583
цистеинмен жҧп қосындылар қҧру арқылы улы заттар
уытсыздандырылады. Сонымен қатар
бауырда уытты заттардың
бейспецификалық
микросомалық монооксигеназа жҥйесімен
усыздануы. болады. Бҧл кезде, жорамал бойынша, улы зат
бауыр жасушаларының эндоплазмалық
торшаларына кіріп, Р
450
цитохромы қатысуымен сутегі иондарын байланыстырады. Содан
суда еритін қоспаларға айналады да, организмнен сыртқа
шығарылады.
Р
450
бауыр
жасушаларының
эндоплазмалық
торшаларының
қабығымен
байланысқан
гемопротеиндерге
жатады. Оның қатысуымен дәрілердің
алмасуы кезінде бос
радикалдар пайда болуы мҥмкін. Олар, дер
кезінде
бейтарапталмаса,
жасуша
нәруыздарымен
байланысып,
мембраналарында
май
қышқылдарының
асқын
тотығуын
туындатады.
Сондықтан
пайда
болған
бос
радикалдар
цитоплазмадағы
глутатион-S-трансфераза
ферменттерінің
қатысуымен глутатион байланыстырылады. Сонымен бірге,
микросомалық
уридиндифосфатглукуронилтрансфераза
және
цитоплазмадағы сульфотрансфераза ферменттерінің қатысуымен
глюкурон және кҥкірт қышқылдарымен жҧп қосындылар тҥзеді.
Осы кӛрсетілген тетіктердін бҧзылуы бауырдың уытсыздандыру
қызметінің әлсіреуіне әкеледі. Бҧл кезде организмде
аммиак, фенолдар т.б. уытты ӛнімдер жиналып қалады. Осыдан
мидың қызметтері бҧзылыстарымен
сипатталатын организмнің
уыттануы болып, бауырлық кома дамиды. Ол терең жҥйкелік-
жандҥниелік бҧзылыстармен, тырыспа-селкілдек дамуымен,
шартсыз рефлекстердің жоғалуымен, естен танумен т.б.
организмнің тіршілігіне қауіпті жағдайлармен сипатталады.
Бҧл кома
бауырдың кезкелген ауруларында, жиі вирустық
гепатитте,
бауырдың
уланудан
болатын
қауырт
дистрофияларында, оның беріштеніп қалуында (циррозында),
жіті қанайналымы бҧзылғанда т.б. жағдайларда дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: