513
жиілетеді, ал парасимпатикалық жҥйке жҥйесінің қозуы оны,
керісінше, сиретеді. Осыдан синусгық-жҥрекшелік торапта
серпін пайда болуының жиілеуі мына жағдайларда байқалады:
● жҥректе симпатикалық-адреналиндік әсерлердің артып
кетуінен; бҧндай жағдай кӛңіл-кҥйдің қобалжуы, физикалық
кҥштену, гипертиреоз, феохромоцитома кездерінде болады;
●
парасимпатикалық
жҥйкелердің
жҥрекке
әсері
әлсіреуінен; бҧндай жағдай орталық жҥйке жҥйесінің
бҥліністерінде байқалады;
● синустық-жҥрекшелік тораптың жасушаларына әртҥрлі
физикалық, химиялық, биологиялық ықпалдардың тікелей
әсерлерінен
болады.
Мәселен,
ыстық
қанның
(қызба,
гипертермия), қышқыл ӛнімдердің (гипоксия, қантты диабет),
микробтардың және олардың уыттарының (жҧқпалы аурулар),
дәрілердің (кофеин, адреналин т. б.) әсерлерінен синустық
тахикардия дамиды.
Қысқа мерзімде синустық тахикардия жалпы қанайналымға
теріс әсер етпейді. Ал, ҧзаққа созылған жҥректің тым жиі
соғуы (минӛтіне 100 -140 реттен астам) оның қызметінің
бҧзылыстарына әкеледі. Бҧл кезде жҥректің оттегіге
мҧқтаждығы артады, жҥрек қанға толмай аз қанмен жиырылады,
жҥректе энергия тҥзілуі нашарлайды. Сондықтан жҥректен
шығатын қанның соққылық кӛлемі азаяды. Ҧзақ мерзім жиі
соғуынан жҥректің зорығудан болатын жеткіліксіздігі дамуы
мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: