Эссенциялық гипертензияның ӛту сатылары. Эссенциялық
гипертензия біршама уақыт байқалмауы мҥмкін. Ол ҥш сатыда
ӛтеді:
● бірінші
ӛткінші сатысында артериялық қан қысымы
мезгіл-мезгіл кӛтеріліп, ешқандай емшара қабылдамай-ақ,
қалыпты деңгейге тҥсіп тҧрады;
● екінші
қан қысымының тҧрақты кӛтерілу сатысы кезінде
артериялық қысым ҧдайы жоғары деңгейде болады. Осыдан
жҥректің сол қарыншасының гипертрофиясы дамиды;
● ҥшінші
қан тамырлары мен кӛз тҥбінің жҥйкелік қҧрылымдарының ауыр қҧрылымдық ӛзгерістерімен кӛрінетін сатысы. ДДҦ сарапшылар комитетінің жіктеуі бойынша эссенциялық
гипертензияның ӛтуін ҥш сатыға бӛледі:
● I - функциялық ӛзгерістер сатысы;
● II - бастапқы қҧрылымдық ӛзгерістер сатысы;
● III - ішкі ағзаларда, әсіресе бҥйректе, ауыр
қҧрылымдық ӛзгерістер даму сатысы делінеді.
Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері. Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтану ҥшін
белгілі мӛлшерде физикалық жҥктемелерге жаттығу, дене
шынықтыру мен спортпен шҧғылданудың маңызы ӛте зор.
Сонымен бірге, тағамда майлы тамақтарды шектеп, артериялық
тамырлардың атеросклерозы дамуынан сақтандыратын шаралар
қолдану қажет. Тағамда ас тҧзын шектеу арқылы денеде оның
жиналып қалуынан сақтандыру маңызды.
Дамыған
эссенциялық
гипертензияны
емдеу
ҥшін
ангиотензинге
ауыстыратын
ферменттің
тежегіштері,
әлдостеронның тежегіштері (спиронолоктон), шеткері қан
тамырларын
кеңітетін
дәрі-дәрмектер,
бета-
адренорецепторлардың
тежегіштері,
Са
2+
иондары
ӛзекшелерінің тежегіштері қолданылады. Сонымен қатар,
организмнен тҧздарды, артық сҧйықты сыртқа шығару ҥшін
несепайдатқылар
пайдаланылады.
Қан
тамырларының
қабырғаларындағы тегіс ет жасушаларының қабықтарында май
қышқылдарының асқын тотығуын шектеу ҥшін антиоксиданттар,
фосфолипазаның тежегіштерін пайдалану маңызды.