Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет416/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Х-
синдром
немесе 
«angina microvascularis»
– деп атаған. Бҧл 
кезде қосымша функциялық жҥктеме жҥректің қызметіне сәйкес 
коронарлық 
қан 
айналымның 
ҧлғаюына 
әкелмей, 
жҥрек 
шығарымын азайтады. Содан біртіндеп кардиосклероз және 
жҥрек қызметінің жеткіліксіздігі дамуы ықтимал. 
Бҧл синдромның даму негізінде эндотелий жасушалары 
қызметтерінің бҧзылыстары маңызды орын алады. Кӛптеген 
ҧсақ артериялардың бітелуі кардиомиоциттерді бҥліндіріп, 
фиброз дамуына және жҥрек қызметінің әлсіреуіне әкеледі. 
Бҧл кезде физикалық жҥктемелерге немесе жан кҥйзелістеріне 
жауап ретінде майда коронарлық артериялардың кеңею 
қабілеті жоғалады. 
Ишемияға жаттықтыру немесе ҥзілісті ишемия феномені. 
Зертханалық жануарлардың жҥрегін алдын-ала қысқа мерзімді 
қайталанатын ишемияға ҧшыратудың нәтижесінде артынан оның 
ауыр ҧзақ ишемияға тӛзімділігі артып, миокард инфарктының 
мӛлшері 
азаятыны 
байқалды. 
Ӛйткені 
қысқа 
мерзімді 
ишемияларға бейімделу дамып: 
♣ стресті шектейтін жҥйелер әсерленеді; 
♣ антиоксиданттық жҥйелердің белсенділігі артады; 
♣ артынан дамитын ишемияға жауап ретінде май 
қышқылдары асқын тотығуының қарқыны шектеледі; 
♣ энергия тҥзілуі белгілі мӛлшерде сақталады; 
♣ некроз дамуының қарқыны азаяды. 
Дегенмен, бҧндай жағдай науқасты миокард инфарктынан 
ӛлуінен мҥлде арашалап қала алмайды.
Миокард инфаркты.
Коронарлық қанайналымның ҧзақ (20 минӛттен астам) 
болмауынан жҥрек еті бӛліктерінің ӛлеттенуін миокард 
инфаркты дейді
.


503
Оның даму себептеріне: 
● 90%-ға жуық жағдайларда тромбозбен ушыққан 
коронарлық артерия- лардың атеросклерозы; 
● коронарлык, артериялардың ҧзақ қатты жиырылуы 
(спазмы); 
● кейде коронарлық артериялардың эмболмен бітелуі - 
жатады. 
Адамда миокардтың инфаркты дамуына қолайлы жағдайлар 
болып 
тҧқым 
қуалаушылыққа 
бейімділік, 
артериялық 
гипертензия, семіру, қантты диабет және аз қозғалыспен 
атқарылатын ой жҧмысы, темекі шегу т. б. есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет