Морфологиялық атипия. Морфологиялық атипия тіндік және жасушалық болып
ажыратылады.
Тіндік атипия – деп тіндік қҧрылымдардың қалыпты
арақатынасының
бҧзылуын
айтады.
Әрбір
ӛспеде
оның
арнайыланған бӛлшектерінен тҧратын
ҧлпасын және, қҧрамына
қан
тамырлары,
жҥйке
және
коллаген,
аргирофилдік
талшықтары кіретін, болбыр тіректік дәнекер тін -
строманы ажыратуға болады. Қатерлі ӛспелерде строма қатты азайып,
ҧлпасы басым болып кетеді. Ӛспелерде ірі қан тамырлары
қалыпты пішінін жоғалтып, олардың саңылаулары босап
қалады. Кейбір қатерлі ӛспелерде майда қан тамырларының
ішкі қабықтарында эндотелий жасушалары жоғалып, олардың
орнын ӛспе жасушалары басады. Ӛспелер негізінен кӛптеген
қылтамырлармен жабдықталған және олардың ӛздері ӛспенің
шеткері жақтарында орналасады. Ӛспе ӛсу аумағында жҥйке
талшықтары бҥліністерге ҧшырап, тіршілігін жоғалтады.
Қатерсіз ӛспелерде строма басым болады.
Жасушалық атипия - ӛ спе жасушаларының қҧрылымы мен
пішіні және кӛлемі бойынша орналасқан қалыпты тін
жасушаларынан алшақтанып, ерекшеленуін айтады. Олардың
сыртқы пішіні ӛзгерген, кӛлемі ҥлкен болады. Ядроның
кӛлемі ҥлкеюінен ядро мен цитоплазманың арақатынасы
ҧлғаяды, ядрода хроматин мен ядыршықтары кӛбейеді,
хромосомалардың саны ӛзгереді, кейбіреулерінің қҧрылымы
бҧзылады, митохондрийлар азаяды, олардың тарақшаларының
(кристаларының) қҧрылымы ӛзгереді, цитоплазмасында нәруыз
тҥзілуіне қажетті рибосомалар кӛбейеді және әртҥрлі
қоспалар пайда болады. Ӛспе жасушалары мембраналарының,
әсіресе лизосома мембраналарының, ӛткізгіштігі кӛтеріледі.
Митоздық бӛліну сатысындағы жасушалардың саны артады.