540
белгілі ферменттер жҥйесінің гендік ерекшеліктері маңызды.
Мәселен, тамыр қабырғаларының ферменттік белсенділігі
жоғары
болатын
жануарларда
(егеуқҧйрықтарда)
эксперименттік атеросклерозды алу ӛте қиын болады.
Керісінше, тамыр қабырғаларының ферменттік белсенділігі
тӛмен
жануарларда
(қояндарда)
атеросклероздың
эксперименттік ҥлгісін алу жеңіл болып келеді.
Кейбір отбасылары адамдарының
қанында холестериннің
деңгейі тым жоғары болады. Бҧндай дертті отбасылық
ксантоматоз
деп
атайды
және
оның
даму
негізінде
холестериннің алмасуын реттейтін ферменттердің гендік
ақаулары жатады. Бҧл дерт
кезінде отбасы адамдарының
барлығында,
жас
балаларына
дейін,
қарқынды
ауыр
атеросклероз дамиды. Бҧндай отбасыларында тіпті жаңа туған
нәрестелерде миокард инфаркты дамуы және 8-12 жасар
балалар осы дерттен жан тапсырады. 1980 ж. Жапон мал
дәрігері
J
Watanabe
адамның
туа
біткен
гиперлипопротеидемиясына
ҧқсас
қанында
тектік
гиперлипидемия болатын қояндардың тегі таза (асыл тҧқымды)
буынын ӛсіріп шығарды. Тӛмен
тығыздықты липопротеидтерге
(ТТЛП-ге) жасушаларында арнайы рецепторлары болмайтын
гомозиготты қояндардың қанында жалпы холестериннің деңгейі
13 ммоль/л-ден (500 мг/дл) артып кетеді (қалыпты жағдайда
ол 1,0-1,6 ммоль/л (40-ббмг/дл). Бҧл жануарларда бірінші
айлардың ішінде ауыр атеросклероз дамитыны байқалды.
Дегенмен атеросклероз дамуында тҧқым
қуалаушылықтың
маңызын асыра сілтеп бағалауға болмайды. Тҧқым қуалушылық
ерекшеліктер адамзаттың бҧрынғы ата-бабаларында да болғаны
кҥмәнсіз. Бірақ атеросклероз XX ғасырда жиілеп кетуін
тҧқым қуалаушылық ерекшеліктерімен тҥсіндіруге келмейді.
Эпидемологиялық зерттеулер бойынша атеросклероз кейбір
мемлекеттердің (Жапония, Қытай, Африка) тҧрғындарының
арасында сирек кездесетіні белгілі. Бҧл деректі ҧлттық,
нәсілдіқ ерекшеліктермен тҥсіндіруге болар еді. Бірақ осы
мемлекеттерден АҚШ-қа кӛшіп барған
адамдарда атеросклероз
дамуы тездеп, жергілікті халықтармен бірдей деңгейге
кӛтерілетіні байқалды. Бҧл дерек атеросклероз дамуында
адамды қоршаған орта ықпалдарының
маңызы зор екендігін
кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: