Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет449/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Талықсу 
қысқа мерзімде естен танумен кӛрінетін қан 
тамырлары 
қызметінің 
қауырт 
жеткіліксіздігі. 
Қатты 
қорқыныштан, ауыру сезімдерін кҥтуден кӛңіл-кҥйінің қатты 
қобалжуыңан кезбе жҥйкенің межеқуаты кӛтеріліп, адам талып 
қалуы мҥмкін. Артериялық қан тамырларының межеқуаты 
тӛмендеп кетуінен, айналымдағы қан дененің тӛменгі 
бӛліктеріне ауысып, оның миға келуі азаяды. Осыдан мида 
ишемия дамып, адам есінен танады. Бҧндай жағдай кейде дені 
сау адамдарда да кездесуі мҥмкін. Талықсып кеткен адамға 
мҥсәтір иіскетіп, есіне келтіруге болады. Бҧл кезбе 
жҥйкенің межеқуатын қалпына келтіреді. 
Созылмалы гипотензия
кӛптеген аурулардың әйгіленімі 
ретінде байқалады. Туа біткен немесе жҥре пайда болған 
журек қақпақшаларының кемістіктері, кардиомиопатиялар, 
гепатит, микседема, Аддисон ауруы, бауырлық немесе
механикалық сарғыштанулар, лейкоз, анемиялар, организмнің 
уыттануы, ҧзақ ашығулар т. б. созылмалы гипотензия дамуына 
әкеледі.
Гипотензиялардың даму патогенезінде: 
● жҥректің жиырылу қабілетінің әлсіреуі; 
● айналымдағы қан кӛлемінің азаюы; 
● шеткері қан тамырлары межеқуатының жҥйкелік-сҧйықтық 
және ӛзіндік реттелулерінің бҧзылыстары маңызы орын алады 



539
Атеросклероз
Атеросклероз 
(грек. athero - ботқа, лат. scleros - 
қатты, беріш) 
- деп артериялардың ірі және орташа 
тармақтарының ішкі (интима), ортаңғы (медиа) қабықтарында 
В апопротеині (апо-В) бар липопротеидтер мен холестериннің 
жиналуынан, дәнекер тіндердің артық ӛсіп-ӛнуі, фиброздық 
тҥйіндер қалыптасуы мен оларға кальций тҧздарының тҧнуын 
айтады.
Атеросклерозға қолқа, жҥрек, ми және аяқтардың 
артериялары жиі ҧшырайды. Содан артериялық тамырлар 
ӛздерінің серпімділігін жоғалтады. Созылғыштық қасиетінің 
тӛмендеуінен олар, ағзалар мен тіндерді мҧқтаждығына 
сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмайды. 
Қатты дамыған атеросклероз артериялардың саңылауларын 
тарылтады және толық бітеп қалуы мҥмкін. Осыдан ағзалар 
мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі қатты бҧзылады, 
жҥректе инфаркт дамуы, мидың қызметі бҧзылуы байқалады. 
Сонымен бірге фиброздық тҥйіндердің ыдырауынан тромбоз 
және 
эмболия, 
қолқаның 
аневризмасы, 
шеткері 
қан 
тамырларының бҥліністері, аяқта гангрена т. б. қҧбылыстар 
дамуы ықтимал. 
Тіпті 
аз 
мӛлшерде 
атеросклерозға 
ҧшыраған 
артериялардың 
жиырылу 
туындататын 
(норадреналин, 
ангиотензин, вазопрессин т.с.с.) заттарға сезімталдығы 
қатты 
кӛтеріледі. 
Сол 
себептен 
әртҥрлі 
ауыртпалық 
жағдайларда ағзаның (жҥректің, мидың) ишемиясына әкелуі 
мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет