Күзгі бал ерекше бір күз мейрамы, Құлпырып жиналатын гүл мейманы



Дата27.11.2023
өлшемі13,7 Kb.
#193649
Байланысты:
Күзгі бал
10б триг теңдеу

Күзгі бал - ерекше бір күз мейрамы,
Құлпырып жиналатын гүл мейманы.
Бәйгеден оза шапқан жүйріктердің
Жанатын жұлдызымен бірдей бағы.

Ассалаумағалейкум, жамағатым,
Алдыңда бар өнерің салады ақын.
Текті елдің талантты бір ұрпағымын,
Бөрік киген сыйлайтын азаматын.

Қарсыластар аман ба, армысыздар?
Ауыл-аймақ тегіс пе, бармысыздар?
Ассалаумағалейкум, қазыларым,
Қара қылды қақ жарар жанбысыздар?
Күздегі ақ жаңбырдай төкпелеймін,
Кемшілік кетіп жатса, сөкпе деймін.
Дүйім жұрттың сенімін ақтамасам,
Өзгеге емес, өзіме өкпелеймін.

Жеңіп шығып бәрін де, даңқым асса,
Күздей жомарт көңілім шалқымас па?
Баршаңызға сәттілік тілеймін де,
Сөз кезегін беремін қарсыласқа.

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!

Кұтты болсын күзгі бал салтанаты
Сайыста ақ боз аттай оза шапқың
Бас бермей бір-бірене ұшқыр оймен
Қалардай естелік қып думандатқың

Қыз бала: Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
 Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
 Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.
 Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз

 Ұл бала. Аманбысың ағайын құрбы құрдас.
 Тілегі бір замандас ізгі сырлас
 Кезекті берейік танысуға
 Біз келдік Күзгі балда сайысуға

Армысыздар ағайын, бармысыздар,
Өнер сүйер ғажайып жанбысыздар.
Мен де келдім байқауға қатысуға,
Үміткерлер ретінде бағын сынар.
Алтын күздің есігін аштық міне,
Сары айналам, алтындай көз тартатын.
Күз аруы, біздерді қабыл алшы,
Арулармыз құлпырып үн қататын...

Баршаңызға сәттілік серік болсын,
Байқауымыз бүгінгі қызық болып.
Алтын күздің алтындай арулары,
Жайнаңыздар, жадырап үздік болып....

Сәлем бердім баршаға,
Келдім тағы ортаға.
Сынақтардан өтейін,
Қанша қиын болса да.

Жеті «Г» - ың талантты жастарымыз,
Ұйымшылмыз,​ әнші-күйші жас ғалымбыз.
«Алтын күз» деп,​ жарысуда достарымыз,
Алға, алға, сыныптар! Достарымыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет