Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Асқазан мен ҧлтабардың ойық жара ауруы



Pdf көрінісі
бет512/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Асқазан мен ҧлтабардың ойық жара ауруы.
Бҧл ауру асқазан мен ҧлтабардың шырышты қабықтарында 
баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады. 
Ол кӛптеген асқынуларға әкелуі мҥмкін. Солардың 
ішінде: 
● ойық жараның жиі қанауы; 
● кӛрші ағзаларға жарып ӛтуі (пенетрациясы); 
● тесіліп кетуі (перфорациясы); 
● обыр ӛспесіне айналуы организм ҥшін ӛте қауіпті. 
Сонымен бірге, асқазан мен ҧлтабардың ойық жара ауруы 
жиі анемия дамуына әкеледі. 
Ҧлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан 
ҥш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда 
байқалады
Этиологиясы. 
Асқазан мен ҧлтабарда ойық жара пайда 
болуында тҧқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы бар. 
Ҧлтабардың ойық жарасы «О» қан тобы бар адамдарда, 
асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек 
кездеседі. 
Бҥгінгі кҥні асқазанның, әсіресе ҧлтабардың, ойық жара 
ауруы пайда болуында Не ІісоЬасter pylori аталған микробқа 
маңызды орын беріледі. Ол ҧлтабардыи ойық жарасынан 95-
100% жағдайда, асқазанның ойық жарасынан 70% жағдайда 
табылады. 
Сонымен қатар, бҧл ауру пайда болуында әртҥрлі жиі 
қайталанатын ауыртпалықтардың (стрестік жағдайлардың, жан-
дҥниелік кҥйзелістерінің, жағымсыз кӛңіл-кҥйлердің) маңызы 
бар. Мәселен, тәжірибелік жануарларды қатты тартып 
тақтайға байлап тастағанда (иммобилизациялық стресс), 
электр 
ағымымен 
ауыртып 
соққанда 
т.с.с. 
стрестік 
жағдайлармен әсер еткенде асказанда жара дамитыны белгілі. 
Патогенезі. 
Бҧл аурудың патогенезінде асқазан мен 
ҧлтабарға әсер ететін бҥліндіргіш және қорғаныстық 
ықпалдардың арасындағы тепе-теңдіктің бҧзылуы маңызды. 


611
Жағымсыз 
эмоциялардың 
т.б. 
стрестік 
жағдайлардың 
әсерлерінен организмде стресс дамытатын адренергиялық 
жҥйенің белсенділігі артады. Бҧл кезде аденогипофизбен 
кортикотропиннің, бҥйрек ҥсті бездерінің сыртқы қабатымен 
глюкокортикоидтық 
гормондардың 
ӛндірілуі 
кӛбейеді. 
Эксперименттік 
иттерде 
ӛткізілген 
тәжірибелерде 
осы 
гормондарды енгізудің нәтижесінде асқазан сӛлінің шығуы 
және оның қышқылдығы ҧлғаятыны, онда қорғаныстық қызмет 
атқаратын шырыштың азаятыны кӛрсетілді. Осы гормондармен 
ҧзақ емделген науқастардың асқазаны мен ҧлтабарында ойық 
жара ауруының асқынуы және жиі жаңа жаралар пайда болатыны 
белгілі. Қазіргі кҥні стрестік жағдайлардың нәтижесінде 
асқазан 
мен 
ҧлтабардың 
жасуша 
мембраналарында 
май 
қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза ферментінің 
белсенділігі 
қатты 
кӛтерілуі, 
биомембраналардың 
бҥліністеріне 
әкелетіні 
белгілі. 
Лизосомалардың 
мембраналары бҥлінуі нәтижесінде протеолиздік гидролазалар 
(қышқыл фосфатаза, ДНК-аза, РНК-аза, катепсин Д т.б.), 
лаброциттердің мембраналары бҥлінуіне байланысты қабыну 
медиаторлары (гистамин, серотонин т.б.) босап шығады. 
Осылардың әсерлерінен асқазан мен ҧлтабардың шырышты 
қабықтары жасушаларының қҧрылымдық бҧзылыстары пайда 
болады. 
Сонымен бірге, глюқокортикоидтық гормондардың және 
катехоламиндердің 
әсерлерінен 
артериалық 
тамырлардың 
жиырылуы болатыны белгілі. Осыдан асқазан мен ҧлтабардың 
шырышты қабықтарының қанмен қамтамасыз етілуі бҧзылады. 
Осыдан асқазан мен ҧлтабарда жаралардың жиі пайда болуы 
байқалады. 
Шын мӛнінде, ас қорыту жолдарында жаралар, әртҥрлі 
жарақаттар пайда болып және тез жазылып тҧрады. Ӛйткені 
асқазан мен ҧлтабардың шырышты қабықтарының бҥліністен 
кейінгі қалпына келу мҥмкіншіліктері (регенерациялық 
қабілеті) 
ӛте 
жоғары 
болады. 
Қазіргі 
гистоавторадиографиялық тәсілдермен асқазанның шырышты 
қабықтарының жасушалары 2-3 кҥнде жаңарып тҧратыны 
дәлелденді. 
Осыған 
байланысты 
анда-санда 
кездесетін 
стрестер кездеріндегі пайда болған жаралар тез бітіп 
кетеді. 
Сайып 
келгенде, 
жан 
кҥйзелістері 
т.б. 
стрестік 
жағдайлар қазіргі адамдардың тіршілігінде кең тараған 
гиподинамиямен қабаттасып, асқазанның жергілікті жаңартылу 
мҥмкіншіліктерін тӛмендетіп, асқазан мен ҧлтабардың ойық 
жара ауруына әкелуі мҥмкін. 
Бҧл аурудың даму жолдарында, кӛрсетілгендерден басқа, 
жергілікті тіннің тӛзімділігін тӛмендететін бҥліністік 


612
және 
оны 
арттыратын 
қорғаныстық 
ықпалдардың 
ӛзара 
қатынастары бҧзылуы маңызды орын алады. Асқазан мен 
ҧлтабардың шырышты қабығын бҥліндіретін ықпалдарға: 
● He licobacter pylori болуы; 
● асқазан сӛлінің қышқылдығы мен қорыту қабілетінің 
кӛтерілуі; 
● асқазанның шырышты қабығын қышқылдан қорғайтын шырыш 
тосқауылының бҧзылуы; 
● асқазан мен ҧлтабар қабырғаларының қанмен қамтамасыз 
етілуі бҧзылуы; 
● 
ас 
қорыту 
жолдарының 
регенерациялық 
қабілеті 
тӛмендеуі; 
● 
асқазан 
мен 
ҧлтабар 
тіндеріне 
аутоиммундық 
серпілістер дамуы – жатады. 
He licobacter pylori уреаза, липополиқанттар және 
цитотоксин 
т.б.ӛндіреді.Олар 
асқазан 
мен 
ҧлтабардың 
кілегей 
қабығында 
қабыну 
дамытады. 
Содан 
қабыну 
медиаторлары босап шығады. Қабыну ошағына лейкоциттердің 
тамырдан шығуы болып, олар фагоцитоздық қызмет атқарады. 
Бҧл кезде еркін радикалды тотығу артып, оттегінің бос 
радикалдары 
жиналады. 
Бҧлар 
эпителий 
жасушаларының 
мембраналарын 
бҥліндіреді. 
Сонымен 
бірге, 
қабыну 
медиаторларының әсерлерінен G-жасушаларының белсенділігі 
артып, 
гастрин 
артық 
ӛндіріледі. 
Гастрин 
іргелік 
жасушаларда 
тҧз 
қышқылы 
ӛндірілуін 
кӛбейтіп, 
гиперхлоргидрия дамытады. Осыдан асқазан мен ҧлтабарда 
ойық жара дамиды, асқазанның қабынуы одан сайын ҥдейді, 
кейде онда обыр ӛспесі ӛсуі ықтимал. 
Асқазан мен ҧлтабардың ойық жара ауруының даму жолында 
қарын сӛлінде тҧз қышқылының кӛбеюі мен пепсиннің 
белсенділігі 
артуының 
маңыздылығына 
мына 
дәлелдерді 
келтіруге болады: 
♣ тәжірибелік жануарларда асқазанның сӛл шығаруын 
және 
қышқылдығын 
кӛтеруге 
әкелетін 
дәрі-дәрмектерді 
(пентагастрин, гистамин, резерпин т.б.) енгізу немесе 
кезбе жҥйкені ҧзақ қоздыру арқылы асқазан мен ҧлтабардың 
жарасын алуға болады; 
Асқазан сӛлінде тҧз қышқылының кӛбеюі кезбе жҥйкені 
артық қоздырғанда, бомбезин тәрізді пептид пен гастриннің 
артық ӛндірілгеніненде байқалады. Сондықтан асқазан мен 
ҧлтабардың ойық жара ауруын емдеу ҥшін холинергиялық 
рецепторларды дәрі-дәрмектермен (холиндік тежегіштермен) 
тежеу, кейде хирургаялық оташылық жасап, асқазанға келетін 
кезбе жҥйкенің тармақтарын кесу кеңінен қолданылады; 
♣ асқазанда гастриннің артық ӛндірілуіне әкелетін 
гастринома ӛспесі (Золлингер-Эллисон синдромы, 1955) 


613
кезінде тҧз қышқылының ӛндірілуі кӛбейіп, пептикалық ойық 
жара жиі дамиды; 
♣ ойық жара ҧлтабар мен қарынның ҧлтабарға ауысуына 
жақын жерлерінде орналасқанында кӛптеген науқас адамдарда 
асқазан сӛлінің қышқылдығы және қорыту қабілеті жоғары 
болады. Бҧл ойық жара даму жолында пепсиннің белсенділігі 
кӛтерілуінің маңызын кӛрсетеді; 
♣ хирургиялық оташылық тәсілдермен (асқазанның 
ҧлтабарға ауысатын жерін байлап тастау немесе тарылту, 
ҧйқы безінің сӛлі мен ӛттің тҥсу орнын ішектердің тӛменгі 
бӛліктеріне ауыстыру т.б.) ас қорыту сӛлдерінің табиғи ағу 
жолдарын бҧзғанда жануарларда асқазан сӛлінің шығуы, оның 
қышқылдығы мен қорыту қабілеті кӛтеріліп, қарында жиі ойық 
жаралар пайда болады. 
Бҧл келтірілгендер асқазан мен ҧлтабарда ойық жара 
дамуында асқазан сӛлінің қышқылдығы мен оның қорыту 
қабілеті кӛтерілуінің маныздылығын кӛрсетеді. Шын мәнінде 
қышқыл болмаса ойық жарада болмайды (Шварц). 
Асқазанның кілегей қабығын жауып тҧратын шырыш ҥлкен 
қорғаныстық қызмет атқарады. Жануарлардың асқазанына 
салицилаттарды, ӛт т.с.с. заттарды енгізу арқылы осы 
шырыштық тосқауылды бҧзып, простагландиндер Е тҥзілуін 
тежеп, жаралардың пайда болуын байқауға болады. 
Ас 
қорыту 
жолдарының 
регенерациялық 
қабілеті 
жеткілікті болу ҥшін организмде ДНК-, РНК-, нәруыздардың 
тҥзілуі қалыпты деңгейде сақталуы қажет. Сондықтан ойық 
жара ауруының дамуы ҥшін нәруыздар тҥзілуінің тӛмендеуі 
маңызды орын алады. Мына жағдайларда: 
♣ май қышқылдарының гидроасқын тотықтары және 
глюкокортикоидтық 
гормондар 
жасуша 
ядросының 
хроматиндеріне әсер етіп, нәруыздар тҥзілуін тежейді; 
♣ ҧзақ гиподинамияның нәтижесінде бҧлшықеттердің 
әлсіреуінен организмде ДНК, РНК, нәруыздар тҥзілуі азаяды; 
♣ 
ҧзақ 
гиподинамияның 
нәтижесінде 
қҧрсақ 
бҧлшықеттерінің тынысқа қатыспауынан, кӛкеттің тыныс алу 
кезінде 
аз 
тербелістерінен 
асқазан 
мен 
ішектерде 
микроциркуляциялық қанайналым азаяды. Сондықтан олардың 
қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етілуі бҧзылуы, 
дистрофиялық, бҥліністік ӛзгерістерге әкелуі мҥмкін. Бҧл 
да нәруыздар тҥзілуі бҧзылуының бір себебі бола алады. 
Сонымен бірге, асқазан мен ҧлтабар жасушаларына 
аутоантиденелердің пайда болуы, аутоиммундық серпілістерге 
әкеліп, оларда жаралардың дамуын қамтамасыз етуі ықтимал. 
Осы 
келтірілген 
бҥліністік 
ықпалдармен 
қатар 
асқазанның кілегей қабығын қорғайтын қорғаныстық ықпалдар 
болады. Оларға: 


614
● оның ҥстінгі бетін жауып тҧратын және сутегі 
иондарынан оқшаулайтын, қҧрамында гидрокарбонат аниондары 
бар, шырышты тосқауылдың тҧтастығы; 
● простагландиндер Е
1
және Е

жеткілікті тҥзілуі; 
● асқын тотықтарды бейтараптайтын антиоксиданттық 
жҥйенің қалыпты болуы; 
● ас қорыту жолдарының репарациялық қабілетінің жақсы 
болуы; 
● асқазан мен ҧлтабардың қанмен жеткілікті қамтамасыз 
етілуі – жатады. 
Егеуқҥйрықтарға 
Е
1
және 
Е
2
простагландиндерді 
енгізгенде оларда ойық жара дамымайтыны байқалды. 
Простагландиндердің әсерінен: 
♣ асқазаның қан тамырлары кеңіп, оның қоректенуі 
жақсартады; 
♣ лаброциттердің тҥйіршіксізденуі азаяды; 
♣ іргелік жасушалардың қызметі тӛмендеп, тҧз қышқылы 
ӛндірілуі азаяды; 
♣ шырыш пен бикарбонат анионы ӛндіріліп шығарылуы 
артады; 
♣ жасушалардың ӛсіп-ӛнуі жақсарады. 
Асқазанның 
ӛзіндегі 
қорғаныстық 
тетіктерге 
антиоксиданттық 
ферменттердің 
(супероксиддисмутаза, 
каталаза, глютатионпероксидаза т.с.с.) тҥзілуі жатады. 
Эпителий жасушаларының жоғары регенерациялық қабілеті 
асқазан мен ҧлтабардың қабырғаларында микроциркуляцияның 
қалыпты 
болуынан, 
простагландиндердің 
әсерінен, 
эпидермистің, α-трансформациялық т.с.с. ӛсу факторларының 
әсерлерінен байланысты болады. Эстрогендер мен секретин 
асқазан мен ҧлтабардың ойық жара ауруы дамуын тежейді. 
Сайып келгенде, ойық жара ауруы дамуы ҥшін асқазан 
сӛлінің қышқылдығы жоғарылауынан оның ӛзін-ӛзі қорыту 
қабілеті кӛтерілуімен қатар, осы кӛрсетілген жергілікті 
қорғаныстық тетіктердің жеткіліксіздігі болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет