Ж. Мусамнова,
Павлодар облысы, Ертіс ауданы,
№4 Ертіс ЖОББ мектебі,
бастауыш сынып мұғалімі.
"Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді" деп қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, жақсы мұғалім ең алдымен оқушының ішкі жан дүниесін жақсы түсіне білуге міндетті. Содан соң, жекелеген оқушылардың пәнді жете түсінуін, өзін бағалай алуын және оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болу керектігін үйрету қажет. Ұлы ақынымыз Абай: "Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті - ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" деп өз даналық ойлары арқылы кемел адам сипатына тән қасиеттерді көрсетіп кеткен. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім кеңістігінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы аталғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мәртебе әрі бақыт. Осы бастауышта мұғалім болып істеп келе жатқаныма біршама уақыт болды. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған орай, амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXІ ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Соның бір дәлелі - мен өткен жылы өз білімімді көтеріп, үш деңгейлік курстан өтіп, Кембридж бағдарламасын меңгеріп, жеті модуль бойынша сабақ өткізу әдіс - тәсілін үйреніп келдім. Мұғалім заман талабына сай болуы үшін ізденушілігі күннен-күнге артуда.
Себебі мұғалім алдыңда тұрған оқушының кез-келген сұрағына жан-жақты, мазмұнды оқушы қанағаттанарлықтай жауап беруі тиіс, әрі бұрынғы стандартқа сай сабақ беріп, оқушыны сабаққа қызықтыру мүмкін еместігін әрбір мұғалім жақсы түсінеді. Осыдан барып оқушының сабаққа ынтасын, қызығушылығын қалай арттыруға болады, ал баяу меңгеретін оқушыға қандай әдістемелік көмек көркетсем екен деген сұрақтар туындайды.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
компьютерлік технологияларды пайдалана отырып мықты, орташа және әлсіз оқушыға сабақта ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
оқушының есте сақтау қабілетін ескерту (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Оң мотивацияларды қалыптастыру - мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс-әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек.
Тәжірибе көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видео сабақтар, интернет-сабақ, спектакль-сабақ, экскурсия-сабақ және т.б. жатқызуға болады. Біз оқушыларға күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, шапшаң жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Өздеріңізге белгілі бүгінгі күні мектептеріміз соңғы үлгідегі мультимедиа кабинеттерімен, интерактивті тақталармен жабдықталуда, мұғалімдер компьютер, электрондық оқулықтар арқылы сабақ жүргізуге мүмкіндік алды. Бұл мұғалімнің ақпараттық құзырлылығын – яғни оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдана білуге жол ашты.
Ақпараттық технологияны қолданып интерактивті сабақ өткізу мұғалімге не береді?- деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді.
1. Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады
2. Білім сапасын арттыра алады
3. Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады
Ал, ақпараттық технолргияны қолдану оқушыға не береді?
Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады. Оқуға деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі
Уақытты үнемдейді
Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді
Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік
тудырады
Осы орайда жаңа форматта өткізілген өз тәжірибемде қолданған сабақ жоспарымның ұсынбақпын.
Бұл сабақ барысында оқушылардың белсенділік, қызығушылық деңгейі жақсы болады. Оқушылар топпен жұмыстанды. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Сабақтың кіріспе бөлімінде сыныптың білім деңгейін анықтау мақсатында оқушыларға жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар қоямын. Жаңа тақырыпты ашуда бейнесюжеттің маңызының жоғары екендігін білдім, қолдандым.
Кейін төрт топқа төрт түрлі тапсырма бердім. Берілген тапсырмалар бойынша топ жұмыстанды. Топтық ереже сақталды. Оқушылар жалпы топқа берілген тапсырмамен жұмыла жұмыстанады. Топтағы көшбасшының пікірін тыңдай отырып, ортақ келісімге келеді. Топтағы оқушылардың жай-күйін бақылап талдау жасап отырамын. Тапсырмалар орындатуда оқушылардың алға ұмтылысы мен қызығушылығының арта түскенін байқадым. Осындай жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар сұраққа жауап беруді үйренеді. Тапсырмаларды сенімді орындауды, белсенділікпен қатысуды үйренеді. Тақырыпты оқып үйренгендерін топқа берілген тапсырмалардан, жауаптарынан байқаймын. Сабақ үстінде бірнеше сұрақтар туындайды. Сұрақтың туындауы тақырыпты қызығушылықпен қатысқанын, соған байланысты тағы да біле түссем деген ойда туындалған сұрақ деп бағалаймын. Жалпы қолданылған әдістермен оқыту нәтижелі болды. Әсіресе АКТ-ны қолдану оқушының ойын толықтырып, жеткізуге септігін тигізді. Оқушылар өзіндік ой-пікірлерін ашық жеткізу дәрежесіне жетеді. Алдағы уақытта өз қызметіме, іс-әрекетіме сын көзбен қарап жүремін. Әр сабағыма жеті модульмен жұмыстанып, жауапкершілікпен қарауды жолға қоямын. Негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік берді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге мүмкіндігін ұлғайтты. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.
Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті тәсілді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып,, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің ақталғаны деп білемін.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым, 2012 ж. 72-73бет.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, үшінші басылым, 2012 ж. 18-19 бет.
Бастауыш мектепте дарынды және талантты оқушыларға арналған оқу жоспарын құру. Dаvіd Fultоn.
Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі, 1.2015ж. 56 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |