Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет499/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Тәбеттің бҧзылыстары.
Тәбет қарын ашу сезімінен ерекше сезім. Ол адамның 
белгілі 
тамаққа 
аңсары 
аууы. 
Тәбет 
ашылуы 
тамақ 
қабылдаудың бірінші минӛттерінде, әсіресе кҥткен тағамның 
иісіне, тҥріне, тамақ қабылдайтын қоршаған ортаның 
әшекейлену жағдайларына пайда болады. Тәбет ашылуы ас 
қорыту жолдарының сӛл ӛндіру және қимылдық әрекеттерін 
сергітеді. 
Тәбеттің бҧзылыстары гиперорексия, гипорексия немесе 
анорексия, парорексия тҥрлерінде болуы мҥмкін: 
● тәбеттің кӛтерілуін 
гиперорексия
деп атайды (грек. 
hyper - жоғары, кӛтеріңкі, orexis - тәбет). Осыдан адам 
мен жануарлардың ашқарақтығы немесе полифагия (грек. poly 
- кӛп, phagein - жеу) пайда болады. Тәбет кӛтерілуінің ең 
ауыр тҥрін булемия (bus - ӛгіз, limos - аштық) немесе 
мешкейлік 
деп 
атайды. 
Тәбеттің 
кӛтерілуі 
мидың, 
эндокриндік бездердің аурулары (невроздар, тиреотоксикоз, 
қантты диабет, инсулинома т.б.) кездерінде, асқазанның 
жҥрек жақ бӛлігін хирургиялық тәсілмен отап тастағанда 
байқалады. Тамақты кӛп қабылдаудың нәтижесінде дененің 
семіруі, 
осыдан 
қантты 
диабет, 
атеросклероз, 
зат 
алмасуларының бҧзылыстары, артериялық гипертензия дамуына 
қолайлы жағдайлар пайда болады. 
● тәбеттің азаюын немесе болмауын 
гипорексия
немесе 
анорексия
(грек. an - жоқ, жоққа шығару, orexis - тәбет) 
деп атайды. 
Тәбеттің азаюы немесе оның болмауы: 
♣ ас қорыту жолдарының қабынуларында; 
♣ тәннің уыттануына және дене қызуы кӛтерілуіне 
әкелетін кӛптеген жҧқпалы аурулар кездерінде; 
♣ дене ағзаларына ӛспе дамығанда; 


595
♣ 
кейбір 
эндокриндік 
бездердің 
ауруларында 
байқалады. 
Сонымен қатар ми қызметтерінің бҧзылыстары, жағымсыз 
кӛңіл-кҥйлер тәбеттің тӛмендеуін туындатады. Ҧзақ уақыт 
тәбетгің болмауы адамның жҥдеуіне, зат алмасуларының 
бҧзылыстарына әкеледі. Осы кӛрсетілгендерге байланысты 
анорексияның бірнеше тҥрлерін ажыратады: 
♣ уытты анорексия - созылмалы жҧқпалы аурулар 
кездерінде (туберкулез т.б.), қатерлі ӛспе ауруларында 
және химиялық заттармен тәннің уыттануларынан дамиды; 
♣ диспепсиялық анорексия - ас қорыту жолдарының 
аурулары кездерінде олардың сӛлдері аз бӛлінуінен болады; 
♣ психогендік анорексия - жағымсыз эмоциялар мен жан 
жарақаттары мен кҥйзелістері, ауыр қайғы-қасіреттер, 
әйелдердің 
семіріп 
кетуден 
қорқыныш 
сезімі 
т.б. 
жа5дайлардан дамиды; 
♣ нервтік рефлекстік анорексия - қатты ауыру сезімі, 
жиіркенішті тамақтың иісі т.с.с кездерде байқалады. 
● бҧрмаланған тәбет - 
парорексия
(грек. para - 
ауытқыған, orexis - тәбет) делінеді. Бҧл кезде адам жеуге 
жарамайтын заттарды (бор, топырақ, кӛмір т. с. с.) жейді. 
Парорексия дәмдік талдағыштардың орталық және шеткері 
бӛліктерінің, кейде уақытша, бҥліністерінен дамиды. Сол 
себептен кейбір есі ауысқан адамдар, тәнінде темірдің 
тапшылығы бар әйелдер, жас балалар бор, ҥйдің әгін жейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет