Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Иондағыш сәулелердің организмге әсері



Pdf көрінісі
бет37/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Иондағыш сәулелердің организмге әсері

Иондағыш 
радиация организмге жергілікті (сәулелік кҥйік, некроз, 
кӛз бҧршағьгның бҧлыңғырлануы) және жалпы (сәулелік ауру) 
әсер етеді. 
Иондағыш радиацияның жергілікті әсері

Иондағыш 
сәулелер жергілікті тіннің кҥюіне, сәулелік кҥйік дамуына 
әкеледі. Бҧл сәулелердің ӛтіп кету қабілетіне байланысты 
терінің немесе дененің ішінде жатқан тіндердің кҥйіктері 


50
дамуы мҥмкін. Радиацияның мӛлшеріне қарай терінің, тері 
астындағы шелмайдың, бҧлшықетгердің, сҥйектердің некрозы 
дамиды. Науқас адамдарда қызба, ҥлкен лейкоцитоз, қатты 
ауыру сезімі болады. 
Сӛулелік ауру
. Организмнің сыртынан 1-10 Гр мӛлшерінде 
жалпы сәулеленудің нәтижесінде жіті сәулелік ауру дамиды. 
Бҧл 
кезде 
негізінен 
сҥйек 
кемігінің 
бҥліністері 
байқалады. Бҧны 
сҥйек-кемігілік синдром 
дейді. 10-20 Гр 
мӛлшеріндегі иондағыш сәулелердің әсерінен жіті сәулелік 
аурудың 
ішектік тҥр
і, 20-80 Гр мӛлшерінде 
қан тамырлық, 
токсемиялық
тҥрі, 80 Гр - астам мӛлшерінде — 
церебралдық 
(милық) тҥрі дамиды
.
Жіті сәулелік ауру әсер еткен сәуленің мӛлшеріне қарай 
тӛрт топқа бӛлінеді: 
● жеңіл тҥрі (1-2 Гр.);
● орташа тҥрі (2-4 Гр);
● ауыр тҥрі (4—6 Гр);
● тым ауыр тҥрі (6 Гр-ден асгам). Ол 4 - сатыда ӛтеді: 
♣ 
алғашқы серпілістер сатысы;
♣ клиникалық жалған сәттілік сатысы (жасырын саты); 
♣ аурудың айқындалу сатысы;
♣ сауығу сатысы

Алғашқы серпілістер
сатысы сәулеленуден кейін әсер 
еткен сәулелердің мӛлшеріне қарай бірінші минуттардың 
немесе сағаттардың ішінде дамиды. Бҧл кезде организмнің 
жалпы қозуы, бас ауыруы, жалпы әлсіздік байқалады. 
Артынан тәбетгің жоғалуы, жҥрек айну, қҧсу болады, қанда 
лимфоциттердің 
азаюы 
нейтрофилдік 
лейкоцитозбен 
қабаттасады. 


51
Орталық жҥйке жҥйесінің қозымдылығы артып, дербес 
(вегетативтік) 
жҥйке 
жҥйесінің 
межеқуаты 
қҧбылмалы 
болады. Осыдан артериялық қан қысымы қҧбылып тҧрады, 
жҥректің аритмиялары дамиды. Бҧл кезде гипоталамус - 
аденогипофиз - бҥйрек ҥсгі бездерінің сыртқы қабатының 
белсенділігі артады. Иондағыш сәулелердің мӛлшері 8-10 Гр 
болғанда артериялық қан қысымы тӛмендеп, естен тану, дене 
қызымының кӛтерілуі, іш 
ӛтуі байқалады. Жҥйкелік-
рефлекстік бҧзылыстар байқалады. Сәулелік аурудың бҧл 
сатысы алғашқы 1-3 кҥн арасында кӛрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет