стеаторея
(лат. stear, atos - май, rheo - ағу) дейді.
Ішекте сіңірілмеген май тағамдық заттарды қоршап алып,
оларға
протеолиздік
және
амилолиздік
ферменттердің
әсерлерін әлсіретеді.
Сонымен қатар, ӛт ішекке тҥспеуінен немесе аз тҥсуінен
617
кӛрсетілген ферменттердің белсенділігі азаяды. Ӛйткені
қалыпты жағдайда ӛт асқазаннан тҥскен қышқыл тағамды
бейтараптап, ферменттердің әсер етуіне қолайлы жағдай
туындатады.
Ӛт ішекке тҥспеуінен ішектердің қимылдық әрекеттері
бҧзылады, іш
қатып, дәрет жҥрмейді. Осыдан ӛтгің
бактерияларды жоятын әсері болмағандықтан ішек ішінде
тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі кӛбейеді.
Ішектерде газдар жиналып, іш кебу (метеоризм) дамиды.
Артынан іш ӛтулері болады.
Сонымен қатар, майлардың сіңірілмеуі нәтижесінде майда
еритін витаминдер де сіңірілмейді. Сондықтан А, Е, К, Д
витаминдерінің жеткіліксіздігі дамиды.
Кӛрсетілген қҧбылыстар ахолия кезінде ӛте айқын, ал
гипохолия кезінде біршама аз болуы мҥмкін.
Тағамның қуыстық ыдыратылуының қатты бҥліністері
ішекке ҧйқы безінің сӛлі тҥсуі бҧзылғанда байқалады. Ҧйқы
безі сӛлінде кӛптеген ас қорыту ферменттері болады. Ол
ферменттердің басымы протеолиздік ферменттерге (трипсин,
химотрипсин, эластаза, карбоксипептидаза, РНК-аза, ДНК-
аза, калликреин т.с.с.) жатады. Сонымен бірге онда
кӛмірсуларын
ыдырататын
α-амилаза,
майлардың
және
фосфолипидтердің ыдыратылуын қамтамасыз ететін липаза,
фосфолипаза т.б. болады.
Бҧл ферменттердің кӛпшілігі ҧйқы безінен ішекке
әсерсіз тҥрлерінде тҥседі. Ҧйқы безінің сӛл бӛліп шығаруы
және
ондағы
ферменттердің
белсенділігі
ішектерде
ӛндірілетін
пептидтік
гормондармен
(секретин,
холецистокинин,
химоденин,
энтерокиназа
т.с.с.)
реттелінеді. Мәселен, ішек сӛлінің ферменті энтерокиназа
ҧйқы безінің трипсиногенін әсерлеп, трипсинге ауыстырады.
Трипсин басқа протеолиздік ферменттер мен фосфолипаза А
ферментін әсерлендіреді.
Ҧйқыбез сӛлі ӛндіріліп шығарылуының бҧзылыстары мына
жағдайларда байқалады:
● ҧйқы безінің жіті және созылмалы қабынуларында
(панкреатиттерде);
● ҧйқыбездің некрозында;
● ҧйқы безінде ӛспе дамығанда;
● ҧлтабардың қабынуы (дуоденит) кезінде;
● ҧйқы безінің ӛзегі тарылып, бітеліп қалуында немесе
сыртынан ӛспемен қысылып қалғанында;
● ҧтабарда ҧйқы безінің сӛл бӛлуін реттейтін пептидтік
гормондардың ӛндірілуі бҧзылғанда.
Ҥйқы
безінің
сӛлі
ішекке
тҥспегенде
липазаның
болмауынан тағаммен тҥскен майлардың 60-80%-ы қорытылмай
618
ҥлкен дәретпен шығарылады. Протеолиздік ферменттердің
жеткіліксіздігінен
нәруыздық
заттардың,
нуклеин
қышқылдарының
ыдыратылуы
бҧзылады.
Амилолиздік
ферменттердің
жетіспеуінен
кӛмірсуларының
ыдыратылуы
бҥлінеді. Осылардың нәтижесінде ас қорыту жеткіліксіздігі
дамиды.
Ҧйқыбездің
және
оның
сӛл
шығаратын
ӛзектерінің
тҧтастығы
бҧзылганда
оның
ферменттері
айналасындағы
тіндерге ӛтіп, олардың некроздарына әкеледі. Протеолиздік
ферменттер қанға тҥскенде артериалық қысым қатты тӛмендеп,
коллапс дамуы ықтимал. Бҧл жиі ҧйқыбездің жіті қабынуында
(панкреатит) байқалады және адамның ӛліміне әкелуі мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |