Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі
қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп
Дарынды және талантты оқушылар
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістікке қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады.Дарынды және талантты балаларға қатысты, бұл ойлаудың, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе.Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясаты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып, бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс» (Eyre and Lowe, 2002). Осы қағида негізінде мен басқа модульден гөрі сыныптағы талантты және дарынды оқушыларды анықтау мен олардың қабілеттерін шыңдауды өзіме басты қағида етіп алдым. Жүргізілген әр сабағымның басым бөлігін осыған бағыттадым.
7 «а» сыныбында 18 оқушы бар.Сыныпта 10 қыз, 8 ұл бар, әрқайсысының мінездері әр түрлі.Білім деңгейі 58 пайызды құрады. Осы сыныпқа екі жылдан бері сабақ беріп жүргенде, А мен С бірден көзіме түсті.Жыл бойы осы екі оқушыны әр түрлі сайыстарға қатыстырып жүрдім. Екеуініңде география пәнінен ынталары қызығушылықтары жоғары екендері байқалды.Қыркүйектің 29- нан басталған алғашқы бетпе – бет кездесуде алған білімдерімді мектеп кезеңіндегі тәжірбиемде қолдана алатындығыма, әсіресе сыныптағы дарынды оқушылармен, көшбасшылықты тапсыра алатындығыма қуанышты сезім болды. Бірінші сабағымда жаңа тақырыпты айтып, мақсатын түсіндіргеннен кейін сыныптағы дарынды екі оқушы А мен С есімді дайындап келген қосымша материалдарын ортаға салып тыңдадық. Арман мұхиттағы тіршілік жайлы видеоролик жасап келіп қорғаса, ал С Мұхиттағы тіршіліктің адам өміріндегі маңыздылығы жайлы баяндады. А өзін еркін ұстап, көпшілік алдында ойын еркін жеткізе алды, ал С қысылып қалды.Осы жерден менің байқағаным екі оқушыныңда дарындылығы бірдей деп жүрсем, екі түрлі екенін байқадым. Осыны негізге ала отырып, тапсырманы бірдей емес, екі оқушыға екі түрлі тапсырма дайындауды жөн көрдім. Бірдей тапсырманы екі түрде орындағандары мені біраз ойландырды, бірақ мен күтпеген тосын жағдай да болды десем болады.Дегенмен екі оқушы өз міндеттерін жақсы көрсете білді деп ойлаймын.Осы айтылғандардың барылығын еске ала отырып, сабақ соңында екеуіне екі түрлі рөл ойнайтын екі топтан өзгеше тапсырмалар бердім. Екінші сабақта қандай өзгерістер болады екен деп ойладым.
Қазіргі заман талабына сай Қазақстаның көркеюі үшін дарынды және талантты оқушылардың қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі заман талабына сай білім беру саласында жоғарғы жетістіктерді анықтайтын көптеген ынталандыратын бірқатар өңірлік, бірқатар байқаулар мен сайыстар, бағдарламалар жүргізілуде.Алайда мұндай сайыстар мен құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалардың әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы бағдарлама аясында инклюзивті тәсілді пайдалануға болатынын түсіндім.Ендігі сабағымда екі бірдей дарынды оқушымның екі түрлі қабілеттерін ескере отырып, өзіме қай жағы тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыра отырып, жан –жақтан іздестіре бастадым. Эйр талантты және дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасына өзгерту енгізу арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселарация модельдерін қолдана алатындарын айта алады. Ол үшін үш түрлі өзгерістерді енгізу негізінде Мейкер және Нильсонның оқу жоспарының өзгеру моделін бейімдеп жасады:
Мазмұнына өзгерістер енгізу: (үдеріспен нәтижені қоса есептегенде);
Қолданылатын әдіс тәсілдерді өзгерту;
Оқу мәтіндегі өзгерістер (3)
Эйрдің осы қағидаларын негізге ала отырып, бірінші сабағымда жіберген қателерімді еске түсіре отырып,жаңа тапсырмаларды ретімен деңгейімен анықтай отырып, ендігі кезекте екі дарынды оқушыдан мен не күтем? Оларға не беремін? Олар менен не күтеді? Мен қалай екіоқушының бойындағы қасиеттерін қалай анықтай аламын? Осындай сұрақтарды ой елегімнен өткізе отырып, Арман мен Сәбинаның жеке қасиеттеріне қарай отырып, мектеп психологымен кеңес өткіздім. Мектеп психологы Шолпан Апрельқанқызы сыныпқа келіп, социограммалық сәйкестендіру кестесін толтыртты. Сыныптағы барлық оқушыларға екінші ауысымда АРТ терапия атты қолдарына сурет салуды ұсынды. Сыныптағы барылық оқушылар суретті салды, әрбір оқушының суреттерін салыстыра отырып оқушылардың бойындағы қасиетерін анықтадық.Үлгерімі төмен оқушы Иманғали «кескін картамен жұмыс жасаған ұнайды » күнде тек картамен ғана жұмыс жасайықшы деп ұсыныс айтты. Сәбинаның ойымен бірдей келді.себебі Сәбина картамен жұмыс жасағанды жақсы көреді. Осылай екі оқушыны анықтап алғанан кейін , жас ерекеліктеріне қарай тапсырма беруді жөн көрдім. Екінші сабағымды бастамас бұрын алдын ала үй жұмысын сұрап алдым Алғашқы тапсырма «Солтүстік мұхит пен Атлант мұхиты» тақырыбында географиялық орнына зеттеу жұмыстарын тыңдадық. Осы зерттеу жұмысын тыңдау барысында Арман мен Сәбинаны жеке бақылауға алдым. А есімді оқушы Солтүстік Мұзды мұхитпен Атлант мұхитының географиялық орны жайлы зерттей отырып видио жасаған. Ал С есімді оқушы Солтүсік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитынының ерекшеліктері мен айырмашылығын зерттеген. Осы зертеу жұмысында ойыма түйгенім: Арман картадан географиялық орнын зерттеуге жақын екенін, ізденімпаз екені байқалды, ғаламторларды көп пайдаланатын шеберлігін анықтадым.
С оқулықтардан мұхиттардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын зерттегенде ізденімпаз екендігін анықтадым. А-ға Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхиты климатының айырмашылығын жазып келу ұсынылды. А есімді оқушы картадан екі мұхиттың климатының айырмашылығын баяндап берді. Оқушыларға арнап дайындап келген «сөз жұмбақтың сұрақтарын оқып, жауабын тап» атты жұмысын осы жерде көрсете білді.Оқушылар сұрақ қойған кезде тоқталмай дұрыс жауап берген сайын, мұғалім сынды мадақтап тұруы да өзге оқушылардан ерекшелініп, өзін осы тұста ұстаз ретінде сезініп тұрғандығы, өзінің бойындағы дарындылығын ерешелігін сезініп көрсеткендей болды.
Үшінші сабағымда алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша сыныптағы дарынды оқушылар А есім мен С есімді оқушы ортаға шығып. Тынық мұхиты мен Атлант мұхиты жайлы алып келген материалдарын оқыды. Бірінің айтқан материалын екіншісі қайталамауға тырысты.С осы жерде сабақты оқушыларға картадан түсіндіре отырып, А есімді оқушыға қарағанда көбірек ақпарат беріп, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Демек – Арманнан артта қалып келе жатқанын іштей сезінгендей болды – ау деген ойда қалдым. Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірбиесімен, қарым –қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай –ақ білім берудің қисын мен интуиция , зияткерлік пен сезімді қамтитыны туралы идеяны өрбітті. Демек, «мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез құлқымыздың бағыттайтын, өзін – өзін өзгертуге жетелейтін әлеуметтік стимул болып табылған, әр түрлі жеке сипаттамалары бар, барлық когнитивті және арффективті компоненттердің үйлесі болып табылады.(4) дегендей Сәбинаның бұлт іс – әрекеті, өзін – өзі реттеу, өзгені өзімен салыстыра отырып, өз бойындағы қасиеттерді жасырмай айта алатындай болды.
Осы сабақтың қорытындысында дарынды оқушыларымның арасында бәсекелестік туындай бастағанын аңғардым. Сабақ соңында сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқыту кезінде оқушыларға эссе жазу тапсырмасы берілді. Әр топтан оқушылар бір –біріне оқып беріп, ең жақсы эссені «автор орындығына» отырып, оқып беруді ұсындым. Үш топтан шыққан оқушылар ортада өздері жазған эсселерін оқыды. Екінші топтан Арманың эссесі өте жақсы болды. Үшінші топтан Иманғали оқыды. Осы күнге дейінгі деңгейі ең төмен оқушы болып келген Иманғали Арманмен бірге тұрып өз эссесін жасқанбай оқуы мен үшін қуанышты жағдай және жаңашыл әрекет болды. Сабақ соңында топ басшыларының бағалауларында Сәбина бағаларын өздеріне көрсете отырып, дәлелдеп, тобындағы оқушыларды әр сабақ кезеңдерінде кім қалай қатысқанын дәлелдеп, әр оқушының жиынтық қорытынды бағаларын айтып берді. Мәселен: «Жасұланда үй жұмысын орындау барысында бірнеше кемшіліктер болды» немесе «Алдияр сабаққа жартылай қатыспады» деген сөздерді оқушыларға сабақ бойынша Сәбинаның әділ бағалағанын көздеріне көрсетіп, дәлелдеп берді. Келесі сабағымда да дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізуге тырыстым. Сабақ барысында өткен сабағымды қайталау мақсатында бірнеше оқушылардан Дүниежүзілік мұхит жайында төрт бес оқушыдан ақпарат алдым. Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушыларды тақтаға шығарып, жасыл және қызыл түсті алмаларды корзинаға жинай отырып, әр оқушы өз бойларындағы жағымды және жағымсыз жақтарын атап айтқыздым. Бұл тапсырманы үлгерімі төмен және дарынды оқушыларда орындап шықты. Осы сәтте байқағаным оқушылардың жай тақтадан гөрі, интербелсенді тақтада флипчартпен жұмыс жүргізгенді жақсы көреді. Оқушылар қатты қызығады. Сәбина өзінің бойындағы жағымды қасиеттерін көп жинай отырып, жаман қасиеттерін санаулы ғана айтты.
Ал, Арман өзінің тіл байлығымен жағымды да, жағымсызда жақтарын толықтырып тұрып баяндап берді. Демек өз бойындағы жақсылықты ғана айта бермей, жаман қасиеттерінде жеткізе біліп, одан ұялмай айта білулерінің өзі көп нәрсені аңғартқандай болды. Осы үлгімен үлгерімі төмен оқушылар Иманғали мен Әсем де өз ойларын ортаға салып, қысылмай еркін сөйледі. Дарынды оқушыны тақтаға шығарып, өзге тапсырма беріп, тың ақпараттар жинату арқылы, үлгерімі төмен оқушыларғада ой тастап, сол бағытқа бұрылуына септігін тигізді деп ойлаймын.«Оның қолынан келен нәрсе меніңде қолымнан келеді» - деу өзін басқа біреумен салыстыру, үдерісінің негізі. Адамдардың қандайда бір салада болсын, табысқа жеткен біреуді көрсе өзімділік деңгейі арта түседі.Егерде адам өзінің моделінде, өзінің сәикестігіне келсе, бұл үдеріс нәтижелері болмақ. Егер де ұқсас қабілеттерге ие деп қабылданатын жолдасы қандайда бір жетістікке жетсе, бұл байқаушының өзіндік тиімділігін арттырады. Оның үстіне модельдеу тәжірибе сияқты әсерлі болмасада, адам өзіне сенімсіз болған жағдайда күшті ықпал етеді дегендей дарынды оқушылар ортада жүріп, сабақтың басым бөлігінде көшбасшылық жасау жағымды қасиеттері үлгерімі төмен оқушыларға оң әсері бергендігі, мені қатты қуантты. Демек, мен өз еңбегімнің жемісі ретінде осыны да айта аламын деген ойға келдім. Келесі тапсырма «Кенгуру қалтасындағы тапсырмалар» кезеңінде оқушылар қалталы жануардың қалтасынан мұхиттарға байланысты сұрақтарды алып жауап берді.Бұл сыныптағы дарынды оқушы Арман өз тобындағы деңгейі төмен Иманғали деген оқушыға тапсырманы түсіндіріп, ол оқушыны жауап беруге шығарды. Сол кезде Арманның өз тобындағы оқушыларды жақсы ұйымдастыра білгенін байқадым және деңгейі төмен оқушыны сөйлете білді. Бұл жерде Арманның дарындылығы, шеберлігі байқалды. Ал Сәбина өз тобындағы оқушыларды ұйымдастыра отырып, сұраққа жауапты өзі бергенді жөн көрді. Бұл жерде байқағаным Сәбина топты ұйымдастыра алмады және өзі тез жауап бергенді қалады. Бірақ топпен жұмыс істеген кезде менің байқағаным Сәбина топтағы оқушыларды өзіне тарта білді және өз бойындағы дарындылықты көрсете білді. Бүл ретте сыныптағы дарынды оқушы Арман өзінің еркін сөйлеу мәнерімен, ойлау қабілеттерін ерекше айтып өтуге болмас еді. Жақсылық деген не? деген сауалға өз ойын еркін жеткізе алды. Мысалы: жақсылық деген бір –біріне демеу беру, көмектесу арқылы топтағы оқушыларды ұйымдастыра білу. Әр айтқан сөзінің мағынасында терең ойлар айтылатыны байқалады. Өзінің дарындылық қасиеттері басқа сабақтардан қарағанда география сабағында қарай жақын екені байқалды.География сабағында берілген тапсырмаларды кітаптан тыс ақпарат көздерінен ізденіп, видео, рефераттар жазып әкелуі немесе картамен жұмыс жасаған жағынан меңгеріп алғандары бірден -бір дәлелі болса керек. Сабақ үстінде шағын эссе жазуға берген тапсырманы орындау кезінде өзінің шеберлігін танытты.
Орта мектептің оқушысы Бір нақты пән бойынша айырықша, дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер бойынша көзгеде түспеуі де мүмкін. (6) осы қағиданы негізге ала отырып, жұмыс жүргізу сыныптағы дарынды деп есептеп жүрген Арман мен Сәбинаның дарындылықтарын басқа пәндермен салыстыру мақсатында пән мұғалімдеріне сауалнама таратып бердім.Негізгі пәндермен жүргізілген сауалнаманың қорытындысы төмендегідей болды: Арман көбіне географияға жақын болып, картамен жұмыс жасағанды, ізденпаз екендігі, оқулықтан тыс мәліметтер алып келуі бұл жерде оқушының пәнге деген қызығушылығы, дарындылығы көрінді.Ал Сәбина оған қарама қайшы қазақ тіліне, математика пәндерінде сайрап тұрғандары байқалды. Тек қана бойындағы ұяндық қасиеті, көпшілікпен тез араласып, өзінің жақсы қасиеттерін шығара білуге кедергі жасайды екен. Осы екі оқушының бойындағы дарындылықты осындай жолдармен аша білдім деп ойлаймын және оқушылардан талап ете білу үшін өзімді де оқытуым керек деген ойға келдім.Мен қазіргі заман талабына сай өз білімімді көтеріп, біліктілігімді арттыру керекпін. Сол үшін өмір бойы оқып, жаңа технологияларды меңгеруім керек сияқты. Осы бағдарлама кезінде алған білімдерім көп болды. Әр модульдің өзіндік ерекшеліктері мен тиімділігін түсіндік, әр сабағымда бір элементті болса да пайдалануға тырысып келдім. Алдағы уақытта да осы модульдерді әрі қарай тереңдетіп оқып, өзге сыныптардағы дарынды оқушыларды анықтай аламын деген ойдамын. Дарынды оқушыларды әр сабағымда көрсете білсем, өз пәніме деген қызығушылықтарын арттырып, пәнімнің сапасын артырамын деп ойлаймын. Соның негізінде оқушыларда өз бойындағы қасиеттерді, іште сақтамай, жүйелі де салалы білім алумен қатар, қоғамда орындарын тауып, үлкен әріптермен жазылар, бір –бір жеке тұлға болады деген үмітім бар. Сол арқылы асқар таудың шыңына жететіндіктері сөзсіз.
Әр оқушының жетістігі ол мұғалімнің жетістігі, ал, мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануда деп білемін. Демек мен қандай білім беріп, қалай оқытсам оқушылар да сол бағытпен жүреді деген сөз. Осының бір дәлелі Арманның интербелсенді тақтада өзінің шығармашылық жұмысын оқушыларға көрсете отырып, картамен жұмыс жасауы арқылы менің іс –қимылымды жасағандығы осы жерден байқалды. Яғни мен ең алдымен өзімді реттеуім керек, содан кейінғана оқушылардан талап ете аламын. Осының негізінде жеті модульді әр сабағымда қолдануым қажет екен. Абай атамыздың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей » деген мақалы бекер айтылмаған. Сол сияқты ерінбей еңбек етіп,әр модульдың қыр – сырын ұғына білемін деп ойлаймын. Сол үшін әдіс –тәсілдер ары қарай өз жалғасын тауып, әліде болса тереңірек, меңгерілсе екен деген тілегімде жоқ емес. Сондағана саналы да тәрбиелі ең басты Бәсекеге барынша қабілетті барыс текті ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдемін. Келешекте тапсырманы күрделендіру арқылы осы модульді пайдалана отырып оқушылардың қасиеттерін жетілдіру.
Сілтемелер.
Талантты және дарынды балаларды оқыту. (Мұғалімге арналған нұсқаулық) -72 бет
Талантты және дарынды балаларды оқыту. (Мұғалімге арналған нұсқаулық) – 13 бет
Экстернат (Мұғалімге арналған нұсқаулық) -75бет
Оқудың ынталандырушы және аффективті теориялары (мұғалімге арналған нұсқаулық) – 24 бет
Пішіндеу – «Жанама тәжірибе» (мұғалімге арналған нұсқаулық) – 26 бет
Мұғалім оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды? (мұғалімге арналған нұсқаулық) – 72 бет
Достарыңызбен бөлісу: |