Мақсаты Білімділік



Дата22.06.2017
өлшемі21,36 Kb.
#19798
  • Мақсаты
  • Білімділік –Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру.
  • Дамытушылық – табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде айту.
  • Тәрбиелік – орманды дала, дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен ұстап сақтап тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.
  • 1-кезең «Түймедақ» ойыны.
  • Табиғат зонасы – белдеу, климат жағдайлары, топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі біртектес ендік, өңір.
  • 1. Орманды дала зонасы/ өтпелі зона
  • 2. Дала зонасы/негізгі зона
  • 3. Шөлейт зонасы/ өтпелі зона
  • 4. Шөл зонасы/негізгі зона
  • Жаңа сабақ
  • «Ландшафты шағын шоқ - шоқ қайыңдар мен шалғынды жерлердің алмасып келуімен сипатталады. Шоқ-шоқ қайыңға кейде көктерек, тал, итмұрын бұтасы араласып кетеді. Түрлі түсті ашық реңді өсімдіктері басым шалғын масаты кілемдей құлпырады, оларға бетеге, боз, бидайық және дәнді өсімдіктер қосылады» бұл – қай зона?

Өсімдіктері

Орманды дала зонасы

  •  Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га 
  • Қазақстан аумағының 0,4%. 
  • Өзендері : Ертіс, Жайық, Тобыл,Есіл
  • Топырағы -  қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9% - 6 -ына жуығы шірінді болады.

Климаты

  • Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.

Өсімдіктері

  • Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жата
  • Қорықшалар: Дуброва, Мамлют қорықшалары

Жануарлары

  • Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған.
  • «Түрлі түсті түкті кілем төселгендей, кейде таң қаларлық күрделі мозайкадай құлпырып, кейде көк, сары, қызыл, ақ түстердің әртүрлі реңктері көз арбаған өсімдіктер жамылғысының әсемдігі, қанықтығы, алуандығы соншалық, көзің қарыға бастайды, ал назарың сонау алыстағы көкжиекке ауады, ол жақта жоталар, қорғандар көзге түседі. Немесе көз ұшындағы шағын орман қарауытып көрінетін кеңістікті бір сәт елестетіп көрші» ( Алехин), бұл – қай зона?

Дала зонасы

  • Аумағы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның  27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасына Батыс Сібір жазығыныңоңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті,Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Өзені:  Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай,  Ырғыз
  • Топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғары өнім жинауға жеткілікті 6%-ға жуық шірінді бар.  

Климаты

  • климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып түрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. Қаңтардың орташа температурасы -16°-18°С, шілде айында солтүстігінде 18°С-тан, Жылына 220-310 мм-ге дейін жауын-шашын жауады.

Жануарлары

  • Саршұнақ ,қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыныжатады. Бұлар егінге көп зиян келтіреді. Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі суырлар (салмағы 10 кг-ға дейін) болады. Суырлар мен саршұнақтар ін қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды. Қосаяқтар, саршұнақтар, дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан күзен, аққіс, түлкі кездеседі. Олар терісі бағалы кәсіптік жануарлар қатарына жатады. Даланың оңтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ кездеседі. Ол інінен тек түнде ғана шығып, жортады. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседі

\

Дала зонасының түрлері

Өсімдігі

  •  Боз,бетеге, атқонақ, еркекиіөп, кермек, қаңбақ  басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер бар.Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмурын, дәрілік валериан
  • 2- кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр»
  • «Бірде екі аңшы жолбарысты қалай аулағандары туралы сөз жарыстыра отырып, бірін-бірі толықтыра түсті: «Бұл Қарақұм шөлінде болған оқиға еді. Біз шөл мен аптаптан әлсіреп, үш күн бойы аңның ізіне еріп отырдық. Түйелер шыдамай, шөгіп жатып қалды. Бір-бірімізді сүйемелдеп, аяғымыз қызған тас пен шағыла күйіп, әрең дегенде үлкен өзенге жеттік . сол жерде бір аңқамыз кепкен шөлімізді басып ап, шаң басқан киімдерімізді лақтырып тастап, суға күмп беріп қойып кеттік. Мөлдір суда ұзақ жүзіп, жағада өсіп тұрған сексеуіл орманының көлеңкесінде аптаптан тығылып, су жағасынджа аяғымызды созып жіберіп дем алдық. Енді ары қарай не істейтінімізді ойластырдық. Ақыры таптық : сексеуіл бұтағынан сал жасап, сонымен аман-есен жақын жердегі елді мекенге жетіп алдық...»
  • Егер басқа ғаламшардан келгендерге орманды дала мен дала зонасн бейнелеп түсіндіру керек болса, сен оны қалай суреттер едің? Дала мен орманды даланың рәміздерін сал.
  • 4- кезең. Схема бойынша жүру
  • Орманды дала зонасына қара топырақ тән
  • Орманды дала зонасы – бұл негізгі зона
  • Орманды дала зонасы Қазақстаның 1 млн гектар жерін алып жатыр
  • Дала зонасы – Қазақстанның оңтүстігінде
  • Ондатр – орманды дала зонасында мекен етеді
  • Даланың ылғалды жерлерінде қияқ пен құрақ өседі
  • Әрбәр табиғат зонасы өзінің климаты, топырағы, өсімдігі, жануарымен ерекшеленеді
  • Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай
  • Ең құнарлы топырақ сұр топырақ
  • 5-кезең мақал - мәтел
  • 1.«Бір тал кессен, ..................»
  • 2.«Дәрі шөптен шығады, ..........— көптен шығады» 3.«Атаңнан мал қалғанша, ........ қалсын» 4.«Сұлу жер ............... болмас, таулы жер ................ болмас» 5.«Бұлақ көрсең, ...............аш» 6.«Жылап жүріп ............. қазсаң, Күліп жүріп ................. ішерсің»
  • Орманды дала
  • айырмашылығы
  • Ұқсастығы
  • Дала
  • айырмашылығы
  • ІV. Бекіту кезеңі мен қорыту сұрақтары
  • Венн диаграммасы
  • Табиғат
  • зонасы
  • Географиялық
  • орны
  • Климаты
  • Топырағы
  • Өсімдіктері
  • Жануарлары
  • Орманды дала зонасы
  • Дала зонасы
  • V. Үй тапсырмасы: §38 Орманды дала және дала зоналары.
  • Кестені толтыру. Табиғат зоналарды кескін картаға түсіру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет