577
белгілер пайда болады.
Бҧл қҥбылыстардың негізгі себебі болып мида, тежегіш
медиаторлардың
(гамма-аминомай
қышқылы,
глицин)
аз
тҥзілуінен немесе оларды қабылдайтын нейрон беттеріндегі
рецепторлардың сезімталдығы тӛмендеуінен, орталық жҥйке
жҥйесінің тӛменгі бӛліктері мен тіндердің тежеуші
ықпалдан шығып кетуі байқалады. Ҧзақ гипоксия кезінде
орталық жҥйке жҥйесінде ӛте ауыр зат алмасулық және
функциялық бҧзылыстар байқалады. Онда алдымен қозу,
артынан тежелу ҥрдістері дамиды, рефлекстік әрекеттер
бҧзылады, тыныс алу және қанайналымы жҥйелерінің реттелуі
ӛзгереді. Ауыр гипоксия кездерінде адамның естен тануы,
сіңір тартылуы, тырыспа-селкілдек байқалады.
Гипоксия кезіндегі басқа мҥшелер мен жҥйелердің
бҥліністері:
● орталық жҥйке жҥйесінің реттеуші әрекеттерінің
бҧзылыстарымен;
● энергияның тапшылығымен;
● зат алмасуларының уытты ӛнімдері жиналуымен –
тҥсіндіріледі.
Оттегі жеткіліксіздігіне жҥйке жҥйесінен басқа жҥрек
еті
де
ӛте
сезімтал
болады.
Бҧл
кезде
жҥректің
қозымдылығы, ӛткізгіштігі және жиырылғыштыгы бҧзылады,
жҥрек соғуы жиілейді, оның ырғағы ӛзгереді, аритмия
дамиды.
Гипоксия кезінде ӛкпеде ауа алмасуы бҧзылады. Тыныс
алу ырғағы ӛзгереді, жиі ҥзілісті Чейн-Стокс тынысы
байқалады. Ас қорыту жҥйесінде гипоксияның әсерінен
асқазанның, ішектердің және ҥйқыбездің сӛл шығару,
қимылдық қызметтері әлсірейді.
Гипоксияның ауыр тҥрлерінде дене қызымы азаяды.
Ӛйткені: зат алмасуларының қарқыны тӛмендейді және
термореттелу тетіктері бҧзылады.
Достарыңызбен бөлісу: