гемодинамикалық (қолқа артерияларының атеросклерозы, қолқа
қақпақшасының жеткіліксіздігі т. с. с. кездерінде)
гипертензиялар жатады.
Артериалық гипертензиялардың зардаптары. Артериалық
қысым ҧзақ тҧрақты кӛтерілуінен
: ● жҥректің ӛзгерістері:
♣ сол жақ қарыншаның гипертрофиясы;
♣ іркілулік жҥрек қызметінің жеткіліксіздігі;
♣ миокард ишемиясы мен инфаркты;
♣ ӛкпе ісінуі – дамуы мҥмкін.
● ми бҧзылыстары:
♣ ми ишемиясы;
♣ ми ісінуі;
♣ миға қан қҧйылу;
♣ ми тамырларының тромбозы;
♣ энцефалопатия – дамуы ықтимал.
● қан тамырларының бҧзылыстары:
♣ сыдырылатын аневризма дамуына;
♣ қолқа жыртылуына - мҥмкіндіктер болады.
● бҥйректің ӛзгерістері:
♣ нефросклероз;
♣
бҥйрек
қызметінің
созылмалы
жеткіліксіздігі
дамуына әкелуі ықтимал.
Артериалық гипотензиялар Артериялық қан қысымының тҧрақты тӛмендеуін гипотензия
дейді. Оның даму негізінде майда қан тамырларының
межеқуаты азаюы жатады. Артериялық гипотензия кездерінде
жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, тахикардия, ентік, кӛз
қарауытуы, бас айналу, бас ауыруы, кейде тіпті талықсу,
естен тану байқалады. Артериялық гипотензия физиологиялық
немесе патологиялық болып ажыратылады. Физиологиялық
гипотензия кезінде дерттік ӛзгерістер байқалмайды және ол
қысқа мерзімде жақсы шыныққан спортшыларда, таулы жерлерге
дағдыланған адамдарда байқалады.
537 Патологиялық гипотензия жіті және созылмалы болады.
Жіті артериялық гипотензиялар сілейме (шок), коллапс,
талықсу кездерінде байқалады.
Шоктың барлық тҥрлерінде артериялық қан қысымы қатты
тӛмендеп кетеді (шокты қараңыз).