346
ықтимал. Жиі жҥрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі
(коллапс) байқалады, тамыр соғуы әлсіреп, жиілейді. Тыныс
алу ӛзгереді, қатты жӛтел, бронхоспазм, ауа жетіспеушілік
сезімі, тҧншығу дамиды.
Орталық жҥйке жҥйесінің бҧзылыстары, кейде естен тану
болады. Бҧл кезде қорқыныш сезімі, қобалжу, бас ауыруы,
қҧлақ шуылдауы, қатты терлеу, кейде есекжем және Квинке
ісінуімен қабаттасатын, тері қышуы байқалады.
Ас қорыту жолдарының қызметі бҧзылады. Осыдан жҥрек
айну, қҧсу, іштің ауыруы, іш кебу, іш ӛту, кейде еріксіз
дәрет бҧзылуы байқалады.
Осы
келтірілген
аллергиялық
серпілістердің
анафилаксиялық (реагиндік) тҥрімен атопиялық (грек.
atopia – оғаш) ауруларда дамиды. Бҧл ауруларға поллиноз,
атопиялық бронхиалық демікпе, есекжем, Квинке ісінуі
т.с.с жатады. Олардың аллергендері болып эпидермис
жасушаларының антигендері, ӛсімдік тозаңдары, дәрілер,
тағамдық т. б. заттар есептеледі. Бҧл аллергендер
организмге тыныс алу, ас қорыту жолдары, тері арқылы
тҥседі.
Поллиноз
(грек. pollen - ӛсімдіктер тозаңы) -
ӛсімдіктер гҥлдеп тҧрғанда олардың тозаңдары тыныс
жолдарына және кӛзге тҥсуіне байланысты мезгіл-мезгіл
пайда
болатын
ауру.
Ӛсімдік
тозаңдарына
сезімтал
организмге олардың қайталап тҥсуі мҧрынның шырышты
қабығын, кӛзді қоздырып, ринит, коньюнктивит дамытады.
Содан мҧрыннан кӛп шырыш, кӛзден жас бӛлінеді, кӛз
қабағының қышуы, тҥшкіру болады.
Достарыңызбен бөлісу: