526
- сурет. Серпіндердің бір бағытта шеңбер бойынша
тарауы.
Жҥрек аритмияларын емдеу негіздері:
● ж
асуша мембраналары арқылы натрий, калий иондарының
жҥрек жасушаларына артық енуін тежегіш дәрі-дәрмектер
(новокаинамид, хинидин т. б.) қолдану;
● бета-адренорецепторлардың тежегіштерін (обзидан т.
б.) пайдалану;
●
кардиомиоциттердің
мембраналарындағы
кальцийдің
шабан ӛзекшелері- нің тежегіштерін енгізу;
● май қышқылдарының асқын тотығуынан сақтандыратын
антиоксиданттар
мен
фосфолипаза
ферменттерінің
белсенділігін тӛмендететін дәрі-дәрмектер қолдану;
● жҥрек жыпылығын емдеу ҥшін жҥрек арқылы қуатты
электр ағынын ӛткізу негізінде дефибрилляция (жыпылықты
жою) әдісі қолданылады. Бҧл кезде жҥрек етінде кейбір
жасушалар толық рефрактерлік (қозымсыздық), екіншілері -
салыстырмалы қозымсыздық, ҥшіншілері - қалыпты қозымдылық,
тӛртіншілері
-
жоғары
қозымдылық
жағдайларында
болғандықтан, жҥрек арқылы қуатты электр ағының ӛткізу
кардиомиоциттердің барлығын бір жағдайға келтіреді.
Жҥрек аритмияларынан алдын-ала сақтандыру ҥшін жҥрек
етін физикалық жҥктемелерге ҧдайы шынықтырудың маңызы
ҥлкен.
Достарыңызбен бөлісу: