Ҧйықтатын дәрілер
қалай болса солай ҧзақ бақылаусыз
қабылдаудан тәуелділік синдромын дамытады, организмнің
тӛзімділігін арттырады. Содан оларды қабылдау ӛлшемдері
біртіндеп кӛбейе береді. Оларды қабылдауды тоқтатқаннан
кейін доғару синдромы дамиды. Ол ішкі ағзалардың
ауытқуларымен,
қимыл-қозғалыстың
бҧзылыстарымен,
бҧлшықеттердің әлсіздігімен, адамның есеңгіреуімен, кейде
қояншық ауруына ҧқсас ҧстамалармен кӛрінеді. Бҧл кезде
артериалық қан қысымы қатты тӛмендейді, адамда әртҥрлі
сандырақтар
мен
елестер
байқалады.
Барбитураттарды
қабылдап жҥргенде ішімдіктер ішіу оларға рухани және
физикалық тәуелділіктер дамуын тездетеді.
Паркинсонизм ауруын емдеуге қолданылатын дәрілердің
кейбірлері (мәселен, циклодол) кӛңіл-кҥйді шаттандырып
масаттандыратын, кӛзге елестер туындататын әсер етеді.
Оларды
ҧзақ
қабылдаудан
рухани
және
физикалық
тәуелділіктер дамиды, соңғы сатыларында адамның ақыл-
есінен адастырады, жадыда сақтауды әлсіретеді, ӛзіне-ӛзі
қол жҧмсауға талпыныстар болып, әлеуметке қарсы әрекеттер
жасалады.
Психотроптық дәрілердің ішінде лизергин қышқылының
ӛнімдері ерекше орында тҧрады.
Лизергин қышқылының
диэтиламиді (ЛСД-25), мескалин және псилоцибин емдік
мақсаттарда қолданылмайды. Бҧлар кӛзге елестер пайда
болуына әкеледі. Сондықтан оларды елестеткіш есірткілер
дейді. Бір рет қолданудың ӛзінде жан-дҥниелік ӛзгерістер
пайда болып, жіті психоздар дамиды. Олар дербес жҥйке
жҥйесінің
әрі
симпатикалық,
әрі
парасимпатикалық
бӛліктерін
бҥлдіріп,
вегетативтік
реттелулердің
бҧзылыстарына және тыныс алу орталығының салдануынан
адамның ӛліміне әкеледі. Қайталап оларды қабылдағанда
рухани тәуелділік байқалады. ЛСД-25 және мескалин ӛте тез
және кҥшті әсер ететін заттарға жатады. Олардың әсері
бірнеше минуттардың ішінде дамиды. Әдетте жҥрек қағуы,
артериялық қан қысымы және дене қызымы кӛтерілуі, кӛңіл-
кҥйдің ӛзгерістері, қоршаған ортаның айғақтығын сезіну
бҧзылуы, әртҥрлі елестер, сезімталдықтың ӛзгерістері
байқалады. Кейде негізсіз ҥрейден зорлық жасауға,
қоршаған ортасын ойрандауға, лаңкестік істерге итермелеуі
|