Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет319/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

379
Биохимиялық атипия. 
Биохимиялық 
атипия 
– 
деп 
ӛспе 
тінінде 
зат 
алмасуларының қалыптыдан ауытқып ерекшеленуін айтады. Ӛспе 
ӛсуіне қажетті энергияны глюкоза ыдыратылуынан алады. 
Сондықтан ӛспе тіні глюкозаны қаннан ҧдайы сорып алады. 
Сол себепті ӛспені «
глюкозаның қақпаны»
– деп атайды. Бҧл 
кезде 
оттегінің 
қатысуынсыз 
глюкозаның 
(анаэробтық)
ыдыратылуы артады. Осы жағдайды 
Варбург әрекеті
дейді. 
Артынан оттегінің жеткілікті болуына қарамай аэробтық 
гликолиз жалғаса береді. Бҧны 
Пастер әрекетінің әлсіреуі
дейді. Сонымен бірге глюкозаның пентоздық-фосфаттық жолмен 
тотығуы әсерленеді. Осыдан нуклеин қышқылдары тҥзілуіне 
қажетті 
рибозалардың 
тҥзілуі 
артады. 
Кӛмірсулары 
алмасуының аралық ӛнімдері (сҥт қышқылы т. б.) ӛспе 
тінінде жиналып қалады, рН тӛмендеп, ацидоз дамиды. 
Ӛспе 
жасушаларында 
нәруыздардың 
ӛндірілуі 
мен 
ыдырауының арақатынасы бҧзылады. Жасушалардың тез бӛлініп, 
ӛсуіне кӛп мӛлшерде нәруыздардың тҥзілуі қажет. Ӛспе 
жасушалары қаннан амин қышқылдарын және азоттық негіздерді
кӛптеп сорып алады және ӛзіне тән нәруыз ӛндіру ҥшін 
пайдаланады. Сондықтан ӛспені 
«азоттың қақпаны»
деп 
атайды. Ӛспе жасушаларымен ӛндірілетін нәруыз 
онконәруыз
(онкопротеин) деп аталады. Ол жасушалардың бақылаусыз және 
шексіз кӛбеюіне ықпал етеді. Оның тҥзілуі белсенді 
онкогендердің 
қадағалауымен 
болады. 
Кейбір 
ӛспе 
жасушаларында ҧрықтық нәруыздар тҥзіледі. 
Ӛспелерде нуклеин қышқылдарының тҥзілу ферменттері 
қатты кӛбейген. Белсенділігі жоғары киназалар, АТФ 
энергиясын пайдаланып, бос пуринді және пиримидинді 
негіздерден, рибозадан (дезоксирибозадан) нуклеотидтердің 
ӛндірілуін ҥдетеді. Ӛспелерде РНҚ және ДНҚ ӛндірілуін 
арттыратын белсенді полимеразалардың мӛлшері кӛбейеді. 
Керісінше, 
бҥл 
қышқылдарды 
ыдырататын 
(мәселен, 
дезоксирибонуклеаза, 
аденаза, 
гуаназа 
т.с.с.) 
ферменттердің деңгейі қатты тӛмендейді. ДНҚ тҥзілуін 
тежейтін гистондардың тҥзілуі азаяды. 
Қалыпты жағдайда әрбір тін ӛзіне ғана тән ферменттер 
тҥзеді. Бҧл ферменттер осы тінге тән изоферменттердің 
жиынтығымен сипатталады. Ӛспелерде бҧл ерекшелік жоғалады, 
изоферменттердің саны азаяды, олардың жиынтығы әртҥрлі 
ӛспелерде 
біркелкі 
сәйкес 
болады 
Осы 
жағдайды 
изоферменттік қарапайымдану дейді. Кейде, керісінше, 
изоферменттер тым кӛбейіп кетуі мҥмкін. Оны изоферменттік 
кҥрделілену дейді.
Ӛспе 
жасушалары 
қаннан 
тӛмен 
тығыздықты 
липопротеидтерді және антиоксиданттарды (токоферол) сорып 


380
алады. Оларда май қышқылдарының тҥзілуі азаяды, керісінше, 
мембрана қҧрамына енетін ӛзгерген фосфолипидтердің тҥзілуі 
артады. Содан мембрана липидтері біркелкі болады да, ӛспе 
жасушаларының мембраналары қалыптыдан ӛзгеріп кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет