Ішектердің сіңіру қызметінің бҧзылыстары Тағамдық заттар мономерлерге дейін ыдырағаннан соң
ашішектерде сіңіріледі. Астың мембраналық ыдыратылуы мен
жасушалардың сыртқы мембраналары арқылы сіңірілуі және
қанмен тағамдық заттардың тасымалдануы тығыз байланысты.
Сондықтан
астың
мембраналық
ыдыратылуының
бҧзылыстарына әкелетін барлық ықпалддар ішектерде тағамның
сіңірілуін бҧзады.
Ашішекте сіңірілудің бҧзылуын
мәлабсорбция синдромы (фран. mal - ауру, дерт , лат absorptio - сіңіру) деп
атайды. Бҧл кезде бір немесе бірнеше тағамдық заттардың
сіңірілуі бҧзылуы мҥмкін.
Мәлабсорбция синдромы - деп кӛбінесе ас қорыту ферменттерінің жеткіліксіздігінен ішектерде тағамдық заттардың сіңірілуі бҧзылыстарын және сіңірілген заттардың ішек қабырғаларындағы қанмен, лимфамен тасымалдануы бҧзылыстарын айтады .
Мәлабсорбция синдромының даму жолдарында астың қуыстық
және мембраналық ыдыратылуларының бҧзылыстары маңызды. Бҧл
синдром ҥш сатыда ӛтеді:
● оның бірінші
билиарлық (лат. bilis - ӛт) сатысында
липидтердің ыдыратылуы мен тасымалдануы бҧзылады. Ол
ішекке ӛттің жеткіліксіз тҥсуінен, ішекте дисбактериоз
болғанда, ӛт қышқылдарының қҧрамы ӛзгеруінен және олардың
алмасуы бҧзылыстарынан дамиды;
● екінші
жасушалық (целлюлалық) сатысы ашішектің
әртҥрлі аурулары, әсіресе шырышты қабықтарының атрофиясы,
кездерінде сіңіруге жауапты қҧрылымдардың бҥліністерінен
дамиды. Бҧл кезде ішектің шырышты қабығының беттеріндегі
сіңіруге қажетті микросаңылаулардың диаметрі кішірейеді.
Ішек қабырғаларындағы жасушалардың эндокриндік қызметтері
бҧзылыстарынан
астың
ыдыратылуы
мен
тасымалдануының
гормондық реттелуі бҧзылады;.
● ҥшінші
тасымалдау сатысы ішектерде лимфа ағуы мен
шажырқайлық
қанайналымы
бҧзылыстарында
сіңірілген
заттардың ішкі ағзаларға тасымалдануы нашарлайды.
Мәлабсорбция синдромы біріншілік, тҧқым қуатын және
салдарлық, жҥре пайда болған болып ажыратылады. Барлық
жағдайларда ас қорыту ферменттерінің әсерсізденуі мен ішек
бҥрлерінің қҧрылымдық ӛзгерістері орын алады.