Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Клиникалық жалған сәттілік сатысында



Pdf көрінісі
бет38/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Клиникалық жалған сәттілік сатысында 
науқастардың 
жалпы жағдайы біршама жақсарады. Алдында байқалған 
аурудың белгілері жоғалады. Бҧл сатының ҧзақтығы иондағыш 
сәулелердің мӛлшеріне қарай 10-15 кҥннен 4-5 аптаға дейін 
созылады. Иондағыш сәулелердің мӛлшері 1 Гр-ден аспаса 
алғашқы 
серпілістер 
сатысы 
аурудың 
айқын 
тҥріне 
ауыспайды. Ал олардың мӛлшері 10 Гр-ден асып кетсе 
аурудың клиникалық сәттілік сатысы байқалмай бірден жіті 
сәулелік аурудың айқындалуы болады. Бҧл сатысы кезінде 
қанның 
бҧзылыстары 
кҥшейе 
береді. 
Шеткері 
қанда 
лимфопения 
ҥдейді, 
лейкоциттердің 
жалпы 
саны, 
ретикулоциттер мен тромбоциттер азаяды. Сҥйек кемігінде 
аплазия 
дамиды. 
Сонымен 
бірге 
жыныстық 
бездердің 
атрофиясы 
байқалады, 
сперматозоидтардың 
ӛндірілуі 
бҧзылады, аш ішектердің шырышты қабықтарында және теріде 
ӛзгерістер дамиды. 
Аурудың айқындалу сатысы. 
Бҧл саты кезінде науқастың 
жалпы жағдайы қайтадан кҥрт нашарлайды, жалпы әлсіздік, 
дене қызымының кӛтерілуі, теріге, шырышты қабықтарға, 
ішек-қарын жолдарына, миға, жҥрекке және ӛкпеге қан 
қҧйылулар 
мен 
қан 
кетулер 
байқалады. 
Денеде 
зат 
алмасуларының бҧзылыстарынан, тәбеттің болмауынан және іш 
ӛтулерінен адамның қатты арып-жҥдеуі болады. 
Қанда 
қатты 
лейкопения, 
тромбоцитопения, 
анемия 
дамиды, эритроциттердің тҧну жылдамдығы кӛтеріледі. Сҥйек 
кемігенде, 
аплазия 
байқалады. 
Шеткі 
қанда 
гипопротеинемия, гипоәлбуминемия, гиперазотемия дамиды, 
хлордың деңгейі азаяды. Бҧл сатысы кезінде организмнің 
жҧқпаларға тӛтемелілігі бҧзылып, жҧқпалардың асқынуы, 
аутоинфекциялар мен ӛзінен ӛзі уыттануы байқалады. Бҧл 
сатының ҧзақтығы бірнеше кҥннен 2-3 аптаға дейін 
созылады. 
Сауығу сатысы. 
Бҧл саты кезінде организмнің бҧзылған 
қызметтері біртіндеп қалпына келеді, науқастың жалпы 
жағдайы тҥзеледі, дене қызымы қалыпты деңгейге тҥседі, 


52
қан кетулер, іштің ӛтуі, қҧсу тоқтайды. 2-5 айдан кейін 
тері бездерінің қызметі қалпына келеді, шаш қайта ӛсе 
бастайды. Біртіндеп қанның және зат 
алмасуларының 
ӛзгерістері қалпына келеді. 
Сәулелік аурудан сауығу 3-6 айда болады, оның ауыр 
тҥрлерінде сауығу 1-3 жылға созылуы мҥмкін. Кейде жіті 
сәулелік ауру созылмалы тҥрге айналуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет