Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Организмге иондағыш радиацияның әсер ету жолдары



Pdf көрінісі
бет36/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Организмге иондағыш радиацияның әсер ету жолдары.
Иондағыш радиация организмнің жергілікті бҥліністеріне 
және жалпы бҧзылыстарына әкеледі. Иондағыш сәулелердің 
бҥліндіргіш әсері шартты тҥрде ҥш кезеңге бӛлінеді: 
● иондағыш сәулелердің алғашқы әсері;
● радиацияның жасушаларға әсері;
● радиацияның тҧтас организмге әсері. 
Иондағыш сәулелердің тіндерге алғашқы әсері 
атомдар 
мен молекулалардың (судың) иондалуына, белсенді бос 
радикалдардың (О 

, ОН 

) және сутегінің асқын тотығы 

2
О
2
) пайда болуына әкеледі. Бҧл бос радикалдар жасуша 
қабықтарындағы май қышқылдарының асқын тотығуына және 
олардың гидроасқын тотықтары (RОН

) тҥзілуіне әкеледі. 
Бҧл химиялық реакция ӛзара тізбектеліп

тоқтамай жҥре 
береді. Осыдан ішкі ағзалар мен тіндердің жасушаларының 
мембраналары 
бҥлінеді. 
Бҧл 
кезде 
митохондрийлардың 


49
мембраналарының 
бҥліністерінен 
тотығулық 
фосфорлану 
бҧзылып, энергия тҥзілуі азаяды. Жасуша ядроларының 
қабығы бҧзылудан ДНК, РНК, нәруыздар тҥзілуі бҧзылады. 
Олардың тҥзілуі ҧдайы ӛсіп-ӛніп тҧратын тіндер ҥшін ӛте 
қажет. Сондықтан бҧл тіндер иондағыш сәулелердің әсерінен 
ең алдымен бҥлінеді. 
Радиацияның жасушаларға әсері. 
Жасушалар радиацияға 
сезімталдығы бойынша мына тізбек бойынша орналасады: 
лимфоидтық тіндердің жасушалары (лимфалық тҥйіндер, 
кӛкбауыр, айырша без), сҥйек кемігі, атабез, анабездер, 
ас қорыту жолдарының шырышты қабығы, терінің эпителий 
жасушалары т. с. с. 
Жасушалардың радиацияға сезімталдығы олардың: гендік 
қҧрылымдарының мӛлшерінен, энергиямен қамтамасыз ететін 
жҥйесінің белсенділігінен, зат алмасуларының қарқынынан, 
мембраналарының тҧрақтылығынан және олардың қалпына келу 
қабілетінен, репарациялық ферменттерінің белсенділігінен 
байланысты. 
Жасушалардың 
иондағыш 
сәулелермен 
зақымдануының 
негізінде 
жасуша 
ішіндегі 
ультра 
қҧрылымдарының бҧзылыстары және соған байланысты зат 
алмасуларының ӛзгерістері жатады.
Аз мӛлшердегі иондағыш сәулелер жасушалардың қайтымды 
ӛзгерістерін 
туындатады. 
Бҧл 
ӛзгерістерге 
нуклеин 
қышқылдары тҥзілуінің тежелуі, жасуша мембраналарының 
ӛткізгіштігі 
жоғарылауы, 
хромосомалардың 
ӛзара 
жабысқақтығы, ядрода тҥйіршіктер пайда болуы, митоздың 
шектелуі т.т. жатады. Олар сәулеленуден кейін бірнеше 
минуттың ішінде дамиды. Артынан бҧл ӛзгерістер жоғалады. 
Жасушаларға иондағыш сәулелердің кӛп мӛлшері әсер 
еткенде 
олар 
тіршілігінен 
айырылады. 
Бҧл 
кезде 
лизосомалардың мембранасының ӛткізгіштігі кӛтерілуінен 
қышқыл гидролиздік ферменттер (ДНКаза, РНКаза, катепсин, 
қышқыл фосфатаза т. б.) босап шығады. Осыдан жасушалардың 
бӛлінуі шектеліп, ядродағы ДНК ыдыратылады. Иондагыш 
сәулелердің әсерінен хромосомалардың қҧрылымдық ӛзгерісі 
болады. Бҧл сәулелерге жасуша цитоплазмасынан гӛрі ядросы 
сезімтал болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет