Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


алады. Бҧл қҥбылысты  эндоцитоздық қамту



Pdf көрінісі
бет457/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

549
алады. Бҧл қҥбылысты 
эндоцитоздық қамту
деп атайды. Бірақ 
бҧл жолмен эндотелий жасушаларының липопротеидтерді қамтуы 
тек 
жасушаны 
холестеринмен 
қажетті 
мӛлшерде 
ғана 
қамтамасыз ету ҥшін болады. . Бҧл кезде жасушаларға енген 
липопротеидтер лизосомалармен бірігіп кетеді. Осыдан ТТЛП 
нәруыздар мен холестерин эфирлеріне ыдыратылады. Нәруыздар 
аминқышқылдарына ыдыратылып, жасушалардан шығарылады. 
Холестерин эфирлері ыдыратылып, холестерин босап шығады. 
Бос холестерин лизосомадан цитоплазмаға ауысады. Содан ол 
жасуша мембранасы қҧрылуына, стероидтық гормондар тҥзуге 
т.б. мақсаттарда пайдаланылады. Бірақ тым артып кеткенде 
холестерин 
май 
қышқылдарымен 
байланысқан 
эфирлері 
тҥрлерінде жасушада жиналып қалады. Ол ӛз алдына 
атерогендік липопротеидтердің жасуша ішіне енуіне қажетті 
жаңа В-, және Е-рецепторлардың ӛндірілуін азайтады. Бҧл 
кезде жасушада холестерин мен липопротеидтердің жинақталуы 
болмайды. Сондықтан артериялардың эндотелий жасушаларымен 
липопротеидтердің қамтылуы азаяды. Содан липопротеидтер 
мен холестериннің эндотелий жасушаларының астына, интимаға 
ӛтуі кӛбеймейді. Атеросклероз тек осы интима қабатында 
дамиды.
● 
липопротеидтердің 
интимаға 
ӛтуі, 
кӛрсетілген 
рецепторлардың қатысуынсыз, басқа жолдармен болады деп 
есептеледі. Ол 
пиноцитоздық қамту
жолымен болады. Бҧл 
кезде 
эндотелий 
жасушалары 
қан 
плазмасынан 
майда 
тамшыларды, оларда еріген заттарды жҧтып, екінші жағына 
шығарады және ТТЛП-дің және холестериннің мӛлшері қан 
плазмасында неғҧрлым кӛп болса, соғҧрлым пиноцитоздық 
жолмен артериялардың ішкі қабығына олардың тасымалдануы да 
кӛп 
болады. 
Холестериннің 
бҧл 
жолмен 
тасымалдануы 
реттелінбейді. Бҧдан басқа да липопротеидтердің ретсіз 
тасымалдану 
жолдары 
болады 
(тӛменде 
қараңыз). 
Бҧл 
тасымалдау жолын скевенджер – қамту (ағыл. sсаvеngег 
uptake) деп атайды. Эндотелий жасушалары макрофагтарға тән 
қызмет 
атқарады.Артериялардың эндотелий жасушаларында 
пиноцитоз бен скевенджер-қамту бір мезгілде ӛтулері мҥмкін 
және екеуі де эндоцитоздық кӛпіршіктер пайда болуын 
туындатады. 
Бірнеше 
кӛпіршіктер 
бірігіп, 
жасуша 
цитоплазмасы арқылы жарып ӛтетін ӛзекшелер пайда болуына 
әкелуі мҥмкін. Бҧл ӛзекшелермен липопротеидтер қан 
плазмасынан 
эндотелий 
асты 
кеңістіктерге 
(интимаға) 
тікелей 
тасымалдануы 
ықтимал. 
Сонымен, 
эндотелий 
жасушаларының 
В-, 
Е-рецепторларының 
қатысуымен 
липопротеидтерді қамтуы азайғанда, эндоцитоздық қамтудан 
басқа, соның ішінде ең алдымен скевенджер — қамту жолы 
әсерленеді. 


550
Эндотелий жасушаларымен қамтылған липопротеидтердің 
жартысы, оның ішінде ҧсталып қалмай, екінші жағына 
экзоцитоз жолымен ӛтіп, эндотелий жасушаларының астыңғы 
қабатына тҥседі. Липопротеидтердің екінші жартысы жасуша 
ішінде ыдыратылады. Қанда холестериннің деңгейі кӛтеріліп 
кеткенде 
эндотелий 
жасушаларымен 
липопротеидтердің 
қамтылуы кӛбейіп, эндотелий қабатының астына тасымалдануы 
жоғарылайды. 
Оның 
негізінде 
бір 
жағынан 
эндотелий 
жасушаларының 
қҧрылымдық 
және 
әрекеттік 
ӛзгерістері 
маңызды 
болса, 
екінші 
жағынан 
липопротеидтердің 
ӛзгерістерінің маңызы бар. 
Қан плазмасынан липопротеидтер субэндотелий қабатына 
эндотелий жасушаларының арасындағы кеңістіктер арқылы да 
ӛтуі ықтимал. Гиперхолестеринемия кезінде бҧл кеңістіктер 
кеңиді. 
Адреналин, норадреналин, серотонин, ангиотензин-II, 
брадикинин және холестерин эндотелий жасушаларын жиырып, 
олардың арасындағы кеңістіктерді кеңітеді. Никотин де 
осындай әсер етуі мҥмкін. 
Кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша артериялардың 
қабырғаларына липопротеидтердің ӛтуі бҥлінген эндотелий 
қабаттары арқылы болады. Эндотелий қабатының бҥліністері 
қан 
айналымның 
бҧзылыстарынан, 
уытты 
заттардың 
әсерлерінен, тромбылар қҧрылуынан т.б

жағдайлардан пайда 
болады. Эндотелий қабатының бҥлінген жерлері арқылы қан 
плазмасындағы липопротеидтердің тамыр қабырғаларындағы 
тегіс ет жасушаларымен және интиманың фагоциттерімен 
тҥйісуі болады. 
Сайып келгенде артерия қабырғаларына липопротеидтер 
мен холестериннің жиналып қалуы қанның, қан тамырларының 
эндотелий, 
ішкі, 
орталық 
және 
сыртқы 
қабықтарының 
жағдайларынан байланысты (-кесте). 
- кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет