Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Бауырдың ӛт ӛндіру және ӛт шығару қызметтерінің



Pdf көрінісі
бет490/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Бауырдың ӛт ӛндіру және ӛт шығару қызметтерінің 
бҧзылыстары.
Бауыр жасушалары ӛт ӛндіреді. Ӛттің қҧрамына ӛт 
қышқылдары, 
ӛт 
нілдері 
(пигменттері), 
холестерин, 
фосфолипидтер, май қышқылдары, Nа
+
, К
+
, Сl 

, СlO
3

, шырыш, 
су кіреді. Сонымен бірге, ӛтте қалқанша бездің гормондары, 
кейбір витаминдер (кобаламин, фолий қышқылы, ретинол, а-
токоферол) болады. Ӛтпен бірге кӛптеген эндогендік және 
экзогендік уытты ӛнімдер организмнен сыртқа шығарылады. 
Бауыр 
жасушаларында холестериннен ӛндірілетін 
ӛт 
қышқылдары ас қорытуда маңызды орын алады. 
Ӛт ӛндірілудің бҧзылыстары оның бӛлініп шығарылуы 
ҧлғаюымен немесе азаюымен кӛрінеді. Олардың себептері 
болып мына жағдайлар есептеледі: 
● ӛт ӛндірілуінің (холепоэздің) жҥйкелік-сҧйықтық 


585
реттелулерінің ӛзгерістері; мәселен, кезбе жҥйке қозғанда, 
ас қорыту жолдарының гормондары: секретин, холецистокинин, 
гастрин артық тҥзілгенде ӛт ӛндірілуі кӛбейеді; 
● ӛт жолдарының бҥліністері (гепатит, холангит
холецистит); содан ӛт жолдарында ҧзақ іркіліп қалудан 
бауыр жасушаларының ӛт ӛндіру қызметі тӛмендейді; 
● 
тағамдық 
заттар, 
кейбір 
дәрілік 
шӛптер 
мен 
препараттардың (майлы тағам, жҧмыртқа сарысы, жҥгері 
шашағы, сорбит) әсерлерінен ӛт ӛндірілуінің кӛбеюі болады; 
● организмде энергияның тапшылығына әкелетін ішкі және 
сыртқы ықпалдар (гипоксия, қызба, гипотермия, цианидтермен 
улану т.с.с.) ӛт ӛндірілуін тежейді; 
● ішектерде дисбактериоздар дамуы ӛт бӛлшектерінің (ӛт 
қышқылдары мен нілдерінің) бауыр мен ішектер арасындағы 
айналымын тежейді; 
Ӛттің 
ішекке 
шығарылуы 
(секрециясы) 
мен 
оның 
бӛлшектерінің ішектен кері сіңірілуі энергияны қажет 
ететін 
ҥрдістер. 
Сондықтан 
тіндерде 
энергияның 
тапшылықтығы осылардың бҧзылыстарына әкеледі. 
Бауыр мен ішектердің арасындағы ӛт бӛлшектерінің 
айналымы ішек микробтарының ферменттік белсенділігіне 
байланысты. Ішек микробтары ӛт қышқылдары мен тура 
билирубиннің биохимиялық ӛзгерістерін, артынан ашішектерде 
кері қанға сіңірілуін, қанмен бауырға оралуын және ӛтпен 
қайта шығарылуын қамтамасыз етеді. 
Ӛттің ішекке шығарылуының бҧзылыстары мына жағдайларда 
болуы мҥмкін: 
● ӛт ӛзектерінің жҥйкеленуі бҧзылуыннан (дискинезия, 
спазм); 
● ӛт шығарылуының сҧйықтық реттелулері ӛзгерістерінен 
(секретин, холецистокинин, мотилин артық ӛндірілгеңде ӛт 
шығарылу да кҥшейеді); 
● ӛт жолдарының сыртынан ӛспемен, тыртық тінмен т.б. 
қысылып қалғанда; 
● ӛт жолдары ішінен таспен, қҧрттармен, қою ӛтпен 
бітеліп қалғанында. 
Ӛт ӛндірілуі және оның ішекке шығарылуының бҧзылыстары 
сарғыштану және дисхолия тҥрлерінде кӛрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет