Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жҥрек қызметінің жеткіліксіздігі – деп жҥректің насос



Pdf көрінісі
бет406/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Жҥрек қызметінің жеткіліксіздігі – деп жҥректің насос 


489
ретінде ағзалар мен тіндерде заттардың алмасуына қажетті 
сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмайтын жағдайын айтады. 
Жҥрек бӛліктері бҥліністерінің басымдығына қарай: 
● сол жақ қарыншалық; 
● оң жақ қарыншалық; 
● 
тҧтас 

жҥрек 
қызметінің 
жеткіліксіздіктерін 
ажыратады. 
Ӛту жылдамдықтарына қарай: 
● жіті; 
● созылмалы жҥрек қызметінің жеткіліксіздігі – деп 
бӛледі. 
Жҥрек қызметінің жеткіліксіздігі мына патогенездік 
жолдармен дамуы мҥмкін: 
● шамадан тыс артық қызмет атқарудан, жҥректің 
зорығуынан; 
● миокардтың біріншілік бҥліністерінен; 
● перикард қызметінің бҧзылыстарынан; 
● жҥрек ырғағының ауыр бҧзылыстарынан; 
● осы кӛрсетілгендердің біріккен бҧзылыстарынан. 
Зорығудан болатын жҥрек қызметінің жеткіліксіздігі 
және оған икемделістік-бейімделу жолдары.
Жҥрек шамадан тыс артық қызмет атқарудан біртіндеп 
оның зорығуы болып, созылмалы қан іркілулік жеткіліксіздік 
дамиды. Жҥрек қызметінің зорығуы оған ағып келетін қан 
кӛлемінің кӛбеюінен немесе қанның жҥректен шығуына 
кедергінің тым артуынан болады. Жҥрекке ағып келетін қан 
кӛлемінің кӛбеюінен дамитын жҥрек зорығуын 
кӛлеммен зорығу 
немесе 
жҥрек алдылық жҥктеме, 
жҥректен қан шығуына 
кедергінің артуынан дамитын зорығуды 
кедергімен 
немесе 
қысыммен
зорығу (жҥрек соңылық жҥктеме) 
дейді. 
Кӛлеммен зорығу: 
● айналымдағы қанның кӛлемі кӛбеюден полицитемиялық 
гиперволемия (Вакез ауруы) кезінде; 
● икемделістік тҥрде жҥрек ҧзақ мерзім артық қызмет 
атқарғанда (мәселен, ҧзақ ауыр қол жҧмысын атқарғанда, 
спортпен шҧғылданғанда, феохромо- цитома, тиреотоксикоз 
т.с.с. аурулар кездерінде); Бҧл кездерде жҥрек соғуының 
жиілеуінен ол арқылы ӛтетін қанның кӛлемі кӛбейеді, содан 
оның зорығуы дамиды; 
● эндокардтың қабынуынан болатын жҥрек қақпақшаларының 
кемістігі кездерінде - байқалады. Соңғы жағдайда жҥрек 
қуысына диастола кезінде қан, әдеттегі жолмен бірге
қақпақшалардың 
толық 
жабылмауынан 
жҥректің 
кейінгі 
бӛлігінен кері бағытта тҥседі. Мәселен, қолқа тамыры айшық 
қақпақшасының кемістігі кезінде сол жақ қарыншаның 


490
диастоласында оның қуысына қан, әдеттегі жолмен сол 
жҥрекшеден тҥсуімен қатар, қолқа тамырынан кері оралып 
кіреді. Содан сол жақ қарыншаның ішінде қанның кӛлемі 
кӛбейеді. Бҧл оның атқаратын жҧмысын арттырады да, 
біртіндеп зорығу пайда болады. 
Осыған ҧқсас басқа қақпақшалардың кемістіктері де 
жҥректің сәйкес бӛліктерінің зорығуына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет