Патофизиологиялық бҧзылыстар сатысы осы кӛрсетілген
аллергияның біріншілік және екіншілік дәнекерлерінің
нысана жасушаларға әсерлерінен дамиды. Осыдан:
●
артериалық
қысымның,
майда
қан
айналымның
ӛзгерістеріне әкелетін қан тамырларының жергілікті және
жҥйелік ӛзгерістері (терінің қызаруы, артериалық қан
қысымының тӛмендеуі т.с.с.) байқалады;
●
қан
тамырлары
қабырғаларының
ӛткізгіштігі
жоғарылайды, содан ісіну дамиды;
● тегіс ет жасушаларының қатты жиырылып қалуынан
бронхоспазм, ішектердің бҧрап ауыруы, іш ӛту т.с.с.
қҧбылыстар пайда болады;
● қан ҧю және ҧюға қарсы, фибринолиздік жҥйелердің
бҧзылыстарынан тамыр ішінде қан қатпалары пайда болуы
немесе қан ҧйымауынан қанағыштық синдром дамуы байқалады;
● эпителий жасушаларының шырыш шығару қабілеті
кӛтерілуінен кеңірдекшелерде тҧтқыр қақырық ӛндіріледі;
● сезімтал жҥйке аяқшалары қоздырылудан ауырусыну,
қызу, қышыну сезімдері болады;
● тіндерде жасушалардың сіңбелерімен кӛрінетін қабыну
дамиды;
● аллергені бар нысана жасушалардың ыдырауы (цитолизі)
байқалады.
Цитолиз ҥш тҥрлі жолмен болуы мҥмкін:
♣ жасуша сыртындағы цитолиз, мәселен, эозинофилдердің
пероксидазалары
мен
катиондық
нәруыздары
сыртына
шығарылып, антигені бар жасушаларды (қҧрттарды) ерітіп
жібереді;
♣ жасуша ішіндегі цитолиз, мәселен, фагоцитоз кезінде
фагоциттердің ішінде ыдыратылып кету;
♣ жанасулық цитолиз, мәселен, Т-жендет жасушалары
аллергені бар жасушамен жанасудан перфорин атты нәруыз
ӛндіріп, нысана - жасуша қабықтарында кӛптеген тесіктердің
пайда болуына әкеледі және эндонуклеаза ферменттерін
әсерлендіріп,
апоптозды
әсерлендіреді.
Макрофагтар
цитокиндер
шығарып
және
лизосомалық
ферменттерінің
қатысуымен жасушаларды ерітеді.