Липидтік таңдақтар артериялардың
әр
жерлерінде,
әсіресе қолқада, ӛзбетінше пайда болады.
Эндотелий асты қабығына плазмадан ӛткен липопротеидтер
интиманың жасушаларымен, ең алдымен тегіс ет жасушаларымен
және макрофагтармен жанасады. Содан тегіс ет жасушалары
мен макрофагтардың ӛсіп-ӛнуі, талшық қҧрылымдардың кӛбеюі
байқалады. Эндотелий жасушаларының астына ортаңғы қабықтан
(медиядан) кӛптеген тегіс ет жасушалары шығады. Бҧл
жасушалар
кӛптеп
ӛсіп-ӛніп,
холестериннің
эфирлері
жиналуын
туындатады.
Макрофагтар
эндоцитоз
жолымен
липопротеидтердің
бӛлшектерін
ретсіз
қамтиды.
Оны
скевенджер-қамту дейді деп жоғарыда келтірілді. Ҧлпа және
дәнекер
тін
жасушаларының
липопротеидтерді
қамтуына
қарағанда,
макрофагтар
қҧрылымын
ӛзгерткен
ТТЛП-дің
тҥрлерін
қамтиды.
Макрофагтармен
липопротеидтердің
қамтылуы сыртындағы рецепторлардың қатысуымен болады.
Бірақ бҧл рецепторлар В-, Е-рецепторларынан ерекше
рецепторлар.
Олар
ацетилденген
липопротеидтерге
(скевенджер-рецепторлар),
ӚТТЛП-ге,
ТТЛП
мен
гликозамингликандардың
кешендеріне,
нәруыз-холестерин
эфирлері кешендеріне, ЛП-антидене иммундық кешендерге
т.с.с. бағытталған рецепторлар болады.
Сонымен,
макрофагтардың
ӛзгерген
липопротеидтерді
байланыстыратын кӛптеген рецепторлары болады.
Артериялардың қабырғаларындағы тегіс ет жасушалары да,
макрофагтар сияқты ӛзгерген липопротеидтерді қамти алады.
Осыдан макрофагтар мен тегіс ет жасушалары майға толып
кетіп, ӛздерінің қалыпты қҧрылымдарынан айрылады және
кӛпіршіктенеді. Сондықтан оларды кӛпіршіктенген жасушалар
деп атайды. Бҧл жасушалар интимаға жиналып, ыдыраудың
нәтижесінде олардан холестерин босап шығады да, липидтік
таңдақтар мен жолақтардың пайда болуына әкеледі.