Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет460/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Фиброздық 
тҥйіндер 
қалыптасуы. 
Кӛпіршіктенген 


553
жасушалар интиманың эндотелий астына орналасады. Осыдан 
интиманың 
болбырауы 
болып, 
оған 
одан 
сайын 
липопротеидтердің, α-глобулиннің, гликозамингликандардың 
жиналуы 
байқалады. 
Гликозамингликандар 
ТТЛП-дің 
апопротеин-В 
нәруызымен 
байланысып, 
дәнекер 
тінмен 
кешендер қҧрады. 
Кӛпіршіктенген 
жасушалардың 
іштерінде 
негізінен 
холестериннің эфирлері болады. Холестеринмен тым артық 
толуынан бҧл жасушалардың ыдырауы, артынан липидтердің 
жасуша аралық кеңістіктерге қҧйылуы болады. Бҧл кезде 
липидтермен бірге лизосомалардың гидролиздік ферменттері 
шығады. Олар қоршаған тінге ыдыратушы әсер етеді. Жасуша 
аралық кеңістіктерге қҧйылған липидтер (холестериннің 
эфирлері) қоршаған тіндерді тітіркендіріп, дәнекер тіндері 
жасушаларының ӛсіп-ӛнуін туындатады. Қалыптасқан фиброздық 
тін липидтерді қоршап алып, оларды айналасындағы тіндерден 
оқшаулайды. Бҧл фиброздық тіннің тамыр саңылауына қараған 
беті қатайып, фиброздық тҥйін қҧрады. Бҧл тҥйіндер жиі 
ыдырап, тіршілігін жоғалтуы мҥмкін. Осындай тҥйіндерді 
атероматоздық тҥйіндер деп атайды (-сурет). 
- сурет. Атероматоздық тҥйіндер қҧрылуы. 
Фиброздық тҥйіндердің кӛлемі тҥйреуіш басынан бірнеше 
сантиметрлерге дейін жетуі ықтимал. Олар тамыр саңылауына 
шығып тҧрады және кейде оны толық бітеп қалады. Фиброздық 
тҥйіндердің ішіне ӛскен ҧсақ қан тамырлары қанауынан және 
фибриндердің сіңірілуінен олардың кӛлемі ҧлғаяды және 
атероматоздық 
ыдырау 
кҥшейеді. 
Сонымен 
бірге, 
бҧл 
тҥйіндердің ҥлкеюі оларда липидтердің ары қарай жинала 
беруінен және іргелік тромбоздар дамуынан болады. Қан 
қатпалары артериялардың орташа және кіші тармақтарында 
тамыр саңылауларын толық бітеп қалуы мҥмкін. 
Артынан бҧл тҥйіндердің іштеріндегі заттар және 
тромбылар қан айналымына тҥсіп, ішкі ағзалардың (мидың, 
жҥректің т. с. с.) артерияларына эмболдар таратады. Жиі 


554
фиброздық тҥйіндерге кальций жиналып, қатып қалуы мҥмкін. 
Бҧндай жағдайды атерокальциноз деп атайды. 
Фиброздық 
тҥйіндердің 
орналасқан 
жеріне 
қарай 
ағзалардың (жҥректің, мидың) ишемиясына әкеледі. Содан 
мида, миокардта инфаркт, қолқаның қҧрсақ іші бӛлігі тым 
керіліп кетуінен аневризма, аяқ тамырларының бітеліп 
қалуынан гангрена т.с.с. дамуы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет