Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет42/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Нашақорлық (уытқорлық) 
- психосоматиканың біртектес 
бҧзылыстарына жатады. Бҧл кезде біртіндеп кӛбейетін 
ӛлшемдерде оларды ҧдайы қабылдауға адамның аңсары ауып 
тҧрады және қабылдауды тоқтатқан кезде доғару синдромы 
дамуымен кӛрінетін рухани және физикалық тәуелділікпен 
сипатталады. Адамның дерттік ӛзгерістері оның соматикалық 
және 
дербес 
жҥйке 
жҥйелерінің 
бҧзылыстарымен 
қабаттасады. 
Нашақорлық
ресми 
тҥрде 
есірткілердің 
қатарына 
жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің тҥрі. 
Уытқорлық 
(токсикоманиялар) есірткілердің қатарына 
жатпайтын (солардың ішінде дәрі-дәрмектер, ішімдіктер, 
никотин т.с.с.) уытты заттарды артық қабылдаудан дамитын 
дерт тҥрі. 
Медициналық тҧрғыдан нашақорлық пен уытқорлық кӛпшілік 
жағдайларда бір-біріне сәйкес келетін тҥсінік. Олар бір-
біріне ауысуы мҥмкін. Мәселен, нашақор артынан уытты 
заттарға, 
уытқорлар 
артынан 
есірткілерге 
ауысулары 
ықтимал. Соған қарамай маскҥнемдік медицинада бӛлек ауру 


55
тҥрі болып саналады. 
Нашақорлық пен уытқорлықтың этиологиясы. 
Нашақорлық 
есірткілердің әсерлерінен дамиды. Оларға: 
● апиын тектес ( героин, морфин, апиын ӛнімдері, 
мәселен, омнопон т.б.) заттарды; 
● орталық жҥйке жҥйесінің сергіткіштерін (кокаин, 
марихуана т.б. кендір ӛнімдерін); 
● кӛз алдына елестеткіштерді (галлюциногендерді), 
мәселен, диэтиламид лизергин қышқылы (ЛСД), мескалин 
т.с.с. заттарды – жатқызуға болады. 
Уытқорлық 
кӛңіл-кҥйді 
кӛтеретін, 
ой 
әрекеттерін 
уақытша арттыратын, бей-жайлық сезімді жоғалтатын, емдік 
емес мақсаттарда қолданылатын уыттарға әуестендіретін 
заттарға дамиды. Бҧл заттарға: 
● кейбір химиялық реактивтерді (мәселен, ауаға 
тарайтын органикалық еріткіштер); 
● тҧрмыстық химиялық заттарды (жәндіктерді жоятын 
улар, желімдер); 
● ішімдіктерді (арақ-шарап, этил спирті); 
● есірткілерге жатпайтын дәрі-дәрмектерді (мәселен, 
транквилизаторлар) – келтіруге болады. 
Нашақорлық пен уытқорлық дамуына мына әлеуметтік 
жағымсыз жағдайлар қаіп-қатер туындатады: 
● тҧрмыс жағдайларының нашарлығы, қоғам дамуының 
кейбір 
қайшылықтары 
мен 
әділетсіздіктері, 
әртҥрлі 
тҧрмыстық және рухани ауыртпалықтар, ҧлттық салт-
дәстҥрлер т.с.с. әлеуметтік ықпалдар; 
● жан кҥйзелістері, жаңа қоғам жағдайларына бейімделе 
алмау, жоғары жҥйке жҥйесінің әлсіз тҥрі т.с.с. ықпалдар; 
● тҧқым қуалаушылыққа бейімділік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет