Жіті сӛулелік аурудың ішектік тҥрі . 10-20 Гр
мӛлшерінде сәулеленген адамдар 7-10 кҥннен кейін жан
тапсырады. Аурудың бҧл тҥрінің әйгіленімдеріне жҥрек
айну, қҧсу, қан араласқан іш ӛту, дене қызымының
кӛтерілуі, ішектердің тҥйілуі, іш кебу жатады. Сонымен
қатар қатты лейкопения дамиды, лимфоциттер шеткері қанда
мҥлде болмайды, жиі қан кетулер болады және сепсистің
кӛріністері байқалады.
Жіті сәулелік аурудың ішектік тҥрінде адамның ӛлімі
дененің сусыздануынан болады. Бҧл кезде организмнен сумен
бірге тҧздар мен нәруыздар шығарылады. Микробтардың
уыттарымен және тіндердің ыдырауынан пайда болған уытты
ӛнімдермен организмнің уыттануы болады, сілейме дамиды.
Жіті сәулелік аурудың токсемиялық тҥрі . Бҧл тҥрі
мӛлшері 20-80 Гр иондағыш сәулелердің әсерінен дамиды
және 4-7 кҥн ішінде адамның ӛліміне әкеледі. Ішектер мен
бауыр тамырларында ауыр қанайналымның бҧзылыстары, қан
тамырларының межеқуаты жоғалып, кеңіп кетуі, жҥрек
соғуының жиілеуі, денеде қан қҥйылу, организмнің қатты
уыттануы болады. Осыдан бҥйректің қызметі бҧзылып,
олигоурия, анурия, гиперазотемия дамиды.
Жіті сәулелік аурудың милық тҥрі . 80 Гр мӛлшеріндегі
иондағыш радиацияның әсерінен жіті сәулелік аурудың милық
тҥрі дамиды. Осындай радиация әсер еткеннен кейін 1-3 кҥн
ӛткен соң адам жан тапсырады. Радиацияның мӛлшері 150-200
Гр болса адам сәулелердің әсерінен шықпай-ақ немесе
бірнеше минут-сағаттың ішінде ӛледі. Сәулелік аурудың
бҧл тҥрі кезінде дененің селкілдегі дамиды, мида қан мен
лимфаның айналымы бҧзылады, қан тамырларының межеқуаты
мен термореттелу ӛзгереді. Артынан асқорыту жолдары мен
несеп шығару жҥйесінің бҧзылыстары байқалады, қан қысымы
қатты тӛмендеп кетеді. Бҧл ауру кезінде орталық жҥйке
жҥйесінің қайтымсыз бҧзылыстары дамиды, мидың сыртқы
қыртысы мен гипоталамустың жасушалары қатты бҥлінеді.