. 
жағдайларда кейбір тіндерде (ми қҧрылымдары, қалқанша 
без, кӛз бҧршағы, атабез) биологиялық тосқауылдардың 
бҧзылыстарынан табиғи аутоантигендер қанға тҥскенде; 
● ыстық немесе суық темпуратуралардың, химиялық 
заттардың, дәрі-дәрмектердің, микробтар мен олардың 
уыттарының, вирустардың т. б. ықпалдардың әсерлерінен 
бҥлінген жасушалар мен тіндер - аутоаллерген болуы 
ықтимал. 
Иммундық 
серпілістер 
сатысында 
аутоаллергеннің 
танылуы макрофагтардың қатысуымен болады да, Т- және В-
лимфоциттерінің ӛзара әрекетесулерінен, В-лимфоциттері 
плазмалық жасушаларға айналып, IgG
1 - 3
және IgM ӛндіреді. 


349
Бҧл антиденелер аутоаллергендері бар жасушаларға F
ab

бӛлшектерімен 
барып 
жабысады. 
Содан 
п
атохимиялық 
ӛзгерістер сатысы 
дамиды, аллергияның дәнекерлері пайда 
болады.
 
Бҧл дәнекерлерге комплементтің қҧрамбӛлшектері 


, С

, С
5-9
), лизосомалық ферменттер (катепсиндер, 
ДНКаза, РНКаза, эластаза т.б.), оттегінің бос радикалдары 
(супероксиданионрадикал, гидроксил тобы, сутегінің асқын 
тотығы), калликреин - кинин жҥйесінің ӛнімдері жатады. 
Патофизиологиялық бҧзылыстар сатысында 
аллергені бар
жасушалардың ыдырауы байқалады. Ол 
комплементке-тәуелді
және 
комплементке-тәуелсіз
делінетін екі тҥрлі жолмен 
болады. Комплементке-тәуелді жолында комплементтің С
3а 
қҧрамбӛлшегі қан тамырлары қабырғаларының ӛткізгіштігін 
кӛтереді, С
3в 
қҧрамбӛлшегі фагоцитозды әсерлендіреді, С
5а 
нейтрофилдерге 
хемотаксистік 
әсер 
етеді, 
С
5-9 
қҧрамбӛлшектері жасушалардың қабықтарының ӛткізгіштігін 
арттырып, оларда су мен электролиттер алмасуын бҧзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет